Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртас туралы не білеміз?

4295
(Жаңартылды 12:46 07.09.2018)
Қайрат Нұртастың өмірбаянын Sputnik дерекқорынан оқыңыздар

Қайрат Нұртас
© Foto : Официальный сайт Кайрата Нуртаса
Қайрат Нұртас Қазақстанның белгілі эстрада әншісі. 1989 жылдың 25 ақпанында Түркістан қаласында дүниеге келген. Алғаш 8 жасында "Махаббат мұңы" әнімен экранға шығады. Ал әнші ретінде алғаш рет 10 жасында Байқоңыр сахнасынан көрінді. 2005 жылы Эстрада цирк колледжінің студенті атанды.

2008 жылы Алматыдағы Республика сарайында "Тәтті сезім" атты алғашқы шығармашылық ән кешін өткізеді. Бірден хитке айналған "Ауырмайды жүрек" әні 2010 жылы жазылған.

Қайрат Нұртастың фильмі

2013 жылы Қайрат Нұртастың өзі жайында түсірген "Өкініш" фильмі көрермендерге жол тартады. Кинокартинада әншінің өмірі мен шығармашылығы баяндалған. Фильм бюджеті шамамен 500 мың долларды құрады. Бұдан бөлек, 2016 жылы Қайрат Нұртас ойнаған "Тағдыр" фильмі шықты. Бұл кинокартинада әнші "бандиттің" рөлін сомдайды.

2015 жылы эстрада жұлдызы "Қазақстанның үздік әртісі" номинациясы бойынша МУЗ-ТВ жүлдесін қанжығасына байлады.

Қайрат Нұртастың концерті

Қайрат Нұртас тыңдармандарын ерекше концерттерімен қуантып жүретін санаулы әншілердің бірі. 2016 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Алматыда әншінің инновациялық шоуы өтті. Ал бұдан бір жыл бұрын эстрада жұлдызы Астанада "Мен ғашықпын…" жеке ән кешін берген еді.

Концерт әнші шығармашылығының 10 жылдығына арналды. Қайрат Нұртастың тыңдармандары 5D форматындағы музыкалық шоу-бағдарламаның куәсі болды. Көптің сүйікті әніне айналған "Алматы түнін" Қайрат ресейлік жұлдыз Нюшамен бірге шырқады.

Қайрат Нұртас жарымен
© Foto : Қайрат Нұртастың Instagram парақшасынан
Қайрат Нұртас жарымен

Қайрат Нұртастың отбасы

Ал өткен жылдың соңында ел назары әншінің ұзақ жылдар жасырып келген жары Жұлдыз Әбдікәрімоваға ауды. Қайрат Нұртас "Арман…/Когда ангелы спят" атты кезекті фильмінің премьерасына әйелімен бірге келген еді. Фильмде бас рөлдерді Қайрат пен Жұлдыз сомдаған.

Жұлдызды жұп Сезім, Алау есімді екі қыз бен Нарұл, Хан есімді қос ұл тәрбиелеп отыр.

4295
Кілт сөздер:
өкініш фильмі, өмірбаян, отбасы, ән, концерт, әнші, Жұлдыз Әбдікәрімова, Қайрат Нұртас, Түркістан
Тақырып:
Өмірбаяндар (79)
Тақырып бойынша
Әнші Бүркіт: Біреуіміз аяғымыз шалынып құласақ, бәріміз жатып күлетін күнге жеттік
Айгүл Иманбаева Димаш туралы не ойлайтынын айтты
ҰБТ-ға Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы сұрақтар енген
"Әнші мен әртісті ақшаға үйреткен байлар" немесе қазақ мәдениетіндегі аш бала кім, тоқ талант кім?
Қайрат Нұртас Астанадағы жағалауда ұлына қосылып ән айтты
Министр Есентаева туралы сұрақ ҰБТ-ға не үшін енгізілгенін түсіндірді
Белгілі әнші марапаттау кезінде сахнаның астына түсіп кетті
Қазақстандық әнші кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
Желіде Есентаева мен Алакөзовтың үйлену тойындағы суреті пайда болды
Баян Есентаева бұрынғы күйеуін кешіруге дайын емес. Сұхбаттан кадрлар
Загрузка...