Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 желтоқсан

© Sputnik8 желтоқсан
8 желтоқсан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 342-ші күн, жыл соңына дейін 23 күн бар

8 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз. 

8 желтоқсанда әлемде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Суретші күні атап өтіледі. Бұл тек кәсіби ғана емес, әуесқой суретшілердің де мерекесі. Көпшілік үшін сурет өнері керемет хобби болып табылады. Көркемөнер – ең ежелгі өнердің бірі. Ежелгі адамдар үңгірдің қабырғасына түрлі суреттер салып, айналасындағы көрген-білгенінің бәрін бейнелеуге тырысқан. Талантты суретшілер әрқашан құрметке лайық, ал олардың жұмысы – сән-салтанат белгісі мен өнер туындысы. 

Жыл сайын 8 желтоқсанда финдердің музыкасының күні атап өтіледі. Бұл күн Финляндия туы көтерілетін күндердің бірі. 1865 жылы осы күні танымал фин композиторы Ян Сибелиус дүниеге келген, сондықтан мереке дәл осы күнге бекітілген. Сибелиустың ең белгілі туындысы – 1900 жылы алғаш рет орындалған "Финляндия" симфониялық поэмасы. Оның "Финляндия әнұраны" деген соңғы бөлімі дербес шығарма ретінде белгілі. 

Фин музыкасы күні ресми түрде 2011 жылы бекітілді. Туды көтеру заңда белгіленген ресми күнге жатпайды, бірақ Ян Сибелиустың туған күні ғимараттарға мемлекеттік туды ілу жаппай дәстүрге айналған. Әдетте туды таңертең сағат сегізде көтеріп, күн батқанда түсіреді. 

8 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1931 жылы АҚШ-та коаксиалды электр сымы патенттелді; 

1955 жылы Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы Еуроодақтың туын бекітті; 

1991 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Беловеж келісіміне қол қойылды. 

8 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстанның инженерлік академиясы құрылды;

1993 жылы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңы қабылданды; 

2012 жылы Астанада "Тілеп — қобыз сарайы" жаңа концерттік залы салтанатты түрде ашылды; 

2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы отырысында Қазақстанның бастамасымен Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация бекітілді.

8 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1929 жылы кеңес және ресейлік театр және кино әртісі, әнші, РСФСР еңбек сіңірген әртісі Клара Румянова дүниеге келді; 

1934 жылы кеңес одағының театр және кино әртісі Алиса Фрейндлих дүниеге келді ("12 стульев", "Служебный роман", "Д’Артаньян и три мушкетера" фильмдерінде түсті).

8 желтоқсанда Қазақстанда кім туды

1942 жылы жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қажығали Мұханбетқалиұлы дүниеге келді; 

1961 жылы Сенат депутаты Ерболат Мұқаев дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай мерген белгісінде орналасады. Бүгін болатын оқиғаның бәрі өзара байланысты. Мәселен, таңертең ақша тауып алсаңыз, одан да көп жоғалтуыңыз мүмкін, мақтау сөз естісеңіз, кейін жанжалға тап болуыңыз ықтимал. Сондықтан бүгінгі күні бірқалыпта өткізуге тырысыңыз. 

Жаңалықтар
0