Бавария Пари Сен-Жерменді 2019/2020 Чемпиондар лигасының финалында жеңді

"Бавария" Чемпиондар лигасын жеңіп алды: жалғыз голды ПСЖ түлегі соқты

95
(Жаңартылды 09:35 24.08.2020)
Жеңіс голының авторы француз Кингсли Коман сегіз жыл бойы "Пари Сен-Жермен" клубы жүйесінде тәрбиеленген  

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. "Бавария" алтыншы рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды, мюнхендік клуб финалда "Пари Сен-Жерменмен" (ПСЖ) кездесті.   

Матч Лиссабонда "Да Луш" стадионында өтті.

Жалғыз голды 59-минутта "Баварияның" француз шабуылшысы Кингсли Коман соқты. Бұрын ол сегіз жыл бойы, 2005 жылдан 2013 жылға дейін ПСЖ-да тәрбиеленіп, кейін "Ювентусқа", сол жерден Бундес-лиганың негізгі футбол клубына ауысты.

"Бавария" 2019/2020 маусымында өз тарихындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, енді Германия чемпионы жеңістер саны жағынан мадридтік "Реал" (13 жеңіс) мен "Миланнан" (7 жеңіс) ғана қалып келеді, англиялық "Ливерпульмен" теңесті.

95
Кілт сөздер:
футбол, Чемпиондар лигасы
Тақырып бойынша
"Манчестер Юнайтедті" жеңген "Астананың" табысы жарияланды
Белгілі қазақстандық футболшы әрі бапкер қайтыс болды
Қазақстандық футболшы әлеуметтік желідегі сөзі үшін құрамадан шығарылуы мүмкін
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Мұндайды қайтып көрмейсің: Қақпашы екі минутта екі гол жіберіп алды – видео
"Астана" командасы "Манчестер Юнайтедті" жеңді – фото
Қуат Хамитов

Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді видео

8427
(Жаңартылды 10:19 26.09.2020)
Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің толық видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріне қатысты, деп хабарлады Sports.kz.

Хамитов ресейлік файтер Ахмад-Хан Боковпен (5-4) айқасты.

Айта кетейік, жекпе-жек қарсаңында Қуаттың қарсыласы өзгерді: бастапқыда ол басқа ресейлік – Олег Косиновке (7-5) қарсылас болуы керек еді.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің видеосын төменде көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Осылайша Қуат Хамитов кәсіби карьерасындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Ахмад-Хан Боков бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Осыған дейін Хамитов бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпады.

8427
Кілт сөздер:
аралас жекпе-жек, видео, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Қуат Хамитов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды
Қуат "Найман" Хамитовтың басы бәлеге қалды
Ішкі істер министрлігі Хамитовтың атышулы видеосына қатысты түсініктеме берді 
Геннадий Головкин

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

221
(Жаңартылды 12:28 24.09.2020)
Сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізеді. Бұл туралы The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

GGG-дің қарсыласы IBF тұжырымдамасы бойынша міндетті үміткер поляк спортшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болады. Жекпе-жекті DAZN спорттық стриминг қызметі көрсетеді.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, Майк Коппинджердің әріптесі Лэнс Пагмайр жекпе-жектің Калифорния штатында Dignity Health Sports Park аренасында өтетінін хабарлады. Сондай-ақ, қазір GGG сол штатта дайындық жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды

Айта кетейік, сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған еді.

"Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы айқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар", – деді Бэнкс.

221
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, кәсіпқой бокс, спорт
Тақырып бойынша
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жасады
Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Головкин мен Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы ақпарат шықты
Геннадий Головкин ұлымен түскен суретін бөлісті
Қазақстан халқы өз жерінде мұндай кешті тамашалауға лайық – Головкин
Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

58
(Жаңартылды 21:17 27.09.2020)
Автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда премьер-министр Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов кездесіп, үш бірдей автомобиль жасау жобасын бастап берді. Нысандарға тартылған инвестиция көлемі 261 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Келісімге сәйкес, алдағы уақытта Қостанай индустриялық аймағында "КАМАЗ" шойын құймасы мен жүк техникасының шанақ-арқалығына арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыты салынып, Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісі ашылады. Бұл жердегі шектес салаларды ескере отырып, өндіріс орнында шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Ал зауыттардың құрылысы 2023 жылы аяқтау көзделген.

Үкімет басшысы автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайтынын атап өтті.

"Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астам – 9,4 миллиард теңгеге дейін артты", – деді Мамин.

Шара аясында үкімет басшысына ауыл шаруашылығы техникасын жинау және кәдеге жарату зауыты мен "КАМАЗ" инжиниринг орталығын ашудың бірлескен Қазақстан–Ресей жобасы таныстырылды.

Оқи отырыңыз: Таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз: Ермек Тұрсынов Татарстан киносы күндері жайлы

Сондай-ақ, кездесуде ресейлік "КАМАЗ" бен "Татнефть" және өзбектің "UzAuto" компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

58
Кілт сөздер:
экономика, Қазақстан, Татарстан
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Татарстан меморандумға қол қойды
Азық-түлікті қымбаттатуға еш себеп жоқ – Мамин
Маска мен дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – Мамин
Татарстан президенті сабан тойды Қостанайда атап өтеді
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды