Алма Fest фестивалі

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 қазан

88
Бұл – Григориан күнтізбесінде 294-ші күн. Жылдың соңына дейін 71 күн бар

21 қазанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

          21 қазанда әлемде қандай қызықты оқиға болды: 

Ұлыбританияда бүгін Aлма күні аталып өтеді. Мереке 1990 жылдан бері,    Common Ground қайырымдылық ұйымы Ұлыбританиядағы алма бақтарын құтқарумен айналыса бастаған кезден ағылшын дәстүріне айналды. Aлма өмірдің, қуаныштың, молшылық пен табиғат жомарттығының символы саналады, сондықтан бұл көңілді мереке жыл бойы күш-қуат беріп отырады.

21 қазан күні ағылшын бағбандары қала жәрмеңкелерінде түрлі сұрыптардың жемістерін сата отырып, өз жетістіктерін паш етеді, питомниктер сирек алма ағаштары көшеттерін таратады, дүкендер сатып алушыларды алма ассортиментінің әр алуандығымен таңғалдырады, ал дәмхана, кондитерлік дүкендер және көше сауда дүңгіршектері келушілерге алма шырындарын ұсынады.  Осы күні қала жәрмеңкелері алма өсіру бойынша шеберлік сағаттарына айналады. Үздік "алма" әңгімесіне конкурс жарияланады, қала тұрғындары алма нысанасына оқ атудан сайысқа түседі. 

 АҚШ пен Мексикада жыл сайын 21 қазанда Халықаралық начос күні аталып өтеді. Бұл танымал мексикалық тіске басар – ірімшік және тұздықтармен сатылатын чипсы. Начос атауы Мексика мен АҚШ-та танымал осы тағамды ойлап тапқан мексикалық ресторатор Игнасио "Начо" Анайидің құрметіне берілген.    

Сондай-ақ күздің бұл күні Түрлі-түсті қолшатырлар күні мерекесі тойланады.

Қолшатыр (голландтың "sonnedek" сөзінен алынған – күннен қорғаныш) – бұл шаш пен киімді жаңбыр мен желден қорғауға мүмкіндік беретін өте қажетті зат. Қолшатыр Ассирия мен Ежелгі Мысырда пайда болды, онда ол пальма жапырақтары менбамбуктен жасалды. Ол жерден Қытайға жетті. Қытай қолшатырларында бамбуктің рөлін тоқылған жасанды жібек атқарды.   Қытай қолшатырлары жиналмалы болды. ТМД-да қолшатырлар XVIII ғасырда пайда болды, ал сәнқой әйелдердің бәрі бұл сәнді аксессуарды бірден ұнатты. 

        21 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1721 жылы Ресей ресми түрде империя атанды;

1879 жылы америкалық өнертапқыш Томас Эдисон өзінің алғашқы шамын сынақтан өткізді;

1923 жылы  Мюнхенде әлемдегі алғашқы планетарий ашылды;

1992 жылы Мадонна жазған "Секс" кітабы сатылымға түсті. 

        21 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

1868 жылы Ақмола облысы құрылды. Оның құрамына Көкшетау, Ақмола, Атбасар уездері, сондай-ақ Омбы және Петропавл қалаларында орналасқан Сібір казак әскерлерінің 1-ші, 5 және 6-шы полктарының бірқатар учаскелік округтері кірді.  

1997 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласын елдің жаңа астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, кейінірек оның атауы Астана деп өзгертілді;

1997 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесі құрылды; 

2011 жылы  Қарағандыда қазақтың белгілі ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды;

2011 жылы Қостанай қаласында Тобыл өзені арқылы өтетін жаңа көпірде көлік қозғалысын ашу салтанаты өтті. Бұл көпір Қазақстандағы сегіз ірі көпірдің бірі болды. 

        21 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар:  

1833 жылы швед химигі, инженер, динамитті ойлап тапқан Альфред Нобель дүниеге келді. Ол артында қалдырған мол дәулетіне физика, химия, медицина, әдебиет саласында едәуір маңызды жетістікке жеткен және бейбітшілікті нығайтуға үлес қосқан тұлғаларға тапсырылатын жүлде құруды өсиет етті. Оның құрметіне синтезделген химиялық элемент Нобелий деп аталды;

1922 жылы француз кәсіпкері және меценат Лилиан Беттанкур дүниеге келді. 1909 жылы әкесі негізін қалаған L'Oréal компаниясы қожайындарының бірі болды. Әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Дүниеден озған сәтте әлемдегі ең бай әйел болған; 

1956 жылы америкалық актриса, сценарист Кэрри Фишер дүниеге келді. "Звездные воины" киносында ханшайым Лея Органның рөлін сомдады.  

1945 жылы кеңестік және ресейлік кинорежиссер, актер, сценарист және продюсер Никита Михалков дүниеге келді. РСФСР халық әртісі (1984). "Отан алдындағы еңбегі үшін" орденінің иегері.    

        21 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1898 жылы мемлекет қайраткері  Жұбаныш Бәрібаев дүниеге келді; 

1906 жылы ботаник, биология ғылымының докторы  Константин Сушков дүниеге келді;

1930 жылы қоғам қайраткері, биология ғылымдарының кандидаты  Тәңірберген Машеев дүниеге келді; 

1935 жылы ірі ғылыми зерттеуші, мұнай мен газ геологиясының көрнекті ғалым қайраткері Эдгард Воцалевский дүниеге келді. 

         Ай күнтізбесі

Ай балықтар белгісінде орналасады. Ауа райы қандай болса да, таңертең жүгіруге, ең болмағанда таза ауада серуендеуге тырысыңыз. Бір жерде тұрып қалмаңыз, қозғалыс – бұл өмір, күш-қуатыңыз тасып тұрғанда, көбірек іс тындыруға әрекет жасаңыз. 

88
Кілт сөздер:
алма мерекесі, атақты адамдар, танымал тұлғалар, тарихи оқиғалар, есімдер
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке:18 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қазан
Теңге

Шілдеге берілетін 42 500 теңге: әлеуметтік төлемге қалай өтінім беруге болады

8605
(Жаңартылды 14:31 18.07.2020)
17 шілдеде екінші карантинге байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем алуға өтінім беру басталды

Әлеуметтік төлем кімге беріледі және төлем алу үшін өтінімді қалай беруге болатынын Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыз.

42 500 теңгені кімдер алады:

  • жалақысыз еңбек демалысына шыққан жалдамалы жұмысшылар;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке практикамен айналысып жүрген тұлғалар;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен істеп жүргендер;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеп жүрген жеке тұлғалар.

Өтініш беруге арналған порталдар:

  • egov.kz – "электронды үкімет" веб-порталы;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • "Электронды үкімет" telegram-боты;
  • Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Egov.kz арқылы өтінім беру

Өтінім Egov.kz порталында "электронды өтініш" қызметі арқылы онлайн қабылданады. "Қызметтер" бөлімінде "42 500 төлеу" қызметін басу керек. Қызметкерлер ЖСН, жұмыс берушілер БСН енгізеді. Әлеуметтік төлемді төлеу туралы немесе төленбейтіні туралы шешімді Egov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады, сондай-ақ, ұялы телефонға SMS-хабарлама келеді.

42500.enbek.kz порталы арқылы өтінім беру

Сайттың жеке бөлімі enbek.kz базасында бір реттік SMS-парольдің көмегімен ЭСҚ-сыз (электронды сандық қолтаңба) 42 500 теңге әлеуметтік көмек алуға өтінім беруге болады. Мұнда жеке кәсіпкерлерден басқа барлық кәсіпорынның жалдамалы қызметкерлері жүгіне алады.

  • 42500.enbek.kz порталына кіру;
  • "42 500 жәрдемақы алу" тетігін таңдау;
  • Өтініш берушінің аты-жөнін, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН теріп, e-mail көрсетіп, үлгіні толтыру;
  • Толтырылған үлгіні жіберу;
  • Жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды;
  • Телефон нөмірін SMS-хабарлама арқылы жіберілген кодпен растау керек;
  • Өтінім жіберілді.

Жіберілген өтінім мен жеке дерек өңделгеннен кейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында тексерілгеннен кейін өтінім беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Ақпарат төлем тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға беріледі.

Telegram-бот арқылы өтінім беру

  • Telegram-да @Help42500Bot ботын табу;
  • "42 500 төлеу" қызметін таңдау;
  • Жеке деректерді енгізу керек;
  • Өтінім "еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне келіп түседі, бір күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтінімдері тексеруден өтпейді);
  • Ақпарат бір күн ішінде өтінімді өңдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға "Е-Макет" ақпараттық жүйесіне түседі;
  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ әлеуметтік төлем тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтінімді жібереді;
  • Telegram-бот төлем тағайындау туралы жауап жібереді.

Әрбір өңір бойынша жеке бот бар:

  1. https://t.me/NurSultan42500Bot
  2. https://t.me/Almaty42500Bot
  3. https://t.me/Akmol42500Bot
  4. https://t.me/Aqtobe42500Bot
  5. https://t.me/AlmaObl42500Bot
  6. https://t.me/Atyrau42500Bot
  7. https://t.me/ZKO42500Bot
  8. https://t.me/JambylObl42500Bot
  9. https://t.me/Karagandy42500Bot
  10. https://t.me/Kostanai42500Bot
  11. https://t.me/Qyzylorda42500Bot
  12. https://t.me/Mangystau42500Bot
  13. https://t.me/Turkistan42500Bot
  14. https://t.me/Pavlodar42500Bot
  15. https://t.me/SKO42500Bot
  16. https://t.me/VKO42500Bot
  17. https://t.me/Shymkent42500Bot

Аймақ бойынша ботты таңдаған соң, "start" тетігін басып, кім ретінде өтінім беріп отырғаныңызды көрсетіп, әрі қарай ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) теріп, 20 белгіден тұратын банк шотын (IBAN) теру қажет.

Айта кетейік, 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 19 шілдеден басталады.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші азаматтар үшін sms-хабарлама жіберу арқылы бір реттік төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетілді.

Қазақстанда қатаң карантин екінші тамызға дейін ұзартылды.

8605
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
42 500 теңге: жұмыссыз азаматтарға не істеу керек?
Сарапшылар жәрдемақыны әр балаға төлеу жайлы: "42 500 емес, 73 000 болуы керек"  
"ЕСП" төлеп, 50 000 теңге ал": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді
42 500 теңге: өтінім сайт арқылы неге қабылданбай жатыр
42 500 теңгеден үміттілерге SMS жолданды: ақша қашан түседі
Кімдер 42 500 теңгеге өтінімді 19 шілдеден бастап береді?
Қазақстан туы, архивтегі фото

Тәуелсіздік жылдарындағы қайғылы оқиғалар 9 рет аза тұту күні жарияланды

1156
(Жаңартылды 12:02 13.07.2020)
Ұлттық аза тұту кезінде мемлекеттік ту аза тұту мерзімі аяқталғанша тутұғыр биіктігінің жартысына дейін түсіріледі  

Шахтадағы қайғылы жағдай

2006 жылдың 20 қыркүйегінде Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада метан жарылғаннан кейін Қазақстанда аза тұту күні жарияланды. Ол жерде өрт шығып, 41 кенші қаза тапқан болатын.

Жарылыс желдету құбырларын ауыстыру кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуына байланысты туындаған. Қайғылы оқиғадан кейін алты жұмысшы сотталды.

Метан жарылысы

Қарағанды облысы Абай қаласындағы шахтада 2008 жылдың 11 қаңтарында 30 шахтер қаза тапты.

Жарылысқа технологияның бұзылуы себеп болды. Төтенше жағдайды тексеру барысында өнеркәсіптегі қауіпсіздікті бақылауға жауапты екі шенеунік қызметінен айырылды.

Қарағанды облысында қаза тапқандарға үш күндік аза тұту күні жарияланды.

Қызылағаш бөгетінің бұзылуы

2010 жылдың 11 наурызында Қызылағаш бөгетінің бұзылуы қазіргі Қазақстан тарихындағы ең жойқын су тасқынының бірі болды. Қайғылы оқиға салдарынан 45 адам қаза тапты, оның ішінде 11 бала бар.

16 наурызда елде аза тұту күні жарияланды.

Қанды Арқанкерген

2012 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев "Арқанкерген" шекара бекетінде қазақстандық шекарашылардың қаза болуына байланысты 2012 жылдың 5 маусымында ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Алматы облысы Алакөл ауданында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 шекарашы және қорықшы 28 мамырда шекара бекетінде қаза тапты. Бұл туралы жұртшылық оқиғадан екі күн өткен кезде білді. Қылмысқа сол оқиғадан жалғыз аман қалған шекарашы Владислав Челах кінәлі деп танылды.

Шымкенттегі ұшақ апаты

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент үстінен ұшып бара жатқан АН-72 ұшағы апатқа ұшырады. Борт ішінде шекарашылар болған. Ұшақта барлығы 27 адам болды, оның жетеуі – экипаж мүшесі. Барлығы қайтыс болды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен 27 желтоқсанда ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

2013 жылдың 31 қаңтарында қаза тапқандарға ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Алматы облысының Қызылту кентінде Көкшетау-Алматы рейсін орындаған Chellenger-200 ұшағы апатқа ұшырады. 16 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі қаза болды.

Қазақстан президенті Ақордада құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізу барысында әуе апатынан көз жұмғандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Ақтөбедегі теракт

2016 жылдың бесінші маусымында бір топ адам екі қару-жарақ дүкені мен Ақтөбе әскери бөліміне қарулы шабуыл жасады. Лаңкестердің шабуылынан сегіз адам көз жұмды, оның үшеуі – әскери қызметші.

Ақтөбе қаласында жасалған террорлық актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтық тұлғалардың қаза болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 9 маусымын Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Bek Air ұшағының құлауы

2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат  07:22-де Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ ішінде 93 жолаушы, бес экипаж мүшесі болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын Алматы маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы кезінде адамдардың қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Коронавирус құрбандарын аза тұту

2020 жылдың 13 шілдесі мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанда коронавирус індетінен қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қандай жағдайда ұлттық аза тұту күні жарияланады

Қазақстанда ұлттық аза тұту күндері ірі қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқандардың құрметіне жарияланады.

Қазақстанда ұлттық аза тұту күнін республиканың президенті жариялайды. Аза тұтуды жариялау үшін нақты талаптар жоқ, шешім нақты жағдайға байланысты қабылданады. Әдетте, адамдардың жаппай қайтыс болуы, теракт және басқа да қайғылы оқиғалар мен жоғары қызметтегі қайраткерлердің қазасына байланысты жарияланады.

Аза тұту бір және бірнеше күнге жариялануы мүмкін.

Қазақстанда аза тұту күндері мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, шетелдік дипломатиялық мекемелердің ғимараттарындағы мемлекеттік ту түсіріледі. Ойын-сауық іс-шаралары мен телебағдарламалар тоқтайды.

1156
Кілт сөздер:
тәуелсіздік, аза тұту
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
Қазақстандықтар коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтып жатыр
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Аза тұту күні: Қазақстанның барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы оқылады
Тоқаевтың індеттен көз жұмғандарды қайда еске алатыны хабарланды
АҚШ-тың F-16 әскери ұшағы Ирактың Балада әскери базасында, архивтегі сурет

Иракта болған соғыстың әлемге қандай әсері тиді

0
Автор "Соғысты бастау. Буш әкімшілігі Американы Иракқа қалай итермеледі" кітабын жаза бастағанға дейін Буштың отбасымен достық қарым-қатынаста болған

АҚШ-тың қазіргі ұлттық апатына Ирактағы сәтсіз (немесе арандатқан) оқиғалар себеп болған: дәл қазір бұл айқын сериялар сияқты. Жақында Америкада жарық көрген кітапта 2003 жылдың наурызында Иракқа басқыншылық әрекетті бастау туралы шешімді кім және қалай қабылдағанын егжей-тегжейлі талданған.

Бұл кітап осынысымен ғана жақсы емес. Сонымен қатар бұл жерде сол кездегі басқарушы топ – Джордж Буш пен оның өзге де серіктестерінің бірегейсіздігі ғана емес деген тақырыпта арандату пікірталасын тудырды. "Ал бірегейсіздік қайдан пайда болады?" дегенге нақты себептер де бар.

Әңгіме ауаны Роберт Дрейпердің "Соғысты бастау. Буш әкімшілігі Американы Иракқа қалай итермеледі" (To Start a War, by Robert Draper) деп аталатын жұмысы туралы өрбімек. Автор осы кітапты жаза бастағанға дейін Буштың отбасымен достық қарым-қатынаста болған. Ол бұл кітапты жаза бастағанда, экс-президент онымен сөйлесуден бірден бас тартқан. Ал сол кездегі оның серіктестері бас тартпаған. Дрейпер шенеуніктерден алынып, сол уақыттарда жарияланған жүздеген сұхбаттарды жинақтады. Өйткені, бұл материалдар әрдайым оқуға жарамағанмен, өте пайдалы еді.

Ендеше, бұл мәселенің астарына америкалық азамат ретінде емес, адами көзқараспен үңілу керек. Ирактағы соғыс Америка мен әлемге не әкелді?

90-жылдардағы жағдай осы әлемді басқаратын жалғыз ғана держава бар деген елес кезді. Себебі, сол кездегі держава әлсіз қарсыласпен соғыста айқын жеңіске жете алатындығын әлемге көрсетті (өткен ғасырдың 60-70 жылдарындағы үндіқытайдағыдай емес). Бірақ мұндай жеңіс жеңімпазды жойып жібереді.

Мұндай жағдайда жақын одақтастар (Германия мен Франция), сондай-ақ мейірімді серіктестердің (Ресей) өзіндік көзқарасы болуы тиіс және қажет жағдайда Американы елемесе, ол орынды еді.

Америка өзінің барлық қаржылық және басқа да күштерімен бір елді (яғни Иракты) басып алу арқылы оны бақытқа кенелтіп, гүлдендіре алмады. Бұл әлемдегі ондаған мемлекетті дұрыс ой мен іс-әрекетке әкелуде АҚШ-тың (батыстың да) саяси және құндылықтар жүйесі экспортқа жарамсыз дегенді білдіреді. Яғни, бұл жерде Америкасыз өтіп қана қоймай, қажет болса айналып өту деген сөз.

Егер Ирак авантюрасы болмағанда – қазіргі қаржылық қиындықты айтпағанда, америкалық қоғамның, бүкіл басқару жүйесінің бүгінгідей бүлінуі мен идеологиялық күйреуі болмас па еді? Қалай болғанда да, Ирак мұнда айтарлықтай өзіндік үлесін қосты.

Дрейпердің кітабы бізге ең алдымен америкалық барлаудың деградациясына қатысты кездейсоқ сюжетті көрсетеді. 90-шы жылдардың соңында ЦРУ-дің бірнеше бөлікке бөлінуіне байланысты Билл Клинтон әкімшілігімен арада  проблемалар туындағаны белгілі болды. Бірақ содан кейін 2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористік шабуыл болып және сол кездегі ведомство басшысы Джордж Тенет ықпалды жандандыруға үміттенді.

Айтпақшы, ЦРУ-дің 90-жылдардағы сәтсіздіктерінің өзіндік және әртүрлі себептері болды. Бірақ содан кейін күлкілі жағдай орын алды. Атап айтқанда, Таяу Шығыста (бүкіл Ирак тарихының нәтижелері бойынша белгілі болған) ақылды әрі қабілетті мамандардың жетіспеушілігі туындады. Содан кейін Тенеттен болмағанды болдыру талап етілді. Яғни, Ирак жетекшісі Саддам Хусейн 11 қыркүйектегі террорлық шабуылды ұйымдастырған "Аль-Каидамен"* құпия одақтас болғанын және АҚШ-қа қарсы жаппай қырып-жою қаруын дайындап жатқандығын дәлелдеуі керек.

Ал мұндай жағдайда нашар барлау қызметі өзін қалай ұстайды? Жалған деректер жасап, оған сенуді сұрайды. Айтпақшы, "Америкалық сайлауға Ресей араласты" деген ашық айыптауға негізделген жалған деректерді 2003 жылдармен салыстырып қарағанда жағдай әлі де өзгерген жоқ. Жалпылама түрде алғанда ақылды барлау қызметі мемлекет үшін көп ақша үнемдеп, ал ақымақ үлкен проблемалар туғызады.

Бірақ бір ведомствоның сәтсіздікке ұшырауы – мұның өзі ерекшелік. Егер Джордж Буш жеке өзі мен негізгі лауазымдарға тағайындаған адамдар ЦРУ-дан мұндай жалған ақпаратты талап етпегенде, Ирак апаты болмайтын еді. Осылайша, Теннет өзінің кеңсесін Саддамды АҚШ-қа қауіп төндіруші идеясын "халыққа сататын" агенттікке айналдырды. Бірақ оны сол дәуірдің барлық басты кейіпкерлері – қорғаныс министрінің орынбасары Пол Вулфовиц пен оның бастығы Дональд Рамсфелд, вице-президент Дик Чейни және ең алдымен президенттің өзі мәжбүрледі.

Мұны неліктен жасады? Өйткені, олар Американың кедергісіз басшылығы ретінде бүкіл әлемдегі жаһанданудың идеологтары болды. Олар сол бұрынғы лауазымдарында, 90-жылдардың соңында Конгрестің "Иракты азат ету актісін" қабылдауға қол жеткізді. Өздері комиссия құрып, іс жүзінде Ирактан келетін "қауіпті" ЦРУ байқамады деп айыптады (сонымен бірге Иран мен Солтүстік Корея да бар). Ал лаңкес террористер Нью-Йоркке соққы жасаған кезде ел басқарылмайтындай күйге душар болды.

Ал енді Бушқа келер болсақ, кітапта Саддам жай құбыжық еместігі және оны билікте қалдыру мүмкін емес екендігі айтылған.

Дрейпердің сөзіне қарағанда, әкімшілікте Иракта соғыс бастау туралы бір де бір пікірталас болмаған. Әңгіме, тек қана қашан және қалай болатыны туралы өрбіген.

Демек, идеялар алдын-ала іске асқан кезеңде, фактілер де оған сәйкес келуі керек. Олай болмаған жағдайда мемлекеттегі билеуші ​​таптың надандығы мен тозуы орын алады. Президенттер мен премьер-министрлерді немесе патшаларды қандай-да бір жолмен өзгерту мүмкін-ау, ал жалпы ұлтты ауыстыру қиын.

* – Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.

0
Кілт сөздер:
соғыс, Джордж Буш, АҚШ