Олимпиада алтыны: балуан Шәміл Серіковтің Мәскеудегі жеңісі

741
Олимпиада финалында қазақстандық балуан Шәміл Серіков әлем чемпионы поляк Юзеф Липенді оп-оңай жеңді

24.07.2020. Осыдан қырық жыл бұрын, дәл осы күні қазақстандық спортшы Шәміл Серіков 1980 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен алтын медаль жеңіп алды.

Мәскеудегі Олимпиадада Шәміл Серіков барлық қарсыласын еш қиындықсыз ұтты. Алты жекпе-жектің төртеуін мерзімінен бұрын аяқтады. Олимпиада-80 финалында Серіков әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері польшалық Юзеф Липеннен басым түсті – 11: 4.

Оқи отырыңыз: Қырық жыл бұрын Жақсылық Үшкемпіров Олимпиада алтынын қалай жеңіп алды 

Күрестегі қайталанбас таланты мен ерекше талғампаздығы үшін оны ұлы балет әртісі Рудольф Нуриевпен жиі салыстыратын. Айта кету керек, әлемдік спорт қауымдастығына сіңірген еңбегі үшін Шәміл Серіковтың есімі Швейцариядағы ФИЛА штаб-пәтерінде орналасқан Күрестің даңқ залында мәңгіге қалдырылды.   

Өкінішке қарай, 1989 жылы 22 қарашада Олимпиада чемпионы, классикалық күрестен екі дүркін әлем чемпионы Шәміл Серіков өз-өзіне қол салды. Соған қарамастан, Серіков Олимпиадада жеңіске жете отырып, өз есімін Қазақстан және әлемдік спорт тарихына жазды.  

741
Кілт сөздер:
қазақстандық балуан, олимпиада
Тақырып бойынша
"Он мың қазақ отырғандай көрінді": Үшкемпіров ең тартысты жекпе-жегі туралы айтты
Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар
Олимпиада-80: қазақстандық балуан Анатолий Быков қалай күміс жеңіп алды
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

24
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

24
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

1977
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

1977
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Қызметкер, жұмыс

Агенттік жұмыстан кеткен басшылардың есімін жариялады

0
(Жаңартылды 18:01 07.08.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды отставкаға жіберу және тәртіптік жазаға тарту нормасының орындалуы бойынша есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды отставкаға жіберу және тәртіптік жазаға тарту нормасының орындалуы бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғасын тәртіптік жауапкершілікке тарту жоспарланған болатын. Атап айтқанда, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитовқа тікелей бағынатын қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекетін жасаған. Заң бойынша комитет басшысы жауап беруі тиіс. 

"25 шілде күні комитеттің Ақмола облыстық департамент басшысы Молдағұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Мамыр айында ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпкерден 700 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестат алуға қатысты оң шешім қабылдауға уәде берді", - дейді агенттік мамандары. 

Департамент басшысы осы қылмыс үшін параның он есеге артық мөлшерін, яғни, 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан да өмір бойына айырылды. Алайда комитет төрағасы Баитов Молдағұловқа қатысты сот үкімінің заңды күшіне енуіне дейін өз еркімен қызметінен босатылды.

"Бұдан бөлек, Қостанай облысы әкімінің өкімімен білім басқармасының басшысы Цымбалюк өз еркімен жұмыстан кетті. 29 шілде күні оған бағынышты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" КММ-нің басшысы Павличенко қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кезекті төлемді жедел аударғаны үшін пара алған. Сот үкімі заңды күшіне енбеген", - деді құқық қорғаушылар.

 

0
Кілт сөздер:
басшы, жұмыс
Тақырып бойынша
Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Әкімдікке қарасты кәсіпорынның былық-шылығы ашылды - видео
Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін