Дерекқор

"Тегін тасыңдар!". Исекешев жолаушы тасымалдаушылардың жұмысына неге шүйлікті?

© Photo : пресс-служба акима Алматыавтобус
автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана әкімі барлық мәселені 1 қыркүйекке дейін шешуді тапсырды

АСТАНА, 28 тамыз  Sputnik. Әкім Әсет Исекешев қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысына жауаптыларды сынады, деп хабарлайды Sputnik әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы автобустың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жолақы 200 теңгеге дейін көтеріле ме? Исекешев жауап берді

Қала басшысы әлеуметтік желіде тұрғындардың жазып жатқан пікірлеріне қарап "Астана LRT" ЖШС мен жол-көлік инфрақұрылымын дамыту салалары басшыларының жұмысы өзінің де көңілінен шықпай отырғанын жеткізді. 

"Барлық қиындықты оқу жылы басталмай тұрып шешіп алу қажет. Адамдар жұмыс істемейтін валидаторларға бола автобус күтіп қалмаулары тиіс",  дейді қала әкімі.

Оның айтуынша, мемлекет қоғамдық көлік жұмысын субсидиялауға ақша бөліп отыр. Сондай-ақ, Исекешев 90-95%-і жолға шықпайтын автопарктердің келісімшарттарынан айырылатынын жеткізіп, барлық валидатордың жұмысын ретке келтіруді тапсырды.

"Егер валидаторлар тұрақты жұмыс істейтіндей жасай алмасаңыздар, адамдарды тегін тасыңыздар",  деп ескерту жасады Исекешев.

Мұнымен қатар, ол автобустарды бақылауға көмектесетін GPS мониторингінің дұрыс жұмыс істемейтінін жеткізді. Осының салдарынан халық қиындық көріп отырған-ды. Ал электрондық таблодағы және автобустардың келетін уақыты туралы ақпарат арасындағы айырмашылық 3-5 минуттан аспауы тиіс. Бұдан өзге әкім транспорттық карталарды толтыруға қатысты мәселені көтерді.

Тағы оқыңыз: Әкім Астанадағы қоғамдық көліктердің жұмысына қайда шағымдану керектігін айтты

"Картаға салған ақша көп дегенде үш сағат ішінде түскені жөн. Ақша жылдам түсуі үшін жүргізушілер валидаторларды қайта өшіріп-қосулары тиіс",  деп тапсырды әкім.

"Астана LRT" ЖШС-не тамыз айының соңына дейін төлем жүргізудің қосымша түрлерін енгізу тапсырылды. Олар QR-код, смартфон немесе интернет-банкинг арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Автопарк өкілдері төлемнің электронды жүйесі енгізілгелі айналымды 30%-ке көбейткенін және осы ақшаның қызметті жақсартуға жұмсалатынын айтты.

Жаңалықтар
0