6 желтоқсан

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 6 желтоқсан

20
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 340-шы күн. Жыл соңына дейін 25 күн қалды

6 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

6 желтоқсанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін микротолқынды пештер күні. Аталған мереке осы пеште түрлі тағам пісіріп, немесе ірімшік қосылған сэндвич пен бутерборд әзірлегенді ұнататындар үшін құнды. Уақыт өте келе дизайнерлер микротолқынды пештердің сыртын әртүрлі етіп өзгертіп отырды. Сол себепті бүгінде компьютер пеш немесе медиа орталыққа ұқсас түрін көруге болады. Сондай-ақ, автомобильге арналған көпқызметті пеш жасап шығарылды. Пештің қай түрі болмасын адамның жұмысын жеңілдетіп, түрлі дәмді тағам әзірлеуге көмектеседі.

Нидерланд елінде бүгін Санта Клаус мерекесін атап өтіп жатыр. Санта күні Жаңа жылдан немесе рождество мерекесінен әлдеқайда ерекше. Әдетте Жаңа жыл мерекесінде ата-аналар Аяз атаның атынан балаларының арман-тілектерін орындап, сыйлық сыйлайды. Балалар шыршаны айналып жүріп ән салады. Ал Санта Клаус мерекесі мүлдем басқаша атап өтіледі. Ол келгенге дейін қонақүйдің есігі ашылып, қара қол пайда болады. Бірақ балалар бұл қара қолдан еш қорықпайды. Себебі олар оның Клаустың қызметшісі Қара Пит екенін біледі. Ол қолын ақырындап созып, балаларға тәтті кәмпиттерден шашу шаша бастайды. Балалар осы тәттілерді жерден жинап алып жатқан кезде Санта Клаус кіріп келеді.

Мұнымен қатар, бүгін аздап әзілдеуге болады. Мысалы, бастықтың бетінен сүю, ерекше шаш үлгісін жасау деген секілді. Яғни бүгін қызықты қалауларыңызды жүзеге асыратын күн. Бір күн бойы өзіңізге қалағаныңызды жасауға рұқсат беріңіз. Бүгін сіздің күніңіз!

6 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1492 жылы Колумбтың бірінші экспедициясы Гаити аралын ашты;

1648 жылы Англияда Прайдова тазалық күні өтті;

1912 жылы мысырлық Амарнеде Нефертитидің мүсіні табылды;

2000 жылы біріккен ядролық зерттеу институты 116 химиялық элемент — Ливерморийді ашты.

6 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1971 жылы Алматыда алғашқы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылды;

2010 жылы Қарағандыда Гоголь көшесінің бойында алғашқы қала сағаттары пайда болды;

2011 жылы Қазақстан ғалымдары бес томдық "Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев" биобиблиографиялық нұсқаулығын шығарды.

6 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1949 жылы Ресей және КСРО театр мен кино актрисасы Ольга Науменко дүниеге келді;

1957 жылы Ресей және КСРО әзілкеші, пародия жасаушы, актер, әнші, тележүргізуші, саясаткер Михаил Евдокимов дүниеге келді. Ол Алтай аймағының төртінші губернаторы және РФ еңбегі сіңген әртісі;

1970 жылы Ресей және Кеңес әншісі, музыкашы, "На-На" тобының мүшесі Владимир Политов дүниеге келді.

6 желтоқсанда Қазақстанда кім дүниеге келді

1920 жылы кеңес одағының батыры Николай Шелехов дүние есігін ашты;

1939 жылы халық жазушысы, Қазақстанның еңбек ері Әбіш Кекілбаев туды;

1967 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі Гүлзат Дәуірбаева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай мерген белгісіне келіп тоқтайды. Бүгін көп істе жолыңыз болмауы мүмкін. Бір нәрсеге білек сыбана кірісіп кетпес бұрын ақыл мен айлаға жол беріңіз. Жалпы бүгін бейбіт күндердің бірі деуге болады.

20
Кілт сөздер:
актриса, күнтізбе, мереке, тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (133)
Тақырып бойынша
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 5 желтоқсан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 желтоқсан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 желтоқсан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 желтоқсан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 желтоқсан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 қараша
Загрузка...