әйел

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 тамыз

141
(Жаңартылды 11:20 10.08.2018)
Бұл – Григориан күнтізбесінде 221-ші күн. Жылдың соңына дейін 144 күн бар

9 тамызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

9 тамызда әлемде қандай қызықты оқиға болды:   

Жапонияда бүгін Құшақтасу күнін атап өтеді. Мерекенің дәстүрі бойынша туыстарың мен жақын адамдарыңды ғана емес, бейтаныс жандарды да достық ниетпен құшақтауға болады. 

АҚШ-та орманды өрттен қорғау күті аталып өтеді. 

Канадада бұл күн бітімгер күні ретінде танымал. 

ОАР-да бүгін – Ұлттық әйелдер күні. ТМД халықтары оны "8 наурызда" тойлайтыны белгілі. 

Сингапурде ел үшін ірі мемлекеттік мереке – Конституцияның қабылдануымен байланысты Республика күні аталып өтеді.  

9 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1173 жылы Италиядағы пиза мұнарасының құрылысы басталды;

1859 жылы АҚШ-та алғашқы эскалатор патенттелді;

1928 жылы Ленинградта әлемдегі алғашқы цирк және эстрада музейінің ашылу салтанаты өтті;

1980 жылы аңызға айналған швециялық "ABBA" поп-тобы " The Winner Takes it All" әнімен сегізінші рет британиялық хит-парадтың көшін бастады. 

1904 жылы Парижде Шахтерлердің халықаралық конгресі барлық елдердің тау-кен саласында 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді талап етті. 

9 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1994 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік қоймасының іргетасы қаланды;

2007 жылы Астанадағы Ресей мәдениет және ғылым орталығында Борис Резванцевтің "Тропами Шамбалы. От Алтая и Урала" кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Қазақстанның экологиясын, табиғаты мен жер асты байлығын сипаттайды.   

1995 жылы Иранда "Абай шығармашылығына көзқарас" атты кітап жарық көрді. 

9 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар:

1914 жылы фин жазушысы, суретші Туве Марика Янссон дүниеге келді;

1920 жылы Ресей театр және кино актрисасы Елена Андерегг туды;

1930 жылы кеңес журналисі, саясаттанушы, публицист әрі дипломат Александр Бовин дүниеге келді; 

1938 жылы Украинаның тұңғыш президенті Леонид Кучма туды;   

1963 жылы америкалық эстрада әншісі, актриса, продюсер Уитни Хьюстон өмірге келді. 

9 тамызда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1879 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың белсенді қатысушысы, Қазақ КСР-інің халық ақыны Омар Шипин дүниеге келді. 

1933 жылы ғалым-геолог, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының профессоры Диаров Муфрат дүниеге келді;

1968 жылы Қазақстан бас көлік прокурорының орынбасары Ләззат Жанысова өмірге келді; 

1983 жылы еркін күрестен қазақ палуаны Дәулет Шабанбай дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

2018 жылдың 9 тамызында ай кішірейеді деп болжануда. Бұл күні маңызды істермен шұғылданбаған жөн. Мүмкіндік болса, жоспарланбаған демалыс алып, жан мен тәнді демалдыру керек. Ай Егіздер белгісінде орналасады.

141
Кілт сөздер:
9 тамыз, танымал тұлғалар, атаулы күндер, тарихи оқиғалар, мереке
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар тамызда неше күн демалатыны белгілі болды
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 3 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 2 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 1 тамыз
Загрузка...