Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 8 тамыз
Күнтізбе - 8 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 220-шы күн. Жыл соңына дейін 145 күн бар

8 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

8 тамызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Дүниежүзілік мысық күні. Мысық туралы аңыз-әңгімелер өте көп, себебі адаммен бірге тұратын одан асқан тылсым жануар жоқ шығар. Ертегілер мен аңыз-әңгімелерде, халықтың наным-сенімі мен ырымдарында мысықтың орны бөлек. Оның тоғыз жаны бар, үйге келген қонақтың арам пиғылын сезеді, ауру-сырқаудан емдеп жазады деген наным қалыптасқан. Тіпті мысық қауіп-қатерді алдын ала сезеді деген де пайымдау бар. Мазасыз күйге түсіп, иесіне жер сілкінісі туралы хабар берген мысықтар жайлы оқиғалар жетерлік. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ағылшындар бірнәрсені анық байқапты – бомба туралы алдын ала ескертетін жүйеден гөрі, мысықтың түйсігі әлдеқайда сенімдірек. Аспаннан қатер төніп келе жатқанда, ұйықтап жатқан мысық кілт оянып, аласұрып, беймаза күйге түскен, ал біраз уақыттан соң техника белгі бере бастаған. Қытайда мысықтар заң жүзінде қорғалған, ал Австрияда азық-түлік қоймасын күзеткен мысықтарды өмір бойы қорекпен қамтамасыз етеді. Олардың құрметіне ғибадатхана тұрғызылып (мысалы, Жапонияда) және музейлер ашылған (Германия, Ресей және т.б.).

Сонымен қатар бүгін Дүниежүзілік альпинист күні аталып өтеді. Әлемде басын қатерге тігіп, бойындағы адреналинді сезінбесе тұра алмайтын адамдар бар. Олар өмірде экстремалды спортпен шұғылданады немесе сондай жұмыс табады, тіпті демалысын да белсенді өткізуге тырысады. Альпинизм ең қауіпті мамандық немесе хобби қатарына жатады. Таудағы қауіпсіздік пен экспедиция мүшелерінің амандығы әр альпинистің дайындығы мен шеберлігіне байланысты. Биік шыңға өрмелеу үшін ұзақ уақыт дене шынықтырып қана қоймай, психологиялық жағынан да дайындалу керек. Қатал климаттық жағдайлар, ауа температурасының ауытқуы, жел, тау ауасы дайындығы нашар адамды бірден титықтатады. Биік шыңдарды бағындырған альпинистердің құрметіне Дүниежүзілік мереке аталып өтеді. Тауға өрмелеу спорт түрі ретінде бұрыннан пайда болса да, мейрам ресми түрде 1786 жылдан бері тойланып келеді. 1949 жылы Кеңес Одағында алғаш рет тауға өрмелеуден жарыс өтті, ол кезде бұл альпинизмнің бір түріне жататын. Қазір бұл бағыт туризмнің жеке тармағы ретінде дамып келеді.  Халықаралық альпинизм күнін кәсіпқой спортшылар, әуесқой тауға өрмелеушілермен бірге сүйікті ісін маманлықа айналдырған жандар – биікке өрмелеушілер мен өнеркәсіп альпинистері де тойлайды. Бұл күн 1786 жылы 8 тамызда Альпы тауының ең биік шыңы Монбланды бағындыру құрметіне таңдалған.

Сонымен қатар, бүгін – Тоңазытқыштың туған күні. 1899 жылы 8 тамызда АҚШ-тың Миннесота қаласында өнертапқыш Альберт Маршалл алғаш рет тоңазытқышты паттентеді, алайда оның заманауи түрі АҚШ нарығында 1910 жылы пайда болды. Халық назарына суытуы құрылғысы бар үй агрегаты ұсынылды, оны "Дженерал Электрик" компаниясы өндіретін. Кеңес Одағы тоңазытқышты 1938 жылы алғаш рет өндірді, ал халық 1960 жылдан бері ғана жаппай сатып ала бастады. Әлемдегі ең мықты әрі ең қымбат тоңазытқыш – Northland refrigerator 60 SS. Оның есігі әйнектен жасалған, сауыты тот баспайтын болаттан құйылған әрі қымбат ағаштардан ойып жасалған бөліктермен безендірілген. Осы және басқа да модельдерді дарынды инженерлер мен данышпан өнертапқыштар мереке күні тұтынушыларға ұсынады.

8 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1786 жылы Жак Бальма мен Мишель Паккар тұңғыш рет Еуропаның ең биік шыңы – Монбланды бағындырды;

1929 жылы "Граф Цепеллин" дирижаблі Жер шарын айналып ұшуға аттанды;

1966 жылы Қытайда мәдени төңкеріс басталғаны жарияланды;

1968 жылы Киевте Мәдениет институты ашылды;

2000 жылы Ұлыбритания, АҚШ және Италия ғалымдары адамды клондау тәжірибесі басталғанын ресми жариялады;

2008 жылы Бейжіңде XXIX Олимпиада ойындарының ашылуы өтті.

8 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1998 жылы Көкшетауда Шоқан Уәлихановтың ескерткіші ашылды;

2002 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы" заңға қол қойды;

2012 жылы Қазақстандағы алғашқы жүрек ауыстыру отасы Қостанай облысы тұрғыны Жәнібек Оспановқа жасалды;

2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды.

8 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1937 жылы екі мәрте "Оскар" сыйлығын иеленген америкалық киноактер  Дастин Хоффман дүниеге келді;

1943 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино режиссері, тележүргізуші, актер Юлий Гусман дүниеге келді;

1949 жылы итальян театр және кино актрисасы, модель Антония Сантилли дүниеге келді. "Невероятные приключения итальянцев в России" фильмінде Ольганың рөлін сомдаған;

1953 жылы Ресейдің театр және кино актері Виктор Авилов дүниеге келді;

1967 жылы ресейлік "Кухня" телехикаясында Айнураның рөлін сомдаған қырғыз актрисасы Жаңыл Асанбекова дүниеге келді;

1981 жылы швейцариялық кәсіпқой теннисші Роджер Федерер дүниеге келді;

1998 жылы канадалық әнші Шон Мендес дүниеге келді.

8 тамызда Қазақстанда кім туды

1930 жылы тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жағыпар Мусин дүниеге келді;

1948 жылы кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Дінмұхамед Әкімов дүниеге келді;

1961 жылы шахматшы, гроссмейстер әрі КСРО-ның спорт шебері Серікбай Темірбаев дүниеге келді;

1980 жылы спорт шебері, Қазақстанның теннистен абсолюттік чемпионы Алексей Кердюк дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бүгін жолыңыз болмай, ештеңенің сәті түспей тұрғандай көрінеді. Дегенмен, кез келген мәселенің шешімін тауып, өз пайдаңызға асыра аласыз. Достыққа немқұрайлы қарамаңыз, қазіргі заманда адал дос тауып, қарым-қатынасты сақтап қалу оңай емес.

Жаңалықтар
0