Дерекқор

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 5 желтоқсан

© Sputnik5 желтоқсан
5 желтоқсан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 339-шы күн. Жыл соңына дейін 26 күн қалды

5 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

5 желтоқсанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін — Ресейде ең танымал сахналық жанрлар бірінің кейіпкерлерінің кәсіби мерекесі. Яғни бүгін мюзикл күні. Жылына бір рет барлық әртіс жиналып, бір-бірін құттықтайды. Алғаш рет мюзикл күнін 2009 жылы "Монте-Кристо", "Граф Орлов" және "Анна Каренина" қойылымдарының продюсерлері — Алексей Болонин мен Владимир Тартаковскийдің бастамасымен атап өтті. Аз уақыт ішінде бұл мерекені атап өтушілер қатары көбейіп, ол мюзикл жанрының жанкүйерлері асыға күтетін шаралардың біріне айналды.

Сондай-ақ, бүгін бірегей әрі қызықты мереке — Ниндзя күні. Аталған мереке күнтізбеге 2003 жылы "Ninja Burger" сайтының бастамасымен енгізілді. Бұл күні ниндзюцу өнерінің жанкүйерлері өздерін бір сәтке мықты жауынгер ретінде елестете алады. Жапонияда ниндзя деп толықтай жасырына білетін жауынгерлерді айтады.

Мұнымен қатар, 5 желтоқсан — аққан жұлдыздар күні. Аспан бізге жалт-жұлт еткен жұлдыздарын сыйға тартып келеді. Көкке ұзақ уақыт қарап тұратын болсаңыз, жұлдыздардың бірде жақындап, бірде қатты алыстап бара жатқанын көресіз. Бүгін жұлдыздар сізге арнап әдемі ән салады. Осы әуенді естіген жандар мәңгілік бақытты болады және оларды көптеген өзгеріс күтіп тұр.

5 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1766 жылы Англияда "Кристрс" аукцион үйі құрылды;

1925 жылы С. Эйзенштейн кинофильмінің премьерасы өтті;

1931 жылы Мәскеуде Құтқарушы Христос шіркеуі бұзылды;

1987 жылы Воронежде ресейлік және кеңестік "Газ секторы" атты рок-группа құрылды.

5 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1936 жылы КСРО жаңа конституция қабылдап, Қазақ Автономиялық Республикасы Одақтық Республика болып қайта құрылды;

1941 жылы Ақтөбеде Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Ақтөбе мен Атырау қалалары тұрғындарынан 101-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасы құрылды;

1994 жылы Будапеште Ұлыбритания, Ресей және АҚШ жетекшілері Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету меморандумына қол қойды;

1995 жылы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Кеңес арасында сауда және ықпалдастық туралы келісімге қол қойылды.

5 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1803 жылы орыс ақыны, дипломат, консервативті публицист, 1857 жылдан бері Петербург ғылым академиясының мүшесі болған Федор Тютчев дүниеге келді;

1901 жылы америкалық суретші-мультипликатор, кинорежиссер, актер, сценарист және продюсер, "Walt Disney Productions" компаниясының негізін салушы Уолт Дисней туды.Қазір бұл компания "The Walt Disney Company" деп аталады;

1932 жылы америкалық рок-музыкашы, рок-н-ролл негізін салушылардың бірі Литтл Ричард дүние есігін ашты;

1966 жылы Францияның эстрадалық әншісі және актриса Патрисия Каас туды. Ол 2009 жылы Францияның атынан "Евровидение" байқауына қатысқан еді.

5 желтоқсанда Қазақстанда кім дүниеге келді

1913 жылы жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Жекен Жұмақанов дүниеге келді;

1914 жылы актер, режиссер, Қазақстан Республикасының халық әртісі Қуат Төлеков туды;

1918 жылы әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері Ханғали Сүйіншәлиев дүние есігін ашты.

1945 жылы физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы инженерлік академиясының және халықаралық инженерлік академиясының академигі Қайрат Қадыржанов дүниеге келді. Ол Мәскеу инженерлік-физика институтын, КСРО ғылым академиясы Игорь Курчатов атындағы Атом энергиясы институтының аспирантурасын бітірген.

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісіне келіп тоқтайды. Жеке өміріңізде үлкен өзгеріс болады. Тіпті, жаман өзгерістердің өзі сіз үшін жақсы екенін кейін түсінесіз. Жұмыста барлығы ойдағыдай болады. Жаңа жобаны қолға алсаңыз, міндетті түрде сыйақы аласыз. Барлығы сіздің қалауыңызға байланысты.

Жаңалықтар
0