Дерекқор

Қазақстанда ұстаздар күні қашан?

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы қаласындағы №244 мектеп
Алматы қаласындағы №244 мектеп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді

Ұстаздар күні қалай тойланады?

Біздің мемлекетімізде де бұл мереке қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне бекітілді. 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің жағдайы туралы" құжатқа қол қойған.

Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні ұстаздар өздерінің шәкірттерінен тілектер мен гүлдер, сыйлықтар қабылдайды. Сондай-ақ, мектептерде концерттер ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз: Депутат ашынған мұғалімнің хатын оқып берді

Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.

Сол себепті мереке қарсаңында ұлағатты ұстаздардың жұмысын жеңілдету мақсатында мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқару күндері өтеді. Жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнына төменгі сыныптарға сабақ береді. Ол үшін алдын ала ұстаздардан ақыл-кеңес алады.

Қазақстандық ұстаздар бұл мерекені міндетті түрде педагогикалық ұжыммен бірге атап өтеді. Сондай-ақ, бұл күні республика бойынша үздік ұстаздар марапатталады.

Президент тапсырмасы

Үздік педагог байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бүгін – Мұғалімдер күні
2018 жылдың 5 қазанында президент Нұрсұлтан Назарбаев кезекті жолдауында қоғамдағы ұстаздың рөліне көңілі толмайтынын айтып, үкіметке олардың мүддесін қорғайтын арнайы заң жобасын дайындауды тапсырды.

"Алдағы жылы педагог мәртебесі туралы заң қабылдау қажет. Оларға түсетін жүктемені азайту керек", - деді ол өз жолдауында.

Елбасы жергілікті жерлерде мұғалімдер кез келген жұмысты атқаратынын атап өтіп, олардың құқығы қорғалмайтынын қадап айтты.

"Мұғалімдер сайлау өткізеді, әрі насихат жұмыстарын да жүргізеді. Ол үшін ұстаздарға ешкім ақша төлемейді. Оларды бұл жұмыстан босату керек. Мұғалімдер сабаққа дайындалуы керек. Уақытында ғана жұмыс істеуі қажет. Тіпті, оларды орынсыз тексере береді", - деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев.

"Педагог мәртебесі туралы" заң

2019 жылдың 19 қыркүйегінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов парламентте "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстырды. Құжатты дайындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына 70-тен астам маман енген. Оның ішінде педагогтер, заңгерлер, ғалымдар, мектеп басшылары мен қалалық кәсіподақ өкілдері бар. Заң жобасын дайындау барысында мұғалімдер мен жұртшылық тарапынан 8 мыңнан аса ұсыныс түскен. 

Құжатқа сәйкес, 2024 жылға қарай білім беру саласында істейтін 500 мың мұғалімнің жалақысы екі есеге өседі.

"Алдағы төрт жылда жалақыны екі есеге өсіру жоспарланып отыр. Бұл келесі жылдан бастап олардың еңбекақысы 25 процентке ұлғаяды деген сөз",- деді министр.

Сондай-ақ сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсіріледі. Бұдан бөлек, педагогикалық шеберлік үшін де үстеме төленеді.

Оқи отырыңыз: Мұғалімдердің жалақысы тағы өседі, директорлар тек 4 жылға тағайындалады

Барлық педагог үшін еңбек демалысын 56 күнге ұзарту, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу қарастырылып отыр. Жаңашылдықтың бірі – магистр дәрежесі үшін 10 АЕК (25 250 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төлеу.

Артық жұмысқа тартқандарға жаза

Заң жобасында мұғалімдерді артық жұмысқа тартуға тыйым салу арқылы педагогтің жүктемесін азайту көзделіп отыр. Ұстазды артық жұмыс пен есепке жеккендерге 20 АЕК-тан 120 АЕК-қа дейін (50 500-ден 303 000 теңгеге дейін) айыппұл салынады. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін де дәл осындай айыппұл қарастырылған.

Кімдер мұғалім бола алмайды?

Бұдан бөлек, іс-әрекет қабілеті шектелген, психикалық және мінез-құлық ауруларымен бақылауда тұратын адамдардың педагогикалық қызметпен айналысуына тыйым салынады. Бұл норманы бұзғандарға айыппұл салынады.

Сондай-ақ 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап алғаш рет кәсіби қызметіне кіріскен адамдар педагог біліктілігіне сәйкестігін растауы тиіс.

Басқа да жеңілдіктер

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына сәйкес, енді мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беріледі.

Ұстаздар үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік марапатын бекіту көзделіп отыр.

Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауыл мұғалімдерінің еңбекақысын арттыру, "Үздік педагог", "ЖОО-ның үздік оқытушысы" гранттары сияқты әлеуметтік кепілдіктер де заң жобасында сақталған.

"Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданып, қазір іске асырылып жатыр.

Жаңалықтар
0