Спорт

Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста күміс медаль алды

© Анатолий УСТИНЕНКОЗульфия Чиншанло. Архивное фото
Зульфия Чиншанло. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зүлфия Чиншанло – допинг дауынан кейін марапаттарынан айырылып, спорттан шеттетілсе де карьерасын жалғастырған жалғыз Олимпиада чемпионы. Ол тағы Олимпиадаға баруға бел буып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Ауыр атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Зүлфия Чиншанло Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 29 жылдығына орайластырылған ауыр атлетикадан халықаралық кубокта күміс медаль жеңіп алды.   

Қазақстандық спортшы қатысқан Халықаралық кубок онлайн режимінде өткізілген алғашқы турнир болды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің сайты.

"Чиншанло 55 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 200 (85 + 115) килограмм көтерді", - делінген ҰОК хабарламасында.

205 (95 + 110) килограмм көтерген турнир қожайыны, Өзбекстан спортшысы Муаттар Нәбиева бірінші орынды иеленді.

Польшадан келген ауыр атлет Йонна Лочовска үшінші орынды қанағат тұтты. Оның нәтижесі – 185 (80 + 105) килограмм.

Айта кетейік, Чиншанло 2012 жылы Олимпиада чемпионы болған кезде, қоссайыс қорытындысы бойынша 226 (95 + 131) килограмм көтерген болатын. Кейін допинг қолданғаны үшін алтын медалінен айырылды.

Жаңалықтар
0