Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қараша

© Sputnik3 қараша, күнтізбе
3 қараша, күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 307-ші күн. Жыл соңына дейін 58 күн бар.

3 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

3 қарашада қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін Бүкіләлемдік ерлер күні аталып өтеді. Ерлер күні тек 23 ақпанда мерекеленуі тиіс деп санайтындар қатты қателеседі. Михаил Горбачев ерлер мерекесін бекітуді ұсынған кезде, оның бұл бастамасы әлем жұртшылығының қолдауына ие болған еді. Содан бері әр жыл сайын бүкіл әлем қарашаның алғашқы сенбісінде Ерлер күнін тойлайды. Биыл бұл атаулы дата 3 қарашаға түсіп тұр. Бұл күні нәзік жандар өзінің жақын ер адамдарына не сыйлайды? Ең алдымен, махаббаты мен көңілін, жылы сөздер. Десе де құр сөзбен шектелмей, сыйлық алуды да ұмытпаған абзал. 

АҚШ-та – Ұлттық сэндвич күні. Бұл тағамды 18-ші ғасырда граф Сэндвич ойлап тапқаны туралы аңыз бар. Ел аузындағы әңгімеге сенсек, граф құмар ойыншы болған, бірде карта ойынына берілгені соншалық, тамақ ішуді ұмытып кетеді. Қарны ашқан ол қолын былғамас үшін малайларына сиыр етін екі тілім нанның ортасына салып әкелуді бұйырады. Мұны көрген басқа ойыншылар да ерекше бутербродқа назарлары ауып, тапсырыс береді. Сол сәттен бастап мұндай тағам түрі бүкіл Англияға таралған деседі. Жаңа тағам графтың есімімен аталып, төрткүл дүниеге таралған. Америкалықтар, тіпті,  сэндвичке жеке мейрам арнаған. Дәстүр бойынша бұл күні сэндвичті жылдам жеуден жарыстар ұйымдастырылады. 

Жапондар бүгін мәдениет күнін атап өтеді. Бұл мереке император Мейдзидің туған күнімен тұспа-тұс келеді. "Мейдзи күні" 1927 жылы бекітілген, алайда 1948 жылы "Ұлттық мерекелер туралы" заңмен Мәдениет күні деп өзгертіледі. Бұл күні Жапония халқы мен қонақтары музейлер мен галереяларға тегін кіріп, мәдени құндылықтарды тамашалай алады. 

3 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар 

1907 жылы Францияда әлемдегі алғашқы тікұшақ әуеге көтерілді; 

1928 жылы Түркия араб әліпбиінен латынға ауысты; 

1927 жылы Нью-Йоркте Гудзон өзенінің астында көлікке арналған әлемдегі алғашқы суасты Холланда туннелі ашылды; 

1954 жылы Жапонияда алғаш рет "Годзилла" фильмі экранға шықты. 

3 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының қазақ орта мектебіне жазушы Асқар Сүлейменовтің есімі берілді; 

1994 жылы республикалық "Заң" апталық газеті жарық көрді;

1998 жылы Алматы облысы Сарқан қаласының орталық көшесіне ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілді;

3 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар 

1887 жылы орыс кеңес ақыны, драматург, аудармашы, әдебиет сыншысы, сценарийші Самуил Маршак дүниеге келді. Ленин (1963) және 4 мәрте Сталин жүлделерінің лауреаты (1942, 1946, 1949, 1951);

1895 жылы орыс кеңес ақыны, аудармашы және драматург Эдуард Багрицкий өмірге келді; 

1949 жылы кеңестік және ресейлік әнші, музыкант, ақын, сазгер Александр Градский туды. Орыс рокының негізін қалағандардың бірі. Ресейдің халық әртісі (1999);

1982 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко дүниеге келді. Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері. Екі дүркін Олимпиада чемпионы  (2006 және 2014).

3 қарашада Қазақстанда кімдер туды

1835 жылы қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, тарихшы, этнограф Шоқан Уәлиханов дүниеге келді; 

1910 жылы ақын, аудармашы Қасым Тоғызақов өмірге келді;

1949 жылы суретші, кескіндемеші Темірболат Жазыбаев туды;

1952 жылы мәжілістің V шақыртылым депутаты Надежда Нестерова өмірге келді; 

Ай күнтізбесі 

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Ойға келген кез келген дүниені іске асыруға тырысыңыз, бұл күні сәттілік серігіңіз болады. Бүгін неғұрлым көбірек еңбектенсеңіз, ертеңгі күніңіз соғұрлым жемісті болмақ.

Жаңалықтар
0