Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 қазан

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуМұғалім, архивтегі фото
Мұғалім, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 278-ші күн. Жыл соңына дейін 87 күн бар.

5 қазанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

            5 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды

5 қазанда оқу мекемелерінде Бүкіләлемдік мұғалім күні аталып өтеді. Бұл күн – мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаған әр азамат үшін үлкен мереке. Айтулы датаны 1994 жылы ЮНЕСКО бекіткен. Бұл күн оқушылар үшін де, мектептен түлеп ұшқан ересектер үшін де өте қымбат. Өйткені әрбір адамның өмірінде өшпес із қалдырған сүйікті де аяулы ұстазы бар.

Бүкіләлемдік мұғалімдер күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеті атап өтеді.

Сондай-ақ, бүгін қазан айындағы ең көңілді мерекелердің бірі – Халықаралық күлкі күні. Бұл мереке АҚШ-та тұрған суретші Харви Беллдің арқасында пайда болды.

Бірде суретші жарнама акциясы үшін  "күліп тұрған сары смайлик" бейнесін ойлап табады. Қызметкерлердің киіміне қадалған смайлик белгілері клиенттердің көңіл-күйін көтеріп, суретшінің танымалдылығын арттыра түседі. Көп ұзамай позитивті логотип жапсырылған көйлектер, бейсболка мен эмблемалар пайда болып, бүкіл әлемге тарала басталады. Егде жасқа жеткенде, Харви Белл "World Smile Day" мерекесін ойлап тапты. Бұл мереке алғаш рет 1999 жылы тойланды.

Бүгін ТМД елдерінде Қылмыстық іздеу қызметкерлері күні аталып өтеді.

            5 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1502 жылы – теңізші Христофор Колумб Коста-Риканы ашты;

1823 жылы – Англияда алғашқы медициналық журнал басылып шыға бастады;

1925 жылы – АҚШ-та Эрнест Хемингуэйдің алғашқы кітабы басылып шықты. Бұл "В наше время" атты шағын әңгімелер жинағы болатын.

1999 жылы– Лондондағы Паддингтон вокзалының маңында теміржол апаты болды. Салдарынан 31 адам қаза болды.

            5 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1868 жылы Гавриловское қыстағының орнында Талдықорған қаласы өз тарихын бастады;

1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті) ашылды;

1943 жылы Шымкентте Қазақ химия-технология институты ашылды;

1993 жылы ақын Жұмекен Нәжімеденов тұрған үйге ескерткіш орнатылды.

            5 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар

1900 жылы кеңестік театр және кино әртісі Варвара Мясникова өмірге келді.   "Чапаев" фильмінде "Аньканың" рөлім сомдаған;

1940 жылы кеңестік театр және кино әртісі Виктор Павлов дүниеге келді (фильмдері: "Операция "Ы" и другие приключения Шурика", "Место встречи изменить нельзя");

1943 году жылы кеңестік театр және кино әртісі, КСРО халық әртісі Инна Чурикова туды.

1975 жылы британиялық киноәртіс, "Оскар", "Алтын глобус" жүлделерінің иегері Кейт Уинслер (фильмдері: "Титаник", "Вечное сияние чистого разума", "Дорога перемен") өмірге келді.

            5 қазанда Қазақстанда кімдер туды

1920 жылы ақын Жұбан Молдағалиев дүниеге келді;

1940 жылы кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тоқболат Тоғысбаев өмірге келді;

1941 жылы жазушы, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Базарбай Исаев туды.

           Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Басшылықпен келісімге келіп, келіссөздер жүргізу үшін өте сәтті күн.

Жаңалықтар
0