Конор Макгрегор

Forbes Конор Макгрегордың жылдық табысын жариялады

99
(Жаңартылды 11:57 08.09.2020)
Макгрегор соңғы жекпе-жегін Дональд Серронеге қарсы өткізіп, 5 миллионға жуық доллар табыс тапқан

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор Forbes журналы жариялаған 2020 жылдың атақты ең бай жүз адамның қатарына енді, деп хабарлайды басылымның сайты.

Спортшы өзінің 48 миллион доллар табысымен тізімде 53 орынға жайғасқан. Макгрегор соңғы жекпе-жегін Дональд Серронеге қарсы 2020 жылдың қаңтар айында өткізіп, 5 миллионға жуық доллар табыс тапқан.

Сондай-ақ, оның табысының едәуір бөлігі Reebok компаниясымен жасаған демеушілік келісімшарттан түседі. Яғни, ол осы келісімшарт үшін жыл сайын 5 миллион доллар алады.

Сонымен қатар, оның кірісін 2018 жылдан бастап өзі шығаратын виски брендінен түсетін табыс толықтырады.

Оқи отырыңыз: "Өте жақсы дамыған": Макгрегор Қазақстан туралы сұраққа жауап берді

Айта кетейік, МакГрегор UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы. Ол осы кезге дейін 26 кездесу өткізіп, 22 рет жеңіске жеткен және 4 рет жеңіліске ұшыраған.

99
Кілт сөздер:
табыс, спорт
Тақырып бойынша
"Өте жақсы дамыған": Макгрегор Қазақстан туралы сұраққа жауап берді
Конор Макгрегор АҚШ-та қамауға алынды
Жекпе-жектен кейін төбелескені үшін Конор Макгрегор жазалануы мүмкін
Макгрегор жеңісін қалай атап өтті – желіде видео пайда болды
Макгрегор өзінің жүру мәнерін салған қазақ баласына жауап қайтарды  
Яцек Гуральски

Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы кім

55
(Жаңартылды 18:30 21.09.2020)
Өткен бірнеше маусымның көшбасшысы Марин Томасовтың "құны" соңғы бір жылда бұл көрсеткіш бойынша екі есеге дейін төмендеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек — Sputnik. Transfermarkt мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы ең бағалы футболшы белгілі болды. Ол – "Қайрат" футбол командасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски.

Поляк футболшысының трансферттік "құны" қазіргі таңда 2,5 миллион еуроға дейін бағаланып отыр.

Екінші орында "Қайрат"-тың тағы бір футболшысы – украиналық Адеринсола Эсеола тұр – 2,2 миллион еуро.

Үшінші орынға "Астана" сапында өнер көрсететін хорваттардың бұрынғы көшбасшы Марин Томасов жайғасты. Оның трансферттік "құны" бір жылдың ішінде 3,8-ден 2 миллион еуроға дейін "арзандаған".

Қазақстандық премьер-лиганың ең қымбат ондығына кірген футболшылар:

  • 1. Яцек Гуральски ("Қайрат", Польша) - 2,5 миллион еуро;
  • 2. Адеринсола Эсеола ("Қайрат", Украина) - 2,2 миллион еуро;
  • 3. Марин Томасов ("Астана", Хорватия) - 2 миллион еуро;
Полузащитник футбольного клуба Астана Марин Томасов
© Sputnik / Абзал Калиев.
"Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасов
  • 4-5. Раде Дугалич ("Қайрат", Сербия) - 1,8 миллион еуро;
  • 4-5. Дмитрий Шомко ("Астана", Қазақстан) - 1,8 миллион еуро;
Казахстанский футболист, защитник  клуба Астана Дмитрий Шомко
© Sputnik / Абзал Калиев.
Қазақстандық футболшы, "Астана" клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко
  • 6-8. Дорин Ротариу ("Астана", Румыния) - 1,7 миллион еуро;
  • 6-8. Пиерос Сотириу ("Астана", Кипр) - 1,7 миллион еуро;
  • 6-8. Дино Миканович ("Қайрат", Хорватия) - 1,7 миллион еуро;
  • 9-12. Стас Покатилов ("Кайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;
Стас Покатилов
Стас Покатилов
  • 9-12. Роман Мұртазаев ("Тобыл", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;
  • 9-12. Нұрәлі Әліп ("Қайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;
  • 9-12. Тигран Барсегян ("Астана", Армения) - 1,5 миллион еуро.

Еске сала кетейік, Томасов бірнеше ауысым бойы рейтингтің көшбасында тұрды, қазір оның трансферттік "құны" 3,8 миллионнан 2 миллионға дейін түсіп кеткен.

55
Батыр Жүкембаев

Жеңілмеген өзбек боксшысы нокаутшы Жүкембаевты жекпе-жекке шақырды

3591
(Жаңартылды 15:01 12.09.2020)
Өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашев 18 жекпе-жек өткізіп, оның 16-сын нокаутпен аяқтаған, ал Батыр Жүкембаев 14 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Жеңілмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевқа (18-0, 14 КО) Өзбекстан өкілі Шохжахон Эргашевпен (18-0, 16 КО) жұдырықтасу туралы ұсыныс түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Le Journal de Montreal мәліметінше, қазіргі уақытта Батыр бұл ұсынысты қарастырып жатыр. Жекпе-жек 19 қарашада АҚШ-та өтуі мүмкін деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Батыр Жүкембаев екі чемпиондық белбеуді жеңіп алды – видео 

Бұған дейін Жүкембаев Америкадағы алғашқы жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді – қазақстандықтың осыған дейінгі барлық кездесуі Канадада өткен болатын.

Батыр Жүкембаев соңғы рет қаңтар айында Монреалда жекпе-жек өткізді – ол екінші раундта мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа жіберді. Қазір "Үш жетілік" (777)  Мәскеуде жаттығып жатыр.

3591
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Батыр Жүкембаев, нокаут
Тақырып бойынша
Батыр Жүкембаев мексикалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді – видео
Садриддин Ахмедов ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды
Канададағы бокс кешінде рингке шыққан Сабыров пен Жүкембаев айшықты жеңіске жетті
20 жастағы қазақстандық чемпион мексикалықты қалай нокаутқа түсірді – видео
Жойқын соққы: Батыр Жүкембаев қарсыласын қалай нокаутқа түсірді - видео
Операторлар, иллюстративті фото

Журналистердің кәсіподағы құрылды

0
Жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы құрылды. Бұл туралы бүгін ZOOM платформасында өткен бейнеконференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференцияға танымал журналистер мен медиаменеджерлер қатысты. Сол жерде жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды. Осыдан кейін кәсіподақ басшысы құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс 

"Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруа, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналистердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз", - деді Әліпбек.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Республикада 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

0
Кілт сөздер:
журналистика