Мәскеу Олимпиадасында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты

Олимпиада-80: қазақстандық қалай VIP-қонақтардың аудармашысы болғанын айтып берді

100
Алмас Чукин ММУ-де оқып жүрген кезінде Олимпиадаға шақырылған VIP-қонақтардың жеке аудармашысы болған. Қазақстандық Sputnik-ке берген сұхбатында Мәскеуде өткен ойындар туралы естелігін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik, Данара Құрманова. Белгілі қаржыгер Алмас Чукин 1980 жылғы Олимпиадада құрметті қонақтарды жеңімпаздарды марапаттау салтанатына қатысуға қалай көндіргенін және орыс мақал-мәтелдерін ағылшын тіліне қалай аударғанын айтып берді.

1978 жылы Мәскеу Олимпиадасына дайындалу барысында КСРО билігінің алдында "шетелдік қонақтарға қалай қызмет көрсетеміз?" деген мәселе туындады. Кеңес Одағында ағылшын тілі кең тарамаған еді: дүкендер, қонақ үйлер мен мейрамханаларда ағылшынша сөздік қор "please" (пожалуйста) дегеннен әрі аспайтын. Билік тіл мәселесін Мәскеудің жетекші жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің көмегімен шешуге бел байлады. Жастарға ағылшын тілін үйретті.

Алмас Чукин
© Photo : Из личного архива Алмаса Чукина
Алмас Чукин

Қазақстандық экономист (Бішкектен шыққан) Алмас Чукин сол уақытта Мәскеу мемлекеттік университетінде білім алатын. Ол Олимпиадаға келген VIP-қонақтардың жеке аудармашысы болды.

Бәрі "ОК" болады

ММУ студенттеріне Олимпиадаға аудармашылар қажет екенін дүбірлі додаға екі жыл қалғанда айтты.  

"Шетелдік қонақтар көп келеді, олармен бірге жұмыс істегісі келетіндер курсқа жазылып, емтихан тапсыруы керек деді. Осыдан кейін мен курсқа жазылдым", - деп еске алды Алмас Чукин.

Бішкекте арнайы мектепті тәмамдаған Чукин үшін курстағы оқу оңайға соқты. Жас жігіт ағылшын тілін ММУ-ге түспей тұрған кезінде үйренген, студенттік жылдары ол тек тәжірибе жинады: құрылыс отрядының орнына "Спутник" жастар туризмі бюросына жазылып, аудармашы болып қызмет етті.

Удостоверение гида-переводчика для Олимпийских игр
© Photo : Из личного архива Алмаса Чукина
Гид-аудармашының Олимпиада ойындарына арналған куәлігі

"Жаз бойы туристерге Мәскеуді таныстырып, емін-еркін сөйледім, - дейді Чукин.  – Сондықтан емтихан тапсырғаннан кейін студенттерді бөлгенде, мені Олимпиаданың VIP қонақтарының аудармашысы етіп тағайындады".

Құрметті қонақтардың жеке аудармашысы – өте маңызды лауазым. Тіпті,  құжаттардың өзі ерекше үлгімен толтырылатын. Куәлікте бас әріптермен "ОК" деп жазылды.

"Бұл менің әр жерге еш қиындықсыз кіріп-шыға алатынымды білдірді", - деп түсіндірді Чукин.

Удостоверение гида-переводчика для Олимпийских игр
© Photo : Из личного архива Алмаса Чукина
Олимпиада аудармашысы Алмас Чукиннің бейджі

Қауіпсіздік мақсатында қатардағы аудармашылар тек өз деңгейіндегі қонақтарға ғана бара алатын.

"Ал VIP-қызметкер үшін барлық есік ашық. Мұндай куәлік екінің бірінде бола бермейтін, - деп жалғастырды ол Sputnik-пен әңгімесін. -Мен оны әлі күнге дейін сақтап жүрмін".

Сары костюм – абырой-беделдің белгісі

Алмас Таласұлы құрметті қонақтардың аудармашылары киген форманы сақтай алмағанына әлі күнге дейін өкінеді.

Олимпиада кезінде сары түсті униформа абырой-беделдің символы саналатын. Оның үстіне костюм франциялық өндірістен шыққан, сол себепті барлық VIP аудармашы оны зор мақтанышпен киді.

"Бірақ, тігіншілер костюмдердің өлшемінен қателесті. Бүкілі үлкен болып шықты. Сондықтан біз оны өзімізге шақтап, қысқартып алдық", - деді ол.

Тағы оқыңыз: "Он мың қазақ отырғандай көрінді": Үшкемпіров ең тартысты жекпе-жегі туралы айтты

Аудармашылардың бәтеңкемен де жолы болмады – сапалы, бірақ үлкен болған.  

"Аудармашылардың базасы "Космос" қонақ үйі болды. Қонақ үйге бірінші күні сары костюм мен сол аяқ киімді киіп келгенім есімде. "Космостан" бізді арнайы автобуспен "Шереметьевоға" –  қонақтарды қарсы алуға жіберді",- деді Чукин.

Жұмыс уақытының негізгі бөлігін аудармашылар "Лужники" аренасында өткізген. Онда құрметті қонақтарға арналған үлкен ложа орналасты. ММУ-дің біраз студенті сол уақыттары кейбір дүниелерді алғаш рет көріп, дәмін татты. Мәселен, Олимпиадаға демеуші болған Хайнекен сырасы немесе тауық етінен дайындалған кішкентай кәуаптар.

"Ол кезде біз үшін көп дүние таңсық болатын. Сол жағынан Олимпиада біз үшін көңілді өтті", - дейді Алмас Таласұлы.

Лорд Килланинмен таныстық

Әр құрметті қонақтың жеке аудармашысы болды. Алмас Чукиннің бір досы "Адидас" бастығымен, тағы біреу жапониялық "Мидзуно" спорт аяқ киімі брендінің жетекшісімен жұмыс істеген. Ал өзіне танымал америкалық жеңіл атлет Роберт (Боб) Бимон бұйырыпты. Спорт түрлерінің ішінде жеңіл атлетикаға қатты қызығатын Чукиннің қуанышында шек болмаған.

© Sputnik / Vladimir Vyatkin
КСРО республикаларының өкілдері Мәскеуде жазғы Олимпиада ойындарының қонақтарын қошеметтеп қарсы алуда, 1980 жыл

Алайда, 1979 жылы Кеңес Одағы Ауғанстанға әскер кіргізгені белгілі. Америкалықтар бойкот жариялап, Мәскеудегі Олимпиада ойындарына барудан бас тартты. Осылайша жас аудармашы әйгілі спортшыны босқа күтіп қалды. Оған әртүрлі қонақпен жұмыс істеу тапсырылды. Бір күні тіпті Халықаралық Олимпиада комитетінің алтыншы президенті, лорд Майкл Килланиннің тілмашы болған. Килланин Мәскеудегі Олимпиада қарсаңында отставкаға кеткен болатын, алайда ойындардың ашылу салтанатына ұшып келді.

"Біз онымен ескі "Москва" қонақ үйінде сөйлестік. Ол қонақ үй кейіннен сүрілді. Артынша бір адамдар келіп, ол солармен бірге кетті", - дейді Алмас Таласұлы.

"Бар да, басқа біреуді көндірші!"

Лорд Килланин секілді ірі тұлғаның аудармашысы болғаннан кейін, Чукин одан арғы жұмысын соншалықты маңызды санамады. Оған таңғалуға да болмайды – негізінен, ол спортшыларға медаль табыстайтын құрметті қонақтармен стадионға дейін еріп барып жүрді.

"Көлікте кетіп бара жатқанда, мен әдеттегідей Мәскеу жайлы айта бастаймын. Күлкілі, әрине, бірақ VIP-қонақтардың көбі марапаттау салтанаты үшін алыс жолға шыққысы келмейді. Мәселен, көгалдағы хоккейге кім барады деп жиі дауласатын", - деп еске алды ол.

Кейде мүлдем ешкім барғысы келмейді. Сол кезде аудармашыға "барып біреуді ұстап ал да, көндірші" деп тапсыратын.

Аударма қызметінің қиындығы

Жас аудармашы болсаң, күлкілі әрі ыңғайсыз жағдайларға тап болмай қоймайсың, дейді Чукин. Айтуынша, Олимпиада ойындарында өзімен қатарлас аудармашылардың көбі "дәстүрлі қателер" жіберген. Әсіресе,  ағылшын тілінде "и"дыбысын айтудан қиналған.

"Кейде шетелдіктер түсінбей қалатын: "sheep" немесе "ship", қой туралы ма, жоқ әлде кеме туралы айтып жатыр ма деп", – деп күлді ол.

Ал Чукин үшін орыс мақалдарын аудару қиынға соққан.

"Әлі есімде, бір күні біреу: "Каждый кулик свое болото хвалит" деді. Сол сәтте мен бұл құсты қалай сипаттасам екен деп ойлана бастадым. Ақыр соңында бұл нақыл әркім өзінікін мақтайды дегенді білдіреді деп құтылдым", - деді ол.

Қазақстандық Олимпиада кезінде не есте қалды деген сұраққа жауап берді.

© Sputnik / А. Князев
1980 жылы 19 шілдеде Мәскеуде өткен XXII Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Трибунада - Олимпиада-80 символы - Қонжық

"Бәрінен де, әрине, Олимпиаданың жабылу салтанатындағы атмосфера естен кетпейді, - деді Алмас Таласұлы. Қонжық ұшып кеткенде, бүкіл стадион шынымен де бір отбасындай болды".

Сондай-ақ, ол Олимпиада ойындары кезінде Мәскеу қаңырап қалғанын айтты. Қауіпсіздік мақсатында адамдардың көбін, соның ішінде Олимпиадаға қатыспаған студенттерді қаладан шығарған.  

Десе де, Олимпиада ойындарының ММУ студенттері үшін бір артықшылығы болды. Шетелдіктерді жатақханаға орналастырып қалуы мүмкін деп, университеттің барлық бөлмесін жөндеп, жаңа жиһаз сатып алған. Кейіннен мұның бәрі студенттерге қалды.

100
Кілт сөздер:
қонақ, Мәскеу, олимпиада
Тақырып бойынша
Олимпиада-80: қазақстандық балуан Анатолий Быков қалай күміс жеңіп алды
Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар
Қырық жыл бұрын Жақсылық Үшкемпіров Олимпиада алтынын қалай жеңіп алды
Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындары қалай ашылды – таңғажайып суреттер
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

24
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

24
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

1984
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

1984
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Арыс қаласындағы тұрғын үйді қалпына келтіру

Арыс қаласына бөлінген қаржыны ұрлаған БҚО шенеуніктері ұсталды

0
(Жаңартылды 18:39 07.08.2020)
Әкімдік қызметкерлері 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген қыруар қаражатты ұрлаған шенеуніктерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру фактісі бойынша "БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Олар Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып, жымқырған", - деді Биғайдаров онлайн брифингте.

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласында әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты. Оның екеуі әскери қызметкер болса, екеуі жергілікті тұрғын. Оның бірі жасөспірім.

Оқи отырыңыз: Арыс оқиғасы: министр "табиғи нәрсе" деген сөзді дұрыс аудармағандарға шүйлікті

Төрт айдан кейін Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды. Жарылыс салдарынан Арыс қаласындағы жүздеген тұрғын үй мен нысандарға едәуір зақым келіп, қоймаға жақын орналасқан ғимараттар қирап қалды.

0
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық, жемқорлық, пара
Тақырып бойынша
Жедел жәрдем бригадасы Арыс тұрғынын тірілтіп алды
Арыс оқиғасы: 55 мыңнан астам тұрғынға  бір реттік өтемақы беріледі
"70 бала сыйып кетті": Арыс қаһармандары жарылыс кезінде не істегендерін айтты
Шөкеев Арыс тұрғындары туралы: жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды
Арыс қаласына 14 мыңнан астам тұрғын оралды - видео