Абай Құнанбаев ескерткіші

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 тамыз

51
(Жаңартылды 19:23 10.08.2018)
Бұл – Григориан күнтізбесінде 222-ші күн. Жылдың соңына дейін 143 күн бар

10 тамызда не болғанын білесіз бе? Бүгінгі күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

10 тамызда әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бұл күні Эквадор Тәуелсіздік күнін мерекелейді. 

Жыл сайын 10 тамыз күні Халықаралық биодизель күні аталып өтеді –бұл экологиялық таза отынның құрметіне арналған бейресми мереке. 

Тәжікстанда бүгінгі дата дене шынықтырушы күні ретінде танымал. 

АҚШ-та – Ұлттық жалқаулық күні.

Жыл сайын дәл осы күні Ригада халықаралық сальса фестивалі өтеді. 

10 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1500 жылы "Мадагаскар" аралы ашылды; 

1793 жылы Парижде Лувр алғаш рет туристер үшін ұлттық көркемөнер музейі ретінде жұмысын бастады; 

1962 жылы Литвада Вильнюс планетариі ашылды; 

2003 жылы ресейлік ғарышкер Юрий Маленченконың алғашқы "Ғарыштық үйлену тойы" өтті. 

10 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1959 жылы Павлодар облыстық атқару комитеті облыстық балалар кітапханасына ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімін берді;

2005 жылы Абай Құнанбаевтың аталары жерленген Шығыс Қазақстан облысы Ақшоқы ауылының аумағында ұлы ақын, философ, ағартушының 160 жылдық мерейтойына арналған қара мәрмәрдан жасалған ескерткіш тасы орнатылды;

2009 жылы Ақмола облысы Щучьеде жаңа мешіт ашылды. 

10 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1894 жылы орыс әдебиетінің классигі Михаил Зощенко өмірге келді; 

1906 жылы радиокомментатор, спорт журналисі Вадим Синявский туды; 

1937 жылы Санк-Петербордың алғашқы мэрі Анатолий Собчак дүниеге келді; 

1940 жылы кеңестік театр және кино әртісі, сценарист, режиссер және жазушы Вениамин Смехов туды; 

1957 жылы тележүргізуші, ресейлік театр және кино әртісі Андрей Краско өмірге келді; 

1960 жылы испаниялық және америкалық әртіс, биші, әнші Антонио Бандерас дүниеге келді. 

10 тамызда Қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1845 жылы ұлы ақын, философ, композитор, ағартушы Абай Құнанбаев дүниеге келді; 

1948 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық өнер академиясының корреспондент-мүшесі Мұрат Құсайынов туды; 

1962 жылы қазақ киножұлдызы Венера Нығматулина дүниеге келді; 

1957 жылы ғалым, академик, педагогика ғылымдарының докторы, білім және ғылым вице-министрі, бірнеше жоғарғы оқу орнының ректоры болған Тахир Балықбаев туды.

Ай күнтізбесі 

10 тамызда ай кішірейеді деп болжанып отыр. Бұл күні таза ауада демалып, ұйқыны қандырған дұрыс. Ай Арыстан белгісінде орналасады.

51
Кілт сөздер:
мереке, 10 тамыз, танымал есімдер, тарихи оқиғалар, атаулы күндер, Қазақстан
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (127)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 тамыз
Загрузка...