Жастар

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 тамыз

26
(Жаңартылды 19:55 12.08.2018)
Бұл Григориан күнтізбесінде 224-ші күн. Жылдың соңына дейін 141 күн бар

11 тамызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

12 тамызда әлемде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Халықаралық жастар күні. Мереке БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен 1999 жылдың 17 желтоқсанынан бастап аталып өтеді. 

Таиландта "Ана күні" тойланады. Тай халқы үшін ұлттық мерекенің маңызы зор. Ол Сикирит ханшайымның туған күні құрметіне бекітілген. 

Украинада Ветеринарлық медицина қызметкері күні аталып өтеді.  

Ресей Федерациясында – Әскери-әуе күштері күні. 

Қырғызстанда 12 тамызда қылмыстық-атқару жүйесі күні мерекеленеді.

12 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1851 жылы Америкада алғашқы тігін машинасы патенттелді; 

1918 жылы АҚШ-та теміржол вокзалдарында ішімдік сатуға тыйым салынды; 

1928 жылы Ресей астанасында Максим Горький атындағы Орталық мәдениет саябағы ашылды; 

1981 жылы IBM компаниясы алғашқы дербес компьютерін шығарды. 

12 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1748 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан қаза тапты; 

1953 жылы Семей полигонында қуаттылығы 400 килотонналық термоядролық жарылыс жасалды; 

1971 жылы іргетасы 1950 жылы қаланған Лисаков елді мекеніне қала мәртебесі берілді; 

1991 жылы туризм министрлігі құрылды;

2012 жылы Лондон Олимпиадасында қазақстандық боксшы Серік Сәпиев Қазақстан құрамасы үшін кезекті алтын медаль олжалап, чемпион атанды;

2013 жылы Оңтүстік Қазақстандағы ежелгі Күлтөбе қалашығында қазба жұмыстарын жүргізу кезінде біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларында салынған бірегей сәулет кешені табылды.

12 тамызда туған танымал тұлғалар 

1860 жылы Адольф Гитлердің анасы Клара Гитлер дүниеге келді; 

1887 жылы австриялық физик-теоретик, квант механикасы мен материяның толқындық теориясын жасаушы, физикадан Нобель сыйлығының лауреаты  Эрвин Рудольф Йозеф Александр Шредингер туды; 

1952 жылы Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Сергей Фетисов өмірге келді; 

1954 жылы "Цыган" фильмінде ойнаған, кеңес және өзбек кино әртісі Матлюба Алимова дүниеге келді; 

1988 жылы ағылшын кәсіпқой боксшысы Тайсон Фьюри туды. 

12 тамызда Қазақстанда туған танымал тұлғалар

1873 жылы қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, ағартушы, фольклоршы Отыншы Әлжанов өмірге келді;

1934 жылы ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдірашит Сыдыханов дүниеге келді; 

1949 жылы қол күресінен спорт шебері, армрестлингтен Қазақстаның еңбек сіңірген бапкері Сатыбалды Қыдырханов туды. 

Ай күнтізбесі 

Бүгін белсенділікті қажет ететін күрделі істерден аулақ болған жөн. Үйде тұрмыста ештеңені түбегейлі өзгертпейтін күнделікті тірлікпен айналысқан абзал. Жұмыста басшылықпен және әріптестеріңізбен аз сөйлесуге тырысыңыз. Бұл күні қалтаңыздағы ақшаға мұқият болыңыз: көп ақша жұмсап, қарыз беруге болмайды. Өйткені кейін берешекті қайтару қиынға соғуы мүмкін.

26
Кілт сөздер:
12 тамыз, атаулы күндер, тарихи оқиғалар, туған күн, жұлдыз жорамал, мереке, жастар, танымал есімдер
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 3 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 2 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 1 тамыз