Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 желтоқсан

© Sputnik14 желтоқсан
14 желтоқсан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 348-ші күн. Жыл соңына дейін 17 күн бар

14 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын н дерекқорынан оқыңыз.

14 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды

14 желтоқсан — Бүкіләлемдік маймылдар күні. Бұл күн есерлік пен бананға арналған. Бұл дата досының күнтізбесінде маймыл күнін белгілеген суретші және Мичиган университетінің студенті Кэйси Сорроудың арқасында пайда болды. Бұл күні адамдар мерекелік кеш ұйымдастырып, үстіне маймылдың костюмін киеді. Сондай-ақ, банан жеп, кокос сүтін ішіп, маймылдарға қамқорлық көрсетеді.

Бүгін Украинада — Чернобыль АЭС-тағы апаттың салдарын жоюға қатысқандарға құрмет көрсету күні. Жыл сайын 14 желтоқсанда аталып өтеді. Адамзат тарихындағы ең ірі техногенді апатты жоюға қатысқандардың жанқиярлығы арқасында апат жойылды.

Сонымен қатар, бүгін Түрікменстанда мұнайшылар мен геологтар төл мерекесін атап өтеді. Аталған дата "Түрікменстан — Қытай" газ құбырының пайдалануға берілуіне орай ресми түрде мереке күні ретінде бекітілген.

14 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1819 жылы Алабама АҚШ-тың 22-ші штаты болды

1893 жылы Мәскеудегі Қызыл алаңда Жоғары сауда қатарлары ашылды;

1949 жылы Иерусалим Израильдің астанасы болып жарияланды;

1998 жылы "Наше радио" радио станциясы хабар тарата бастады.

14 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1997 жылы Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылды;

2005 жылы Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен жаңа цирк ғимараты ашылды;

2008 жылы Ақтөбеде Әйтеке би ескерткіші ашылды;

2011 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры мен Максим Горький атындағы орыс драма театры академиялық мәртебе алды.

14 желтоқсанда әлемде туған танымал тұлғалар

1503 жылы француз астрологы, дәрігер, фармацевт және алхимик, әлемге сәуегейлігімен танылған Мишель Ностардамус дүниеге келді;

1962 жылы ресейлік театр сыншысы, редактор, журналист Ирина Пороховщикова өмірге келді. Актер Александр Пороховщиковтің әйелі;

1979 жылы австралиялық поп әнші, әртіс және модель Софи Монк туды.

14 желтоқсанда Қазақстанда кімдер туды

1939 жылы суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ анимациялық киносының негізін салушылардың бірі Флобер Мұқанов дүниеге келді;

1939 жылы бокстан спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Драч өмірге келді;

1963 жылы ресейлік театр және кино әртісі Сергей Барковский туды. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2005);

1970 жылы палуан, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1996 жылғы XXVI Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мәулен Мамыров дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балық белгісінде орналасады. Бүгін ойыңызды жинақтау қиынға түспек. Сондықтан айналаңыздағы адамдармен ақылдасыңыз немесе шешім қабылдауды басқа күнге қалдырыңыз. Есесіне махаббатта жолыңыз болады.

Жаңалықтар
0