Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қыркүйек

CC0 / RitaE / Чизбургер
Чизбургер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 261-ші күн. Жыл соңына дейін 104 күн қалды

18 қыркүйек күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

18 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды?

Бүгін халықаралық суға мониторинг жүргізу күні. Мереке 2003 жылдан бері атап өтіліп келеді. Бұл мереке Американың таза су қорының бастамасымен экологиялық мереке ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда ол ақпараттық, арнайы бағдарламаға айналып, қоғамның қоршаған ортаны таза ұстау, су ресурстары проблемаларына қатысты білімін көбейту үшін бағытталған.

18 қыркүйек күні Австралиядан бастап АҚШ-қа дейінгі көптеген мемлекет чизбургер күнін атап өтіп жатыр. Аңыз бойынша, 1920 жылдары Лионель Штернбергер есімді жас аспаз Пасадендегі (Калифорния штаты) дәмханалардың бірінде алғаш рет гамбургерді байқамай күйдіріп алады. Алайда ол қатты күйіп кеткен етті қоқысқа тастаудың орнына, оның бетін ірімшікпен жабады. Бұл гамбургер қонақтарға қатты ұнап қалады. Ірімшік пен ет қосылған гамбургер осылай пайда болып, ақырында чизбургер деген атқа ие болды. Бұл күні көптеген фаст-фуд мейрамханасы қонақтарына тегін дәм ұсынады. Бұдан өзге бүгін тағы бір ерекше мереке бар. Ол — глинтвейн иісі күні.

Глинтвейн — қыздыратын әсері бар заманауи әрі тәтті сусын ғана емес, хош иістердің жиынтығы. Ол осы ерекше иісінің арқасында танымал. Глинтвейнді әзірлеу рецептілері көп және әрқайсысы әртүрлі жасалады. Бірақ барлығының дерлік құрамына хош иісті қалампыр, теңіз жаңғағы, даршын, бәден және зімбір қосылады. Сол себепті бүгін үйіңізде қандай тәтті тағамдар мен сусындар барын тексеріп, оларды көбейте түсуіңізге болады.

18 қыркүйек күні әлемде болған тарихи оқиғалар

1698 жылы Бастилияға "Темір бетперде" есімді құпия тұтқын жіберілді;

1830 жылы Райлиз Таверн мен Балтимор арасында болған 9 мильдік жарыста ат бірінші Америка паравозын басып озды;

1851 жылы АҚШ-та "Нью-Йорк таймс" газетінің бірінші нөмірі жарыққа шықты;

1934 жылы КСРО ұлттар лигасының құрамына кірді;

1980 жылы Куба ғарышкерімен бірге "Союз-38" ғарыш кемесі ұшырылды.

18 қыркүйек күні Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1975 жылы Алматы облысында Қапшағай фарфор зауыты іске қосылды;

1992 жылы мемлекеттік "Қазақстан" телерадио компаниясы құрылды;

2000 жылы  "Қазақстан петролеум" қауымдастығы мұнай және газ геологиясы туралы ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі терминологиялық сөздік шығарды; 

2006 жылы  Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған "Тәуелсіздік таңы" ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті;

2009 жылы  Нұрсұлтан Назарбаев "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды;

2010 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Мұхаммед Сужиковтың 100 жылдығына арнап "Халыққа сыйға берген жүрек" ("Сердце, отданное народу") атты кітап жарыққа шықты;

2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи құжаттар көрмесі ашылды;

2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Дина Нүрпейісоваға арналған "Дала әуендері" мүсінін Алматы қаласында орналасқан мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығына тарту етті;

2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы жаңа "Алматы Арена" мұз сарайының ашылуына қатысты. 

18 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1819 жылы күн сәулесінің жылдамдығын өлшеген француз физик, гироскоп пен Фуко маятнигін жасаушы Жан Бернар Леон Фуко туды;

1905 жылы швед әрі Америка актрисасы Грет Гарбо дүниеге келді;

1971 жылы Ресейдің опера әншісі, халық әртісі Анна Нетребко туды;

1988 жылы экстрасенс, көріпкел Мэрилин Керро жарық дүние есігін ашты.

18 қыркүйек күні Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1926 жылы жазушы Сейтқан Әбілқасымұлы дүниеге келді;

1952 жылы мемлекеттік және саяси қайраткер Сергей Дьяченко дүниеге келді;

1955 жылы ғалым, өнертанушы, этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Тынысбек Қоңыратбай дүниеге келді;

1948 жылы "Трансмаш холдинг" техникалық директоры Владимир Шнейдмюллер туды;

1967 жылы ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Бауыржан Төртбаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Тауешкі белгісінде дүниеге келгендер үшін жағымсыз күн болмақ. Бұл қауіпті күні сезімге ерік бермеген дұрыс. Барынша сақ болған жөн. Ұстамдылық серік болса, барлығы жақсы болады.

Жаңалықтар
0