Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 қыркүйек

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуСағат дүкені
Сағат дүкені - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 268-ші күн. Жыл соңына дейін 97 күн бар.

25 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

25 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – АҚШ-та ұлттық комикс күні. Америкалық комикс сүйер қауым (тек олар ғана емес) бұл мерекені жыл сайын атап өтеді.

Графикалық оқиғалар мәдениетте ежелден бар дүние, оның айқын мысалы – жартасқа салынған суреттер. "Путешествия доктора Синтаксиса в поисках живописного" сериясы нағыз графикалық прозаның алғашқы үлгісі болып саналады. 1892 жылы суретші Ричард Оуткаулттың "Қонжықтар мен жолбарыс" атты алғашқы америкалық комиксі жарыққа шықты.

Аталған жанр Жаңа Дүниеде зор танымалдылыққа ие болып, комикстер АҚШ-тың бұқаралық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде  комикс сүйер қауым әлемнің түкпір-түкпірінде бар. Олар қауымдастыққа бірігіп, тематикалық щаралар ұйымдастырып жатады. Кейбіреулері үшін комикстер – бұл өзіңді қаһарман сезінуге мүмкіндік беретін тұтас бір жеке әлем. 25 қыркүйек күні комикс сататын дүкендер ескі баспаны лақтырмауға кеңес береді. Өйткені бірнеше жылдан кейін олар сирек кездесетін бағалы туындыға айналып, құндылығы артуы мүмкін.

Тағы бір ерекше мереке – Тықылдайтын сағат күні. Адам өмірі үшін уақыттың маңызы зор. Ертеректе адамзат күн мен құмға қарап, уақытты шамаласа, қазіргі өмірді сағат тілінсіз елестету мүмкін емес. Бұл мерекенің күз мезгілінде аталып өтуі бекерден-бекер емес, дәл осы шақта адам баласы өмір жайлы философиялық ойларға шомып, уақыттың қадірін түсінеді.

25 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1818 жылы – Англияда әлемде алғаш рет адамнан адамға қан құю бойынша операция жасалды;

1906 жылы – испаниялық математик Леонардо Торес де Кеведо әлемдегі алғашқы радиомен басқарылатын құрылғы – Telekino-ны таныстырды;

1926 жылы – Генри Форд бескүндік 8 сағаттық жұмыс аптасын енгізді;

2002 жылы – Иркутск облысына Витимский метеориті құлады.

25 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1928 жылы – Қызылордада орыс тілінде "Ленинская смена" жастар газетінің алғашқы саны жарық көрді;

1937 жылы – Алматыда қалалық хайуанаттар бағы ашылды;

1947 жылы – Өскемен мырыш зауыты іске қосылды;

2005 жылы Шымкент археологтары Оңтүстік Қазақстанның (қазіргі Түркістан облысы) Ордабасы ауданында көне жазба ескерткіштерінің бөлшектерін тапты.

25 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар

— 1937 жылы кеңестік театр және кино әртісі Владимир Трещалов дүниеге келді (Фильмдер: "Штрафной удар", "Весенние хлопоты", "Неуловимые мстители");

— 1938 жылы кеңестік театр және кино әртісі, РКФСР халық әртісі Лидия Федосеева-Шушкина өмірге келді (фильмдері: "12 стульев", "Демидовы", "На златом крыльце сидели", "Виват, гардемарины!", "Хождение по мукам", "Грехи наши");

— 1944 жылы америкалық актер Майкл Дуглас туды (фильмдері: "Призраки бывших подружек", "Нокаут", "Он, я и его друзья");

— 1968 жылы америкалық актер, рэп және хип-хоп орындаушысы Уилл Смит дүниеге келді (фильмдері: "Плохие парни", "Люди в черном", "Я, робот", "Правила съема: Метод Хитча").

25 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1899 жылы ақын Баймағамбет Ізтөлин өмірге келді;

1938 жылы химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Немеребай Нұрахметов  туды;

— 1960 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының меццо-сопрано дауысты әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Глинка атындағы халықаралық әншілер байқауының лауреаты Сара Ищанова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Тазалық пен үйлесімділік күні.

Жаңалықтар
0