Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 қараша

© Sputnik28 қараша
28 қараша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 332-ші күн, жыл соңына дейін 33 күн бар

28 қарашада не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз. 

28 қарашада әлемде қандай қызықты оқиға болды

Жыл сайын 28 қараша күні Бүкіләлемдік аяныш білдіру күні атап өтіледі. Бұл мейрамның негізін үнді ақыны, журналист, продюсер, саясаткер Притиш Нанди қалады. Бұл мереке бізді ешкімді қорламауға (ұру, жою, бұзу және т.б.) үндейді. Жасаған жақсылығың өзіңе еселеп қайтатынын ұмытпаған абзал.  

Мажарстанда мас кірпі күні деп аталатын ежелден келе жатқан дәстүр бар. Бұл мейрам егін жинау науқанына арналған. Бұл күн кездейсоқ таңдалынып алынбаған. 28 қарашада Мажарстанда егін жиналып болады да, оның "басты күзетшісінің" құрметіне той-думан басталған. 

Бұл дәстүр неден басталады? Бірде фермерлердің бірі далада тастап кеткен сырасын кірпілердің ішіп қойғанын көреді. Ал таңертең ол бақшадағы жемістерге тышқандар мен егеуқұйрықтардың көп тиіспегенін байқайды, сөйтіп тәжірибесін жалғастыруды шешеді. 

Белгілі болғандай, сыра ішкен кірпілер агрессияға бой алдырып, өздері тұрып жатқан аумақты барынша қорғайды екен. Содан көптеген шаруалар осы "рецептіні" пайдалана бастаған. Күнде кешке олар бақшасына сыра құйылған ыдыс қалдырып отырады, бұл тәжірибе көп күттірмей нәтижесін берген. 

28 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

1670 жылы Париждегі "Пале-Рояль" театрында Мольердің "Мещанин во дворянстве" пьесасының тұсаукесері өтті; 

1964 жылы Марсқа "Маринер-4" америкалық автоматтық станциясы ұшырылды;  

1974 жылы "Мэдисон Сквер Гарден" кешенінде өткен Элтон Джонның концертінде Джон Леннон соңғы рет өнер көрсетті.  

28 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1992 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы уақытша импорттық кеден тарифі туралы" жарлығы жарияланды;

2001 жылы қаратеңіздік Новороссийск портынан Теңіз мұнайы тиелген алғашқы танкер шықты; 

2005 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріш өндіретін зауыт іске қосылды; 

2005 жылы Алматыда қазақстандық "Ұлытау" аспаптық ансамблінің алғашқы жеке альбомының таныстырылымы өтті. 

28 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар

1757 жылы ағылшын жазушысы және суретші Уильям Блейк дүниеге келді;

1880 жылы орыс ақыны, XX ғасырдағы орыс әдебиетінің классигі, Ресейдің ұлы ақындарының бірі Александр Блок дүниеге келді;

1919 жылы РСФСР мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері Михаил Жарковский өмірге келді, ол "Семнадцать мгновений весны" фильмінде Кальтенбруннердің рөлін сомдаған.

28 қарашада Қазақстанда кім туды

1928 жылы биология ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Серікхан Сыбанбаев дүниеге келді;

1924 жылы тау-кен инженері, мемлекет және қоғам қайраткері Зауре Омарова дүниеге келді; 

1935 жылы Қазақстанның мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, аудармашы Жұмекен Нәжімеденов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бақытты күн десек болады, кез келген бастама үшін қолайлы күн. Бүгін ойлағаныңыздың бәрін жүзеге асыруға мүмкіндік мол, барлық ісіңіз бен сөзіңізге сәттілік серік болады. Көптен бері батылыңыз жетпей жүрген идеяңызға көп ойланбастан кірісе беріңіз. 

Жаңалықтар
0