Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 қыркүйек

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтукүріш
күріш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 263-ші күн. Жыл соңына дейін 102 күн бар.

20 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен ерекшеленетінін дереқорынан оқыңыз. 

20 тамызда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін, 20 қыркүйек – қоғамға пайдалы адамның күні. Бұл күні берекелі іс жасау керек. Бүгін қарт жандарға көмектесіп, қайырымдылық жасаған жөн. Қоғамдық ұйымға ерікті болуға немесе өз аулаңызды тазартуға атсалысуға болады. Ең бастысы, немқұрайдылық танытпай, басқаларға жақсылық жасауға асыққан абзал. 

Бүгін әлемде Күріш күні атап өтіледі. Бұл күнді Біріккен Ұлттар ұйымы бекіткен. Күріш күні мерекеден гөрі әлемде миллиондаған адамның аш жүргенін, оларды өлімнен күріш  — нәрлі, арзан азық құтқарып жүргенін еске салатын күн. Көптеген университет пен мектепте бұл күні түрлі акциялар өткізіледі, оқушылар күні бойы тек күріш қана жейді. Осылайша, олар күнде тек қана бір тамақ жеудің не екенін сезінеді. Бірақ күріш туралы әлемдік азық-түлік проблемасы тұрғысынан қарамайтын болсақ, бұл өте дәмді өнім, одан түрлі тамақ пісіруге болады. Сондықтан бұл күні қиялыңызға ерік беріп, тіпті күріштен тәтті десерттер мен ыстық сусындар дайындауға мүмкіндік бар.

Бүгін Венесуэла, Перу және Уругвайда ой-пікіріңді еркін білдіру күні.  

Әзербайжанда мұнайшылар күні.

20 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1792 жылы Францияда ерлі-зайыптылардың ажырасуына рұқсат берілді; 

1862 жылы Санкт-Петербургте алғашқы ресейлік консерваторияның негізі қаланды; 

1946 жылы тұңғыш Канн фестивалі өтті. 

20 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1913 жылы Семейде алғашқы қазақ футбол командалары пайда болды: ССК, "Олимп", "Ласточка", "Орлята" и "Ярыш";

1955 жылы Семейде республикалық тарихи-патриоттық "Поиск" клубы құрылды.

2006 жылы Қарағанды облысындағы "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында метанның жарылуы салдарынан 41 шахтер қаза тауып, 12-і әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

2006 жылы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогының әлемдік тобына жолдама алды. 

20 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

1934 жылы итальян актрисасы мен әншісі Софи Лорен дүниеге келді; 

1939 жылы "әлемдегі ең кішкентай адам" ретінде танымал америкалық актер Мичу Месарош өмірге келді; 

1948 жылы америкалық жазушы-фантаст, сценарист, продюсер және редактор Джордж Мартин дүниеге келді. Ол ғылыми фантастика жанрындағы әңгімелер мен повестер, қорқынышты және фэнтези әдебиет арқылы танымал болды. Әсіресе, "Песнь Льда и Огня" романдар циклі мен HBO компаниясы түсірген "Игра престолов" белгілі сериалы түріндегі еңбегі көпшілікке мәлім. 

1974жылы ресейлік эстрада әншісі Катя Лель дүниеге келді. 

20 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1891 жылы қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері Жұмақан Күдерин дүниеге келді;

1910 жылы экономист, Қазақ КСР-нің қоғам және саясат қайраткері, құрметті теміржолшы Өтешқали Атамбаев дүниеге келді;

1920 жылы агроном-ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Балапанов дүниеге келді;

1923 жылы радиолог-онколог, медицина ғылымының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, халықаралық бейбітшілік сыйлықтың лауреаты Сайым Балмұқанов дүниеге келді;

1925 жылы ақын, жазушы, драматург Жұмабай Тәшенов дүниеге келді;

1958 жылы ақын, Қазақстан жастар одағы сыйлығының, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының Қасымхан Бегманов дүниеге келді. 

1965 жылы белгілі актер Ғани Құлжанов Әбдуалиұлы дүниеге келді.

Жаңалықтар
0