Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қыркүйек

© Fotolia/ GreseiСкрипка
Скрипка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 249-шы күн. Жыл соңына дейін 116 күн бар.

6 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

6 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгінгі күн ерекше әрі қызықты мерекелерге толы. Біріншісі — бөгде планеталықтардың адамдарды ұрлау күні. Кей кезде шындығында да бізбен қатар өмір сүріп жатқан басқа балама әлем бар шығар деп ойлайтынымыз рас. Тіпті Марстан басқа, кез келген өзге өркениетпен алғаш болып байланысқа түскендерге жүлде де тағайындалған еді. Ал бөгде планеталықтарға жіберілген алғашқы радиоүндеуде небәрі үш сөз бар болатын — "Бейбітшілік. Ленин. КСРО".

Сондай-ақ бүгін әлем халқы Жер үстінде ұшу күнін атап өтеді.

Ал Чили жұрты Ұлттық бірлік күнін мерекелесе, Пәкістанда — Қорғаныс күні, Болгарияда бірігу күні аталып өтеді.

6 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1819 жылы АҚШ-та жонғыш білдек патенттелді;

1936 жылы КСРО-да "Халық әртісі" құрметті атағы бекітілді;

1952 жылы Женевада Авторлық құқық туралы бүкіләлемдік конвенцияға қол қойылды; 

1991 жылы Ленинградтың атауы Санкт-Петербор болып өзгертілді.

6 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1925 жылы "Таң" журналында Әлихан Бөкейханов жасаған "Қобыланды" жырының бiрiншi зерттеулерінің нәтижесі жарияланды;

1927 жылы Оралда әйгілі өнер зерттеушісі, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевич ұйымдастырған алғашқы қазақ музыкасының кеші болып өтті;

1985 жылы Екібастұз қаласында орналасқан "Богатырь" көмір разрезі әлемдегі ең ірі разрез ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді;

1997 жылы алғаш рет қазақша күрестен әлем чемпионаты өтті;

2006 жылы Мәскеудегі "Пушкин" кинотеатрында қазақстандық "Көшпенділер" фильмінің премьерасы өтті.

Әлемде 6 қыркүйекте туған танымал тұлғалар

— 1886 жылы театр және кино әртісі, Сталин жүлдесінің төрт дүркін лауреаты ("Великий перелом", "Повесть о настоящем человеке", "Возвращение Максима") Александр Зражевский дүниеге келді;

— 1908 жылы британиялық физик, атом және кварц сағаттарының негізін қалаған Льюис Эссен туды;

— 1959 жылы ресейлік актер Александр Боровиков ("Беспредел", "ДМБ", "Серые волки") өмірге келді;

— 1973 жылы ресейлік әнші, музыкант, "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатунов туды.

6 қыркүйек күні Қазақстанда кімдер туды?

1935 жылы ақын Мәжіліс Өтежанов дүниеге келді;

1951 жылы домбырашы, күйші, Қазақстаннның халық әртісі Тұяқберді Шәмелов өмірге келді;

1964 жылы әнші Нұрлан Абдуллин туды. 

 

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Қиын әрі ауыр күн. Қандай сала болмасын, белсенділігіңізді тежей тұрған абзал. Күш-қуатыңызды босқа сарп етпеңіз. Араласпайтын адамдармен байланысыңызды үзіп, өмірге байсалды көзқараспен қараңыз.

Жаңалықтар
0