Александр Мясников

Олимпиаданың қола жүлдегері Алматыдағы карьерасы жайлы айтып берді

103
Көгалдағы хоккейден КСРО құрамасының ойыншысы Александр Мясников Алматыда өткен жылдарын еске алып, Олимпиададағы қателіктері мен Қазақстанға деген сүйіспеншілігі туралы айтып берді

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik, Артур Шишига. 1980 жылы өткен Мәскеудегі Олимпиадада көгалдағы хоккей бойынша КСРО құрамасының сапында қола жүлдеге ие болған Александр Мясников Sputnik Қазақстан тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

Сұхбат барысында спортшы Польшамен болған кездесуде қола жүлдені алғандағы әсері мен бапкері жайлы айтып берді.

- Көгалдағы хоккейге қалай келдіңіз? Спорттың бұл түріне деген қызығушылық қашан басталды?

Тоғыз жасымда Сызрань қаласының балалар мен жасөспірімдер орталығында допты хоккеймен айналыса бастадым. Ол кезде КСРО-да көгалдағы хоккей дамымаған еді. Сол себепті қыста мұзда хоккей ойнадық, ал жазда футболмен айналыстық. 1969 жылы Федерация олимпиададағы спорттың бірі көгалдағы хоккейді дамыту туралы шешім қабылдады. Осыған орай, жазда футболдың орнына көгалдағы хоккей ойнай бастадық. Бір ойыннан екінші ойынға ауысу оңай болды, жалпы ойын техникасы бірдей. Тек бұл жерде конькисіз ойнадық және сырғытпа таяқ кішірек болды.

- Көгалдағы хоккей танымал спорт түріне жатпайды. Бұл ойын сізге несімен ұнайды?

Біздің елде мұздағы доппен ойнайтын хоккей өте танымал болды. Алайда жазда мұз жоқ, сондықтан ойнай алмайсың. Ал біз жыл бойы хоккей ойнағымыз келеді. Сол себепті жазда көгалда хоккей ойнау мүмкіндігі пайда болған кезде қатты қуандым. Ол кезде бұл олимпиададағы спорт түріне жататын. Мотивация мен ойынға деген ұмтылыс жоғары болды.

- Сызрань қаласынан Алматыдағы "Динамоға" қалай келдіңіз?

Жасөспірімдер деңгейінде бүкілодақтық жарыстар өткізіліп тұратын, сол жерде  ойыншылардың іріктеуі өтті. Осындай жарыстардың бірінде маған біздің ұлы жаттықтырушымыз Эдуард Фердинандович Айрихтің назары ауып, "Динамоға" шақырды. 1978 жылдың 11 шілдесінде менің екінші Отаным – Алматы қаласына бардым. Келесі он бес жылда алматылық клубта өнер көрсеттім, сол жақтан мені КСРО құрамасына шақырды.

- Алматыдағы "Динамо" жетістігінің құпиясы неде?

Менің ойымша, бұл Эдуард Фердинандовичтің даналығы. Біріншіден, ол қойылған міндеттерге қарай пікірлестердің басын бір ұжымға жинай алды. Екіншіден, біздің командада тәртіп бірінші орында болды. Айрих көгалдағы хоккей үшін көп жыл бойы жұмыс істеді. КСРО құрамасының жетістігі де "Динамода" басталды деп айтуға болады.

- 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойыны несімен ерекше болды?

Олимпиада ойындары алғаш рет отанымда өтетін болғандықтан жауапкершілік те артты. Көпшілік алдында жақсырақ өнер көрсеткің келеді. Есімде Олимпиадамен қоштасу сәті қалды. Оған дейін де көп күш жұмсалды, сондықтан жабылу салтанаты және ұшып кеткен Мишка мәңгі жадымда сақталды.

- Олимпиада ойындарында құраманың көшбасшысы кім болды?

Ол команданың көшбасшылары бізден ересек келген Леонид Павловский, Фарит Зигангиров, Вячеслав Лампеев, Сос Арапетян болды. Менің қатарластарым жастар еді. Біз топ болдық, егер біреу бүгін қателік жіберсе, басқа топ мүшесі оған көмектесуге дайын тұрды. Көгалдағы хоккей – спорттың командалық түрі, сол себепті өзара көмектесу механизмі жолға қойылған.

- Эдуард Фердинандович олимпиадаға операцияға байланысты келе алмады. Бұл қорытынды нәтижеге әсер етті ме немесе қола медальдан жоғары жүлдені иелену мүмкін емес болды ма?

Меніңше біз үшінші орыннан да жоғары нәтиже көрсете алатын едік. Ойын кезінде шамадан тыс толқуға байланысты қателіктерім болды. Егер Эдуард Фердинандович сол жерде бақылап тұрса, нәтиже одан да жақсы болатын еді деп ойлаймын.

- Фарит Зигангиров бір сұхбатында Испаниямен ойында құрам басқа болғанда, күміс жүлде үшін күресуге болатынын еді деп айтты. Мысалы ойын басталған алғашқы минуттарда құраманың көшбасшысы болған Олег Загороднев ойнамай қалды. Бұл жайлы не ойлайсыз?

Мен оның пікірімен келісемін. Жаттықтырушылар штабының тактикалық қателігі болған шығар. Егер Эдуард Фердинандович бізбен бірге болғанда, ол кісінің даналығы мен кішіпейілділігінің арқасында біз жоғарыға көтере алатын едік.

- Топ поляктарды 5:0 есебімен жеңіл жеңіп шықты. Қола жүлдеге ойын таласты өтіп, 2:1 есебімен жеңіске жеттіңіздер. Бір командаға екі рет қарсы ойнаған кезде неге нәтиже арасында үлкен алшақтық бар?

Одан бері көп уақыт өтті, сондықтан сол матчқа қатысты кей оқиға толық есімде қалмады. Ал жалпы медаль үшін тартыста ойын есебі маңызды емес, ол жерде соңғы нәтиже маңызды. Кейде бір соғылған ұпайдың өзі жеткілікті. Ал топтық матчтарда ондай күш салу жоқ. Қанша гол соқсаң, дәл солай гол өткізіп алуың мүмкін. Сондықтан үшінші орын үшін ойында аса сақтықпен, барлығының тігіліп тұрғанын ескеріп ойнадық.

- Қай жылы құрамадан шықтыңыз?

1988 жылы Сеулге олимпиадаға бардым. 1989 жылы құрамаға тартылғаныма он жыл толды, осы жылы спорттағы мансабымды аяқтадым. "Динамо Алма-Ата" үшін 1991 жылға дейін ойнадым. Мансабын аяқтағаннан кейін мені бірден "Динамо" бапкерлер штабына шақырды. Ол жерде 1993 жылға дейін жұмыс істедім.

- Сіздің карьераңыз қалай жалғасты?

1993 жылы Сызрань қаласына оралдым. Допты хоккейден жергілікті командада жаттықтырушы болып жұмыс істей бастадым. Содан кейін Сырзаньда көгалдағы хоккейді қайта жаңғырту қажет екенін айтты. Содан облыстық спорт мектебіне ауысып, осы уақытқа дейін көгалдағы хоккей бөлімінде жұмыс істеймін. Менің бүкіл өмірім көгалдағы хоккеймен байланысты деуге болады.

- Алматыдағы "Динамо" клубының кейінгі тағдырын білетін боларсыз. Клуб қазір жабылды. Қалай ойлайсыз, Қазақстанда көгалдағы хоккейдің тағдырын бақылап отыруға бола ма, бұл жайлы не айта аласыз?

Иә, білемін. Серік Ахметұлы Қалымбаевпен (көгалдағы хоккей федерациясының бас хатшысы – Sputnik), Фарит Зигангировпен хабарласып тұрамын. Мұндай үрдіс тек Қазақстанда ғана жүріп жатқан жоқ. КСРО ыдырағаннан кейін, жалпы спорт үшін және әсіресе көгалдағы хоккей үшін осындай қайғылы кезең туды. 90-шы жылдары команданы сол деңгейде ұстап қалу қиын болды. Қазір кей жерде осы спортты жандандыру әрекеттір жасалып жатыр, нәтижесі де жаман емес.

- 1980 жылдағы КСРО құрамасының бес адамы Самара облысының тумасы еді. Қазір облыста көгалдағы хоккей қандай жағдайда тұр?

Иә, мен және ағайынды Плешаковтар Сызрань қаласының тұрғынымыз. Миша Нечипуренко мен Миннеула Азизов Новокуйбышевтен. Қазір бізде бір де бір мамандар командасы жоқ. Сонымен қатар біз жарыстарға қатыспаймыз. Балалар мен жасөспірімдер мектебінде балалармен жұмыс істейміз. Егер қаржыландыру болса, жасөспірімдер біріншілігіне қатысамыз.

- Сіз ойыншы және жаттықтырушы ретінде карьераңызға көңіліңіз тола ма?

Иә, бәрі керемет болды. Бір кездері мені Алматыға шақырғандары үшін өте ризамын, ол менің өмірімнің ең жақсы жылдары болды. Әлі күнге дейін түсімде "Динамо" стадионын көремін. Түс көріп жатып көгалға шығуға тырысамын, бірақ шыға алмаймын. Бірге ойнаған барлық жігіт түсіме кіреді. Біз көп ұлтты команда болдық: жаттықтырушы – неміс, құрамада украин, қазақ, орыс, татар ойыншылар болды. Барлығы тату және ұйымшыл өмір сүріп, жұмыс істеді.

Қазақ жеріне иіліп тағзым етемін, ол менің екінші Отаным. 2017 жылы бізді астанада Қазақстан Олимпиада комитетінің 25 жылдығына орай жинады. Мені Қазақстанмен өте жағымды әсер мен естеліктер байланыстырып тұрады. Біз бір отбасы болдық. Рахмет, Қазақстан!

- Әңгімеңіз үшін рахмет!

103
Тақырып бойынша
Олимпиада алтыны: балуан Шәміл Серіковтің Мәскеудегі жеңісі
"Серікке жанкүйер болдық": Олимпиада-80 куәгері ойынның қалай өткенін айтып берді
Олимпиада-80: қазақстандық қалай VIP-қонақтардың аудармашысы болғанын айтып берді
Мәскеу босап қалды: қазақстандық милиционерлердің Олимпиада кезіндегі қызықтары
Олимпиада-80: қазақстандық телевизия маманы шараға қалай үлес қосқанын айтты
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

26
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

26
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

2470
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

2470
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0