Қазақстан жалауы

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 тамыз

72
(Жаңартылды 17:35 23.08.2018)
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 235-күн. Жыл соңына дейін 130 күн бар

23 тамыз күні қандай елеулі оқиғалар болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

23 тамызда әлемде не болды?

Бүгінгі күн ұлттық мерекелерімен бай. Беларусь Республикасында мемлекеттік статистика, Ресейде әскери даңқ, ал Украинада жалау күні.

Дүниежүзі құл саудасы мен оның жойылуы күнін еске алуда. Бұл дата 1998 жылы белгіленген.

Еуропада бүгін сталиншілдік пен ұлтшылдық құрбандарын еске алып жатыр. Бұл күні Кеңес одағы мен Германия арасында шабуыл жасауға қатысты келісімге қол қойылды.

23 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1799 жылы Ленинградта сақал қоюға (бакенбард) тыйым салынды;

1839 жылы ағылшын әскері Гонконгке басып кірді;

1913 жылы Копенгагенде Андерсен ертегісінің кейіпкері су перісіне арнап ескерткіш ашылды;

1928 жылы "Победа" кемесі іске қосылды;

1942 жылы Сталинградты қорғау шаралары басталды;

1975 жылы Харковь метрополитені ашылды.

23 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1916 жылы бай мен діни адамдардың балаларын әскерден босатуға жарлық берілді;

1992 жылы Қазақстан, Армения және Әзербайжан президенттері арасында келіссөз жүргізілді;

1996 жылы Алматыда Қырғыз Республикасының елшілігі ашылды;

2002 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандының құрметті азаматы атанды.

23 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1754 жылы Бурбон әулетінен шыққан француз патшасы XVI Людовик дүниеге келді;

1910 жылы футболдан әлемнің екі мәрте чемпионы Джузеппе Меацца туды;

1948 жылы Кеңес одағының кино мен театр актрисасы Анна Твеленева (Нестерова) дүниеге келді;

1968 жылы Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Чекмазов туды;

1979 жылы Ресейлік шоумен, әндер авторы әрі орындаушысы Семен Слепаков дүниеге келді.

23 тамызда Қазақстанда кім дүниеге келді?

1911 жылы қазақтың белгілі сатирик-жазушысы, аудармашы Жүсіпбек Алтайбаев дүниеге келді;

1949 жылы "Философия, саясаттану және дінтану институты" РМК директоры Бижанов Ақан Құсайынұлы дүниеге келді;

1957 жылы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Исімбаева Гүлмира Истайбекқызы туды;

1957 жылы педагогика ғылымдарының докторы Қышқашбаев Тілеуғали Әшірбекұлы дүниеге келді;

1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Перепечина Ольга Валентиновна дүниеге келді;

1969 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Тауешкілерге махаббат, романтикалық және өзге де қарым-қатынас үшін қолайсыз күн. Жұмыста әріптестермен келіспеушілік көп болуы мүмкін. Бұл күнді қайырымдылыққа арнап, айналадағы адамдарға сый-сияпат жасаған дұрыс.

72
Кілт сөздер:
23 тамыз, атаулы күндер, тарихи оқиғалар, әлемде, мереке, дін, президент, Назарбаев, Алматы, Қазақстан
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (317)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 тамыз
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 21 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 тамыз
Загрузка...