Немістер

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қыркүйек

30
Григориан күнтізбесіндегі 257-ші күн. Жыл соңына дейін 108 күн бар.

14 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін, Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

14 қыркүйекте әлемде қандай қызық оқиғалар болды

Германияда бүгін Картоп үзбесінің күні тойланады. Бір қарағанда, үзбе тағамында тұрған не бар деп ойлайсың. Ал ол немістердің жеңсік асы – картоп үзбесінің құрметіне ұлан асыр той жасайды. Тағамды әзірлеу әдісі де алуан түрлі: ащы, тұздалған, тәтті, ақ нанмен, ірімшікпен, асжапырақпен, құлпынаймен, шоколадпен, қара өрікпен, шабдалымен және сары өрікпен. Үзбе мерекесінде дәстүрлі музыка ойналып, қыркүйек айында осы бір саз құлақтан кетпейді. Мейрамханаларда қонақтарға үзбе асының 23-тен астам түрі және басқа да неміс тағамдары ұсынылады.

Үндістанда бүгін Хинди мерекесі аталып өтеді. Бұл күн 1949 жылы Құрылтай кезінде хинди тілінің Үндістанның ресми тілі ретінде қабылдануы құрметіне таңдалған. Хинди тілі қазір ағылшын тілімен қатар қолданылады.

14 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1867 – Карл Маркстың "Капитал" кітабының алғашқы томы жарық көрді;

1886 – АҚШ-та жазу машинасына арналған таспа патенттелді;

1939 – АҚШ-та И. И. Сикорскийдің алғашқы тікұшағы – VS-300 әуеге көтерілді;

1999 – "Америка аруы" байқауының ұйымдастырушылары ажырасқан әйелдерге қатысуға рұқсат берді.

14 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1920 – Қазақстанның бірінші халықтық әділет комиссары болып Ғұбайдолла Әлібеков тағайындалды, ол 1921 жылдың 17 қазанына дейін қызмет атқарды;

1934 – Егін жинауды ұйымдастыру үшін Қазақстанға ОК партиясының хатшысы Сергей Киров келді. Ол Шығыс Қазақстанға үш күн арнап, көптеген ауылды аралады. Хатшы өмірден озғаннан кейін Үлкен көшенің атауы Киров атындағы көше болып өзгертілді;

1992 – Алматы облысындағы Қазақ жер өңдеу институтының қазақ орта мектебіне Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді.

14 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

— 1932 жылы кеңестік тележүргізуші, КСРО-ның Мемлекеттік телерадиосы Орталық телевидениесінің дикторы Игорь Кириллов дүниеге келді;

— 1965 жылы Ресейдің мемлекеттік және саяси қайраткері, РФ үшінші президенті болған Дмитрий Медведев дүниеге келді;

— 1969 жылы ресейлік театр және кино актері Константин Юшкевич дүниеге келді;

— 1983 жылы ағылшын әншісі, әндер авторы Эми Уайнхаус дүниеге келді.

14 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді

— 1894 жылы көрнекті қоғам қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, аудармашы Ахмет Баржақсин дүниеге келді;

— 1935 жылы ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ораз Баймұратов дүниеге келді;

— 1940 жылы Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғабдығапар Сейітқасымов дүниеге келді;

— 1946 жылы Қазақстандағы бейнелеу өнері бойынша жоғары білім ұйымдастырушылардың бірі, "Қазақстан Республикасы суретшілер одағының" АҚ басқарма мүшесі Байтұрсын Омарбековтың дүниеге келді;

— 1948 жылы баскетболшы, КСРО спорт шебері Ольга Апатаева дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Ең бір қолайлы күндердің бірі. Көптеген адамдардың бұл күні көріпкелдігі оянып, түйсігі жақсы сезе бастайды, айрықша қабілеттері ашылады.

30
Кілт сөздер:
мереке, қызықты деректер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер, туған күн
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қыркүйек
Загрузка...