Спорт

Павлодар әкімдігі жаңа футбол клубының тек қағаз жүзінде бар екенін хабарлады

© Sputnik / Болат ШайхиновМатч Казахстан - Армения
Матч Казахстан - Армения - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс әкімдігі жаңа футбол клубының құрылғаны туралы ақпаратқа түсінік беріп, қазір Павлодар футболының "Ақсу" ФК-ға баса назар аударып отырғанын атап өтті  

АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Есембаев өңірде футболды дамыту жоспары туралы хабарлады. Оның айтуынша, өткен аптада әлеуметтік желіде талқыланған жаңа "Павлодар" футбол клубы тек қағаз жүзінде ғана бар. Қазір басты назар "Ақсу" футбол клубын дамытуға аударылып отыр.

Оның айтуынша, павлодарлық "Ертіс" ФК төңірегінде туындаған мәселелерден кейін Павлодар футболын дамытудың бірнеше нұсқасы қарастырылды, оның ішінде "Павлодар" футбол клубын құру да бар.

Алайда белгілі футболшылар Талғат Байсуфинов пен Юрий Ишутин өз жоспарын ұсынған, онымен облыс басшылығы келісті. Қос футболшының жоспарына сәйкес, "Ақсу" ФК-ның алдына келесі жылы екінші лигадан бірінші лигаға өту міндеті қойылды. Сонымен қатар легионерлер клубқа қабылданбайды, жергілікті кадрларға басымдық беріледі.

Оқи отырыңыз: "Астана" командасы "Манчестер Юнайтедті" жеңді – фото 

Қазірдің өзінде "Ақсу" ФК бюджеті белгілі болды. Футбол клубына 45 миллион теңге, сонымен қатар балалар футболын дамытуға қосымша 15 миллион бөлінді. Ойыншылардың жалақысы 60 мың теңгеден басталады, үздік футболшылар 300 мың теңгеге дейін жалақы алады.

"Ертістің" тағдыры не болады?   

"Ертіс"ФК-ға келетін болсақ, оны ешкім банкротқа ұшыратпайды, деп мәлімдеді спикер. Клуб орнында тұрады, егер оны дамыту үшін демеушілік қаражат болса, қайта іске қосылады. Алайда қазір басты міндет – клубтың қарызын өтеу. Әзірге клубтың барлық шоты бұғатқа алынған, сол себепті оның жұмысы туралы сөз қозғалмайды. Облыс басшылығы демеуші іздеп жатыр, алайда әзірге мақтанатындай жаңалық жоқ.

Сонымен қатар Нұрлан Есембаев "Ертіс" ФК-ның қомақты қарызы бойынша тергеу жалғасып жатқанын растады. Журналистердің сұрағына ол Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Марат Айдашевтың жұмыстан босатылуы "Ертіс" футбол клубының мүшкіл халіне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Оның атқармаған бірқатар міндеті болды, сондықтан жұмыстан кету туралы өтініш жазды", -деді спикер.

Жаңалықтар
0