қағаз бен қалам

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 қазан

41
Григориан күнтізбесі бойынша 290-шы күн, жыл соңына дейін 73 күн бар

19 қазанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз. 

19 қазанда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

19 қазанда әлемде болашаққа хат жазу күні атап өтіледі. Қазіргі заманауи технологиялар видео, аудио және электронды хат жазуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, кәдімгі қағазға жазу дәстүрі де әлі бар. Өкінішке қарай, мұндай бірегей идеяның авторы кім екені тарихта белгісіз болып қалып отыр. 

2008 жылы 19 қазанда Қазақстандағы кәсіптік мейрамдардың қатарына Құтқарушы күні қосылды. Құтқарушының жұмысы өте қиын және кәсіби біліктілікті талап етеді. Олардың басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қиятынын ұмытпаған жөн. 

19 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1867 жылы әуе-реактивтік қозғалтқышы бар ұшақ патенттелді;

1920 жылы А. М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университетінің негізі қаланды; 

1941 жылы АҚШ-та "стрептомицин" антибиотигін дайындап шығарды; 

1988 жылы Ка-126 тікұшағы алғаш рет ұшырылды. 

19 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1928 жылы Қарағанды облысы Қарсақпай елді мекенінде Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты ("Жезқазғантүстімет"АҚ) құрылды;

1989 жылы Семей полигонында соңғы жерасты ядролық жарылыс (221-ші) жүргізілді. 

2012 жылы алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін "24KZ" телеарнасы іске қосылды. Телеарна цифрлық телевизияны дамыту ұлттық бағдарламасы аясында арнайы ашылды, ол "Otau TV" ұлттық спутник жүйесі арқылы ақпарат таратады. 

19 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1862 жылы киноның негізін қалағандардың бірі, француз киноиндустриясы мен кинорежиссурасының негізін салған Огюст Люмьер дүниеге келді; 

1918 жылы кеңес ақыны, драматург, прозашы, өз әндерінің авторы мен орындаушысы Александр Галич өмірге келді;

1952 жылы мексикалық актриса, әнші, тележүргізуші Вероника Кастро дүниеге келді. "Байлар да жылайды" сериалының түсірілімінен кейін танымал болды.

1978 жылы өзбек боксшысы, еңбегі сіңген спорт шебері Руслан Чагаев (Ақ Тайсон) туды. 

19 қазанда Қазақстанда кім туды

1924 жылы Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен "Халық қаһарманы" Рақымжан Қошқарбаев өмірге келді;

1930 жылы кеңес және қазақ ғалымы, профессор, Ресей медицина ғылым академиясының және Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушысы Төрегелді Шарманов дүниеге келді;

1933 жылы медицина ғылымының докторы, профессор Әукен Мәшкеев дүниеге келді;

1934 жылы палуан, еркін күрестен тұңғыш қазақстандық спорт шебері, Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабден Байдосов дүниеге келді;

1946 жылы Қазақстанның ұлттық кәсіпқой қолданбалы қолөнері негізін қалаушылардың бірі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Батырбек Өтеп дүниеге келді;

1956 жылы белгілі жазушы-драматург Рақымжан Отарбаев дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Бүгін Ай суқұйғыш белгісінде орналасады. Бүгін жейтін тамағыңызды қатаң бақылап, қуырылған және ащы тамақтан бас тартқаныңыз абзал. Бұрыннан бар ауруыңыз асқынып кетуі мүмкін немесе басқа дертке шалдығуыңыз ықтимал. Уақытша диетаға отырған пайдалы болады. 

41
Кілт сөздер:
мереке, хат, танымал есімдер, тарихи оқиғалар, атаулы күндер
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (328)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке:18 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 қазан
Загрузка...