Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 қыркүйек

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтушарап
шарап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 271-ші күн, жыл соңына дейін 94 күн бар

28 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен ерекшеленетінін  дереқорынан оқыңыз. 

28 қыркүйекте әлемде қандай мереке тойланады

Бүгін Қытай Халық Республикасында Ұстаздар күні. Бұл күн б.з.д. 551 жылы 28 қыркүйекте туған қытайлық ойшыл, алғашқы кәсіби ұстаз Конфуцийдің туған күніне орай белгіленген. 

28 қыркүйек — құтыру ауруына қарсы күрестің бүкіләлемдік күн.

Сондай-ақ бүгін ресми тойланбайтын қызық мереке – Бас директор күні. Басшыңызды кәсіби мейрамымен құттықтап қойыңыз, сонда жұмыс күні көңілді өтеді. 

Бұдан  бөлек, 28 қыркүйекте Швейцарияда жүзім өсірушілердің жыл сайнығы мейрамы  — шарап фестивалі басталады. Ол жүзім жинау науқанының басталуына орайластырылған. Швейцарияда бүкіл жүзімнен дерлік шарап дайындалады. 

28 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1542 жылы испаниялық Хуан Родригес Карбрильо Калифорния  жағалауымен жүзіп өткен алғашқы еуропалық болды; 

1958 жылы Францияда Бесінші Республиканың Конституциясы қабылданған  референдум өтті; 

1994 жылы "Эстония" паромы Балтық теңізінде батып кетті, 852 адам қаза тапты; 

2001 жылы бразилиялық ұшқыш Жерард Мос "Шимангу" моторлы планерінде алғаш рет 100 күн ішінде жер шарын айнала ұшып өтті. 

28 қыркүйекте Қазақстанда болған болған тарихи оқиғалар

1995 жылы "Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды; 

1996 жылы Алматыда Кеңсай зиратында жазушы Оралхан Бөкеевтің зиратына ескерткіш орнатылды;

1999 жылы Ақтау қаласында Алашорда қайраткері Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылды. 

2006 жылы АҚШ-қа ресми сапармен барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің алдына қойылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік монументін ашты.

28 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

1924 жылы итальян актері Марчелло Доменико дүниеге келді; 

1934 жылы француз актрисасы, әнші Брижит Бардо дүниеге келді;

1938 жылы кеңес одағының театр және кино актері Александр Голобородько дүниеге келді; 

1976 жылы ресейлік спортшы, ММА бойынша Pride FC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы төрт дүркін, WAMMA тұжырымы бойынша екі дүркін әлем чемпионы Федор Емельяненко дүниеге келді.

28 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1897 жылы қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов  дүниеге келді;

1932 жылы Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза дүниеге келді;

1940 жылы ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі Герой Жолтайұлы Жолтаев дүниеге келді;

1943 жылы жазушы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері Оралхан Бөкеев дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Бүгін бұрынғы әдеттерден арылу үшін жақсы мүмкіндік, сонымен бірге жаңа іс бастауға қолайлы күн. 

Жаңалықтар
0