Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 қараша

© Sputnik27 қараша
27 қараша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 331-ші күн, жыл соңына дейін 36 күн бар

27 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

27 қарашада әлемде қандай қызықты оқиғалар болды:

Бүгін Ресейде теңіз жаяу әскері күні атап өтіледі. Теңіз жаяу әскерінің алғашқы құрылымдары 1705 жылы "Қыран" кемесінде жасақталды. Бірден тұтастай полк құрылады, оған шведтерге қарсы тұрып, алғашқы сынақтан өтуге тура келді. 

27 қараша жыл сайын Ресей бағалаушылар қоғамының мүшелері кәсіби мереке — Бағалаушы күнін атап өтеді. Осы күні 1996 жылы Ресейдің еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің қаулысымен "Бағалаушы" қызметі бойынша біліктілік сипаттамасы бекітілді. 

27 қараша Кубада – испан үкіметінің қолынан қаза тапқан студенттерді еске алу күні. 1871 жылы бұл күні Гаванада үкіметтің бұйрығымен медициналық университеттің бірінші курсының сегіз студенті атылды. Оларға жоғары лауазымды испан шенеуніктерінің бірі Гонсало Кастаньонның қабірін қорлады деген айып тағылды. Ал он жылдан кейін олардың кінәсіз болғаны дәлелденіп, студенттер ақталды.

27 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар:

1493 жылы Колумб Америкада еуропалықтардың алғашқы қонысы – Изабелланың ((Доминика) негізін қалады; 

1582 жылы 18 жастағы Уильям Шекспир 26 жастағы Анна Хэтвейға үйленді; 

1895 жылы Альфред Нобель өсиетхатына қол қойды, ол бойынша оның мүлігі Нобель сыйлығының қорына түседі; 

1920 жылы Слуцк көтерілісі басталды. 

27 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1963 жылы "Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығы ашылды; 

1992 жылы Қарасай батыр атындағы қор мен тарихи-этнографиялық қоғам құрылды; 

1992 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында ақын Мұқағали Мақатаевтың мұражайы ашылды; 

2006 жылы Ақтауда Маңғыстау облысының инвестициялық ахуалы мен мүмкіндіктеріне арналған тұңғыш Каспий инвестициялық форумы өтті; 

2009 жылы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы (ISESCO) Алматы қаласын 2015 жылғы Ислам мәдениетінің қаласы деп атауға шешім қабылдады.

2012 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне әзірлік және оны өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды.

27 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар:

1940 жылы гонконгтық және америкалық актер, режиссер, продюсер, қытай жауынгерлік өнері саласындағы дәріптеуші және реформатор Брюс Ли дүниеге келді;

1953 жылы кеңес және ресейлік ақын, музыкант, орыс рок-музыкасының негізін қалаушылардың бірі Борис Гребенщиков дүниеге келді;

1960 жылы Украинаның саяси және мемлекеттік қайраткері, бұрынғы премьер-министрі (2005 жылдың ақпан-қыркүйегі, 2007 жылдың желтоқсаны — 2010 жылдың наурызы), вице-премьер және отын-энергетикалық кешен мәселелері бойынша министр (1999-2001), екі рет президентікке үміткер болған Юлия Тимошенко өмірге келді;

1979 жылы ресейлік теле және радиожүргізуші, актриса және модель Виктория Боня туды. 

27 қарашада Қазақстанда кім туды:

1950 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Заң ғылымдары академиясының академигі Жұмабек Бұсырманов дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Өзгелерде бар дүниеге қызығып, қызғанудың қажеті жоқ. Өзіңізде барды бағалауды үйреніңіз. Бүгін қаржылық мәселелерге байланысты отбасында жанжал болуы мүмкін. Өзіңізден аямаңыз, анда-санда ақшаны өзіңізге жұмсап, қуантып қойыңыз.

Жаңалықтар
0