Дерекқор

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 16 желтоқсан

© Sputnik16 желтоқсан
16 желтоқсан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 350-ші күн. Жыл соңына дейін 15 күн қалды

16 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

16 желтоқсан күні қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін Қазақстанда басты ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданды. Осы уақыт ішінде Қазақстан өзін барша әлемге танытты. Көптеген мемлекеттік өзгеріс болды. Парламент құрылып, сот жүйесі, шекара мен әскери-теңіз флоты пайда болды. Бүгінгі таңда Қазақстан шетелден инвестиция тартудан ТМД елдері бойынша көшбасшылар қатарында. 120-дан астам мемлекет ресми Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындап, арада дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Республика БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сондай-ақ, Еуропалық одақ, ЮНЕСКО және АЭЖХА сынды халықаралық ұйымдармен серіктестікті нығайтып келеді. Бүгін республика көлемінде түрлі шара ұйымдастырылады. Мереке қарсаңында біртуар азаматтар мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды.

Мұнымен қатар, бүгін — шыңдарды бағындыру күні. Бұл өзіне сенімділігі жоғалған жандар үшін таптырмас ерекше күн болмақ. Қолыңыздан бір нәрсе келмей жатса, көңіліңізді түсірудің қажеті жоқ. Бастысы адамның бағыт-бағдарының дұрыс болуы. Владимир Высоцкий айтпақшы, бағындырған шыңнан артық не болуы мүмкін? Тек алда кездесетіндері!

Бұдан өзге бүгін босаңсу күні. Бұл сөзді жаман мағынада қабылдаудың қажеті жоқ. Керісінше оны көптен бері батылыңыз бармай жүрген қызықты әрекетті жүзеге асыру деп қабылдаңыз.

Альберт Эйнштейннің шаш үлгісін еске алыңызшы. Құдды шашы қалыптасып қалған стандарттарға қарсылық білдіріп тұрғандай. Ғалымның өзі де жұрт ақымақтыққа балаған дүниелердің астарында не жатқанын ашып берді.

16 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1899 жылы "Милан" футбол клубы құрылды;

1913 жылы жас британиялық актер Чарли Чаплин "Кистоун Фильм" студиясында алғашқы "Өмір үшін жанталас" фильміне түсті;

1946 жылы Кристиан Диор Париждің Монтень көшесінде өзінің алғашқы сән үйін ашты;

1947 жылы әлемде алғаш рет биполярлы транзистор жасап шығарылды.

16 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

2000 жылы Алматы қаласында Абылай ханға арнап ескерткіш қойылды. Оның авторы мүсінші Нұрлан Далбаев болды;

2005 жылы Пекинде "Қытай банкі мен Қазақстан халық банкі арасында серіктестік" туралы келісімге қол қойылды.

16 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1872 жылы орыс-жапон және бірінші дүниежүзілік соғыс батыры Антон Деникин дүниеге келді;

1935 жылы кеңестік және ресейлік актриса, кинорежиссер, сценарист Светлана Дружинина туды. Ол Ресей Федерациясының халық әртісі;

1964 жылы кеңестік және ресейлік биатлоншы және шаңғышы, биатлоннан екі мәрте олимпиада чемпионы Анфиса Резцова туды;

1982 жылы украиналық поп бағытындағы әнші, тележүргізуші, актриса Анна Седакова өмірге келді.

16 желтоқсанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1929 жылы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова өмірге келді;

1936 жылы кеңес және қазақ театр мен кино актрисасы, СССР халық әртісі Фарида Шарипова туды.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісіне келіп тоқтайды. Бүгін кез келген маңызды істі қолға алуыңызға болады. Жұмыс немесе тұрғылықты мекенжайыңызды ауыстыратын болсаңыз, бұдан тек ұтасыз. Тек қосағыңызбен ажырасқан жағдайда жолыңыз болмауы мүмкін.

Жаңалықтар
0