Мәңгілік алау

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қыркүйек

21
(Жаңартылды 17:57 04.09.2018)
Бұл – Григориан күнтізбесінде 245-ші күн. Жылдың соңына дейін 120 күн бар

2 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

2 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиға болды:

2 қыркүйекте Ресейде Әскери даңқ күні – Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні (1945) аталып өтеді.

Вьетнам мен Приднестровье Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Австралияда бүгін Әкелер күні аталып өтеді. Мерекенің басты мақсаты — баланы тәрбиелеудегі және жаңа тұлғаны қалыптастырудағы әкенің рөлін атап өту.

2 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар:

1922 жылы Генри Форд зауыттарында (автокөлік өндіретін зауыт) кімнен алкогольдің иісі шықса, сол дереу жұмыстан босатылатыны туралы ескерту жасалды;

1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Жапонияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды;

1958 жылы Қытай телевидениесі алғаш рет эфирге шықты;

1971 жылы Біріккен Араб Республикасы Мысыр және Сирияға бөлінді;

1996 жылы Украинада жаңа валюта – гривна енгізілді.

2 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1938 жылы Алматыны Павлодармен байланыстыратын телеграф желісі жұмысын бастады; 

1992 жылы алпыс жылға жуық Карелия жерінде жатқан қазақ ақыны, жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың мәйітін Торғай облысының Жангелдин ауданындағы өз атымен аталатын ауылға жерлеу үшін арнайы делегация жолға шықты;

1994 жылы Алматы қаласында әйгілі Раймбеков батыр кесенесінің салтанатты ашылуы өтті; 

1995 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен жазушы Морис Давыдович Симашко "Қазақстанның халық жазушысы" атағына ие болды;

2007 жылы Қазақстанда алғашқы рет күрт тілінің оқулығы жарық көрді.

2 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар:

— 1926 жылы Ресей театр және кино актері Евгений Леонов дүниеге келді;

— 1935 жылы Ресейдің халық әртісі Валентин Гафт дүниеге келді;  

— 1946 жылы Американың рок-музыка жұлдызы  Билли Престон дүниеге келді (вокал, фортепиано);

— 1964 жылы америкалық актер және музыкант Киану Ривз дүниеге келді ("Матрица", "Константин");

— 1965 жылы 1999 жылғы бокстан абсолютті әлем чемпионы Леннокс Льюис дүниеге келді;

— 1967 жылы Украина халық әртісі, театр және кино актері, тележүргізуші Остап Ступка дүниеге келді ("Тарас Бульба").

2 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді:

—  1906 жылы геолог-маркшейдер, КСР Ғылым академиясының академигі Ақжан Әл-Машани дүниеге келді;

— 1932 жылы КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық батыры, кинорежиссер және театр режиссері Әзірбайжан Мәмбетов дүниеге келді;

— 1937 жылы опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі, М. Глинка атындағы Бүкілодақтық вокалистер байқауының лауреаты Мұрат Мұсабаев дүниеге келді; 

— 1938 жылы Аралды құтқару қорының атқарушы директоры Алмабек Нұрышев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай егіздер белгісінде орналасады. Жаңа отбасын құруға қолайлы күн. Шығармашылық және бай адамдар үшін неке сәтті және берік болады. Мерекелік үстелге ерекше назар аударыңыз, ол әртүрлі және ерекше болуы керек. 


21
Кілт сөздер:
атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер, Қазақстан
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 31 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 тамыз
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 21 тамыз
Загрузка...