Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 қыркүйек

CC0 / Inactive account – ID 12019 / Қоян шөп үстінде жатыр
Қоян шөп үстінде жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 270-ші күн. Жыл соңына дейін 90 күн қалды

27 қыркүйек күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

27 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды?

Бүгін, 27 қыркүйек — халықаралық туризм күні. Мерекені туризм саласында жұмыс істейтін қызметкерлер ғана емес, өзгелері де атап өте алады. Себебі әрқайсымыз өмірімізде бір рет болсын турист болып көргенбіз. Егер осы күнге дейін саяхаттап көрмеген болсаңыз, отырып алып болашаққа жоспар құрғаныңыз жөн.

Әлем жұрты бүгін БҰҰ жүйесіндегі басты халықаралық мерекелердің бірі — теңіз күнін атап өтіп жатыр. Бұл күн 1978 жылдан бастап үкімет аралық консультативтік теңіз ұйымының 10-шы Ассамблеясы шешімімен мереке ретінде күнтізбеге енгізілді. 1980 жылға дейін оны 17 наурыз күні атап өтетін. Бұл күннің басты мақсаты — адамзаттың есіне балық аулау, теңізге қоқыс тастау, суағарларды тазаламау арқылы теңізге қаншалықты зиян келтіретінімізді еске салу. Яғни теңіз қауіпсіздігін күшейтіп, оны тазарту. Әсіресе, мұнайдан тазалау.

Сондай-ақ, күнтізбеде халықаралық қоян күні пайда болды. Оның мақсаты — адамзатты қояндарға мейірімділікпен қарауға және оларды өлтіріп, терісін пайдаланбауға шақыру. Жер бетінде қояндардың екі жүздей ғана түрі бар. Ішінде олардың 50-і сәндік мақсатта пайдаланылады. Олар жүндерінің қалыңдығы, ұзындығы және түсі, құлағы, салмағы арқылы ерекшеленеді.

Көптеген мемлекетте "қоян сұлулығы" атты байқау немесе ұзындыққа секіру сынды жарыстар өтеді. Ұлыбритания мен Скандинавия мемлекеттері — үй жануарларын ұстаудан алда келеді.

27 қыркүйекте болған тарихи оқиғалар

1863 жылы Санкт-Петербургте Ресейдегі бірінші балабақша ашылды;

1937 жылы АҚШ-та Санта-Клаустарды оқытуға арналған әлемдегі бірінші мектеп ашылды;

1960 жылы Останкино телемұнарасы тұрғызыла бастады;

2001 жылы Норвегия билігі математика саласындағы зерттеулерге арнап Абелев марапатын енгізді.

27 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

2000 жылы РАТА-ТАСС агенттігі мен "Қазақстан Интерпресс" қоғамдық қоры "Қазақстан-ТАСС" агенттігін құрды.

2005 жылы Алматыда екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды тереңдету мақсатында құрылған Қазақстан-Германия кәсіпкерлері қауымдастығының таныстырылымы өтті;

2005 жылы Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда контемпорари арт атты жаңа залы ашылды;

2005 жылы Астанадағы Жамбыл атындағы №4 мектеп-гимназияда жас туристер станциясы ашылды;

2006 жылы Алматы облысы Іле ауданындағы Первомай кентінде Қазақстандағы алғашқы инфузиялық ерітінділер шығаратын зауыттың таныстырылымы өтті;

2007 жылы Алматыда "Абай жолы" романының орыс тіліндегі жаңа аудармасының таныстырылымы болып өтті;

2007 жылы Павлодарда ақын, аудармашы әрі драматург Аманжол Шамкеновтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды;

2007 жылы Семейде Қазақстандағы бірінші автобус құрастыру зауыты — "DAEWOO BUS KAZAKHSTAN" ЖШС ашылды.

27 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1972 жылы америкалық актриса әрі әнші Гвинет Пэлтроу дүниеге келді. Ол "Оскар" жүлдесінің иегері (фильмдері: "Крик", "Эмма", "Влюбленный Шекспир");

1978 жылы украиналық әнші, Украинаның халық әртісі Ани Лорак дүниеге келді;

1984 жылы канадалық әнші, автор-орындаушы, дизайнер Аврил Лавин туды;

1986 жылы ресейлік актриса, режиссер Никита Михалковтың қызы Надежда Михалкова туды.

27 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1963 жылы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Мұхтар Тінікеев дүниеге келді;

1905 жылы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Всеволод Иванов дүниеге келді;

1950 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Найман Қалабаев туды;

1926 жылы жазушы, Қостанай қаласының құрметті азаматы Серік Шәкібаев туды;

1966 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры, экономика ғылымының кандидаты, "Еуразия" халықаралық экономикалық академиясының корреспондент мүшесі Искандер Бейсембетов өмірге келді;

1954 жылы америкалық бағдарламашы, лингвист және Perl тілін жасаушы Ларри Уолл дүниеге келді;

1958 жылы Алматыдағы Ислам университетінің ректоры Хұсайын Алсабеков туды.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде тоқтайды. Бұл өз-өзіңізге анализ жүргізетін күн. Қиялдан арылып, өзіңізге қатысты шындыққа тура қарайтын кез келген сияқты. Бар күш-жігеріңізді жиып, өзгенің ырқына көнбегеніңіз жөн. Қарым-қатынаста әзірге маңызды шешім қабылдаудан бас тартқаныңыз.

Жаңалықтар
0