Достық

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 қыркүйек

60
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 269-шы күн. Жыл соңына дейін 96 күн бар

26 қыркүйек не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

26 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

11 жыл қатарынан репродуктивті денсаулық пен отбасын жоспарлау проблемаларымен айналысатын бірнеше ұйымның бастамасымен дүние жүзі контрацепция күнін атап өтіп келеді. Мерекенің жас болғанына қарамастан, контрацепциялардың пайда болғанына мыңдаған жыл өтіп кетті. Аңыз бойынша мүшеқапты қозының қуығынан Крит Миностың әйелі жасаған. Ежелгі Африкада оны қолтырауын терісінен, ал Еуропада үй жануарларының ішегі мен мақтадан, ал Қытайда жібектен жасады. Әлбетте ол кезде бір мүшеқапты бірнеше рет пайдалануға болатын еді. Оларды әр пайдаланған сайын арнайы спермицид қоспасымен жуып, кептіріп, кейін қорабына салып қоятын болған. 

Күнтізбеге ресми енгізілмесе де, жүрекке жылы тиетін бір мереке бар. Ол — ескі достардың кездесетін күні. Ғалымдар қартайған шаққа дейін достасып, жандарына жақын адамдар таба білгендердің басқаларына қарағанда ғұмырлары ұзақ болатынын айтады. Сол себепті бұл ескі достарды тауып, олармен жүздесетін таптырмас себеп. Көңіл көтеріліп қана қоймай, оның денсаулыққа тигізер пайдасы мол. Сондай-ақ, бүгін рөмкелер күні. Әдетте бұл күн туралы көп айтыла бермейді. Қандай жағдай болса да, рөмкелердің иелерін демалыс күндерге дейін күте тұрғандары жақсы. Айтпақшы, сіз рөмке мен кішкене стақанның бір-бірінен қандай айырмашылығы барын білесіз бе? Айырмашылығы қарапайым: рөмкенің төменгі жағында қолмен ұстайтын бөлігі бар, ал стақанда жоқ.

26 қыркүйекте болған тарихи оқиғалар

1887 жылы әлемде бірінші рет граммофон патенттелді;

1960 жылы БҰҰ тарихында Фидель Кастро бәрінен ұзақ сөйледі — 4 сағат 29 минут;

1977 жылы Украинаның бірінші атом станциясы Чернобыл АЭС бірінші рет тоқ берді;

2008 жылы Моңғолияда Шыңғысханға арналған ірі ескерткіш ашылды.

26 қыркүйек күні Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1970 жылы КСРО жоғарғы кеңесі президиумының қаулысымен Алматы жалпы әскери командалық училищесі құрылды;

1997 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен "Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама" бекітілді;

2000 жылы "Қазақстан-Сорос" қоры "Шетелде білім алу" атты алғашқы білім жәрмеңкесін өткізді;

2001 жылы республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы өтті;

2002 жылы ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен ғылым өркендеген көне Тараздың 2000 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды;

2003 жылы Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне ұлттық мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды;

2005 жылы Атырау мұнай өндеу зауытының есімі ғаламшарға берілді;

2012 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Аңшы бала" кинокартинасы ХХІ ашық фестивалі аясында "КиноМалыШок" байқауында "ең үздік" фильм атанды;

2012 жылы халықаралық көрмелер бюросының Париждегі штаб-пәтерінде Қазақстан, Бельгия, Бразилия, Ресей, Таиланд, Түркия елдері делегацияларының EXPO-2017 және EXPO-2020 көрмелерін өткізу құқығы талқыланған достық кездесуі өтті;

2015 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-сессиясына қатысу үшін Нью-Йорк қаласына барды;

2015 жылы Миланда өткен "ЭКСПО-2015" көрмесінің Қазақстан павильонына келгендердің саны 8 миллионнан асты.

26 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1934 жылы кеңес кино және театр актері Олег Басилашвили дүниеге келді. Ол "Қызметтік роман", "Екі адамға арналған вокзал", "Күзгі марафон" фильмдерінде ойнаған;

1940 жылы кеңес кино және театр актрисасы Людмила Максакова туды. (Ол "Жарқанат", "Он қарадомалақ" фильмдерінде ойнаған);

1956 жылы әйгілі "Терминатор" және "Терминатор-2" фильмінде Сара Коннордың рөлін ойнаған Линда Гамильтон дүниеге келді. Сондай-ақ, ол "Кин-Конг тірі" фильмінде Эми Франклин рөлін сомдады;

1965 жылы Украинаның 5-ші президенті Петр Порошенко дүние есігін ашты;

26 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1908 жылы ақын Таир Жароков дүниеге келді;

1938 жылы тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының, жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тоқмұхамед Садықов дүниеге келді.

1956 жылы "Aspan-Tau LTD" ЖШС директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қажымұқан Арынов дүниеге келді;

1958 жылы ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Марфуға Бектемірова дүниеге келген;

1966 жылы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов дүниеге келді;

1971 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрайымы Лаура Ахметниязова Мұстафақызы дүниеге келді;

1985 жылы Орал әкімі аппаратының басшысы Сәкен Нұртазаев Рүстемұлы дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде тоқтайды. Бүгін жақындармен жүздесіп, қуанатын күн. Ең бастысы, адам бұл күні жалғыз жүрмеуі тиіс. Керісінше сүйіктісіне немесе өзі ұнатқан жанға мінезіндегі жақсы тұстарын көрсеткені жөн.

60
Кілт сөздер:
Таиланд, Түркия, Ресей, Қазақстан
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 қыркүйек
Загрузка...