Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 қыркүйек

CC0 / rawpixel / Жоспар жазылған блокнот
Жоспар жазылған блокнот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 267-ші күн. Жыл соңына дейін 98 күн бар

24 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

24 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлем халқы Халықаралық керуеншілер күнін атап өтеді. Бұл мерекені керуенбасылар, көлік колонналары мен кеме керуендері құрамындағы адамдар, алыс жолға қатынайтындар, сауда кемелерінің командалары мен экспорт кемелерінің экипаждары тойлайды. Кәсіби мерекені Халықаралық жүк-көлік операцияларын раицоналдау қауымдастығы 1995 жылы бекіткен.

Ал мереке күні ретінде 24 қыркүйектің таңдалу себебі — бұл XVI-XVII ғасырларда өмір сүрген белгілі британиялық теңізші және навигатор Уильям Адамстың туған күні. Ол Жапония жағалауына жеткен алғашқы британиялық саналады. 1597-1600 жылдардағы теңіз саяхатынан кейін Адамс Күншығыс елінде 20 жыл тұрып, Жапонияның Англия және Голландиямен сауда қарым-қатынастарын дамытуға көп еңбек сіңірген. Сондай-ақ бүгін — Істерді аяқтау күні. Бастаған істі соңына дейін жеткізу — табысқа жету қағидаттарының бірі.

24 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1846 жылы Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары — Нептун табылды;

1852 жылы Францияда әлемде алғаш рет бу қозғалтқышы бар дирижабль ұшты;

1893 жылы Петербургте Ресейдегі алғашқы футбол матчы өтті;

1953 жылы АҚШ-та алғаш рет панорамды фильм көрсетілді;

1970 жылы Кеңестік "Луна-16" ғаламшараралық станциясы жерге ай топырағын жеткізді. Осылайша, ол жерге ғарыштан зат жеткізген алғашқы аппарат болды.

24 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1934 жылы Ұйғыр музыкалық комедия театры құрылды;

2005 жылы Петропавлда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды;

2007 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында академик Әбікен Бектұровтың ескерткіші орнатылды.

24 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар

1739 жылы ресейлік мемлекет қайраткері, генерал-фельдмаршал, Қара теңіз әскери флотының негізін қалаған және оның бірінші бас қолбасшысы Григорий Потемкин дүниеге келді;

1941 жылы кеңестік театр және кино әртісі Игорь Ясулович (фильмдер "И все-таки я люблю", "Выйти замуж за генерала", "Ванька Грозный", "Алхимик") туды;

1945 жылы кеңестік және ресейлік ақын, әндердің авторы, аудармашы Лариса Рубальская өмірге келді;

1946 жылы кеңестік театр және кино әртісі Наталья Арынбасарова дүниеге келді (фильмдері "Первый учитель", "Ташкент — город хлебный", "Джамиля");

1983 жылы ресейлік әртіс, Comedy woman шоуының қатысушысы Татьяна Морозова туды.

24 қыркүйекте Қазақстанда кімдер өмірге келді

1904 жылы жазушы, аудармашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен Өзденбаев туды;

1919 жылы ақын, фольклоршы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты Балтабай Адамбаев дүниеге келді;

1941 жылы жазушы Айша Көпжасарова өмірге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балық белгісінде орналасады. Бұл күні өзіңе мұқият болып, ашуға бой алдырмай, ішкі тыныштықты сақтаған абзал.

Жаңалықтар
0