Балуан Анатолий Быков (оң жақта)

Олимпиада-80: қазақстандық балуан Анатолий Быков қалай күміс жеңіп алды

172
(Жаңартылды 08:07 23.07.2020)
Грек-рим күресінен сайыс финалында қазақстандық балуан күтпеген жерден венгриялық Ференц Кочиштен жеңілді

23.07.1980. Осыдан қырық жыл бұрын, осы күні қазақстандық спортшы Анатолий Быков 1980 жылғы жазғы Олимпиадада грек-рим күресінен күміс медаль жеңіп алды.

Анатолий Быков өз өміріндегі екінші Олимпиадаға жолдаманы 1980 жылы алды. Ол бір жыл бұрын ауыр жарақат алғанына қарамастан, КСРО чемпионы атанды. Осылайша, қазақстандық балуан Мәскеу Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.

Олимпийский чемпион по классической борьбе Анатолий Быков (справа). Весовая категория до 74 килограммов. VII летняя Спартакиада народов СССР в спортивном комплексе ЦСКА.
© Sputnik / Дмитрий Донской
Классикалық күрестен Олимпиада чемпионы Анатолий Быков (оң жақта). 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

Күміске жету жолында Быков жеті айқас өткізді, олардың алтауында жеңіске жетті.

Сонымен қатар, алматылық балуан басты қарсыластары - Витезслав Маха мен Янко Шоповты ұтты. Финалда Анатолий күтпеген жерден венгр Ференц Кочиштан жеңіліп қалды. Нәтижесінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болды.

"Он мың қазақ отырғандай көрінді": Үшкемпіров ең тартысты жекпе-жегі туралы айтты 

Естеріңізге сала кетейік, дәл сол Ойындарда Жақсылық Үшкемпіров пен Шәміл Серіков грек-рим күресінен КСРО құрамасы сапында екі алтын жеңіп алған еді.  

Айта кетейік, Монреальда өткен 1976 жылғы Олимпиадада Быков алтыннан алқа таққан болатын. Осы ойындарда ол өзінің басты қарсыластарының бірі - чехословакиялық балуан Витезслав Маханы жеңді.

172
Кілт сөздер:
Мәскеу, олимпиада чемпионы
Тақырып бойынша
Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар
Қырық жыл бұрын Жақсылық Үшкемпіров Олимпиада алтынын қалай жеңіп алды
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

24
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

24
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

1986
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

1986
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Арыс қаласындағы тұрғын үйді қалпына келтіру

Арыс қаласына бөлінген қаржыны ұрлаған БҚО шенеуніктері ұсталды

0
(Жаңартылды 18:39 07.08.2020)
Әкімдік қызметкерлері 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген қыруар қаражатты ұрлаған шенеуніктерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру фактісі бойынша "БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Олар Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып, жымқырған", - деді Биғайдаров онлайн брифингте.

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласында әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты. Оның екеуі әскери қызметкер болса, екеуі жергілікті тұрғын. Оның бірі жасөспірім.

Оқи отырыңыз: Арыс оқиғасы: министр "табиғи нәрсе" деген сөзді дұрыс аудармағандарға шүйлікті

Төрт айдан кейін Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды. Жарылыс салдарынан Арыс қаласындағы жүздеген тұрғын үй мен нысандарға едәуір зақым келіп, қоймаға жақын орналасқан ғимараттар қирап қалды.

0
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық, жемқорлық, пара
Тақырып бойынша
Жедел жәрдем бригадасы Арыс тұрғынын тірілтіп алды
Арыс оқиғасы: 55 мыңнан астам тұрғынға  бір реттік өтемақы беріледі
"70 бала сыйып кетті": Арыс қаһармандары жарылыс кезінде не істегендерін айтты
Шөкеев Арыс тұрғындары туралы: жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды
Арыс қаласына 14 мыңнан астам тұрғын оралды - видео