Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 қараша

© Sputnik5 қараша, күнтізбе
5 қараша, күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 309-ші күн. Жыл соңына дейін 56 күн қалды

5 қараша күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

5 қарашада қандай қызықты оқиғалар болды

Жыл сайын осы күні әлем халқы ескі суреттерді түгендеу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді естеліктер мерекесі деп те атауға болатын сияқты. Себебі қалың альбомдардың арқасында жасы үлкендер өткен өмірлеріндегі ең қызықты сәттерді еске түсіріп жатады. Әр адамның балабақшаға, мектепке барарда, диплом алған кезде түскен суреттері бары сөзсіз.

Бүгінде көп адам суреттерді бұрынғыдай басып шығара бермейді. Десе де, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ. Суреттерді телефоннан немесе өзге де сақтауға арналған құрылғылардан көре беруге болады.

Ресей мен Мәскеудің басты символдарының бірі — Останкино телемұнарасы. 2018 жылы ол өзінің 51-жылдығын атап өтіп жатыр. Осы архитектуралық ескерткіштің туған күні 5 қарашада. 1968 жылы телемұнара салынып біткенде Еуропадағы бірінші, ал жер бетіндегі екінші ең биік мұнара болатын. Оның биіктігі 540 метрді құрайды.

5 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

1919 жылы РФ қорғаныс министрлігінің әскери университеті құрылды;

1929 жылы Мәскеуде бірінші КСРО планетарий ашылды;

1935 жылы "Монополия" ойыны шығарыла бастады;

1956 жылы Англияда бірінші рет түрлі-түсті көрсетілім өтті.

5 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Шет елдерде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық "Болашақ" стипендиясын белгілеу туралы" № 1394 қаулысы шықты;

1999 жылы Көкшетау қаласында Абылай ханға ескерткіші ашылды;

2009 жылы Орал қаласының электрондық картасы жасалды;

2009 жылы Қазақстанда биометриялық төлқұжаттар беріле бастады;

2009 жылы Алматыда Қазақстан Республикасының ғалымы Берлин Иришевтің "Европаға жол. Евроодақ: интеграциялық моделінің тәжірибесі" атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті;

2010 жылы Алматыда ҚР орталық мемлекеттік мұражайында Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығы құрметіне көрме ашылды;

2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мухаммад бен Заид әл-Нахаянның шақыруымен Формула-1 жарыстарының кезекті кезеңі "Гран-при Әбу-Даби" финалдық сайыстарының ашылуына қатысты.

5 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1913 жылы ағылшын актрисасы, екі мәрте "Оскар" жүлдесін иеленген Вивьен Ли дүниеге келді;

1938 жылы франциялық әнші әрі сазгер Джо Дассен туды;

1952 жылы кеңес және украина футболшысы, жаттықтырушы Олег Блохин дүние есігін ашты;

1981 жылы ресейлік журналист, актриса, қоғам қайраткері және теле-радио жүргізуші Ксения Собчак туды.

5 қарашада Қазақстанда туған тұлғалар

1941 жылы жазушы Берік Шаханұлы дүниеге келді;

1963 жылы дүниежүзі қазақтары жыр мүшәйрасының екі мәрте жүлдегері Құл-Керім Елемес туды;

1964 жылы киноактриса Гүлнәр Досматов өмірге келді;

1972 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмабеков дүниеге келді

Ай күнтізбесі

Ай Таразы белгісіне келіп тоқтайды. Бүгін сіз өміріңіздегі ең маңызды бастамаларда жақындарыңыздың ерекше қолдауына ие боласыз. Романтикалық кездесулер мен таныстықтар үшін таптырмас уақыт болмақ.

Жаңалықтар
0