Шолпан Елгезекова

Шолпан Елгезекова туралы не білеміз?

5996
(Жаңартылды 17:18 03.01.2019)
Қазақстандық актриса "Жараланған жүректер", "Айман-Шолпан", "Анашым, мені қалдырма" телехикаялары мен "Шабдалы" фильміне түскен

Шолпан Елгезекова – театр және кино әртісі. 1973 жылы 12 наурызда Алматыда дүниеге келген. 1989 жылы №45 орта мектебін тәмамдап, 1995 жылы Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсті.

2008-2014 жылдар аралығында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында еңбек етіп, бірқатар рөлді сомдады. 

Шолпан Елгезекова 2017 жылы "Шабдалы" көркем фильмінде басты рөлді сомдаған. Аталған кинокартина "Асыл арна" телеарнасының төл өнімі. 

Бұған қоса, "Жараланған жүректер" (2017 жыл), "Айман-Шолпан", "Анашым, мені қалдырма"  телехикаяларында ойнады. 

2014 жылы "Ра-Да" атты қуыршақ театрын құрып, өзі жетекшілік етті. 

45 жастағы актриса 2018 жылы 29 желтоқсанда Алматыда жол апатынан қаза болды. Жол-көлік оқиғасы Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болған. 

Ашық дереккөздерге сүйенсек, марқұмның артында бір қызы қалды.

5996
Кілт сөздер:
Шабдалы фильмі, кино, өмірбаян, актриса, театр, жол апаты, Шолпан Елгезекова
Тақырып бойынша
Актрисаның қазасы: Gelandewagen жүргізушісінің кім екені анықталды
Алматыда актрисаның қаза болуына байланысты ІІМ түсініктеме берді
Актрисаның қазасы: Алматы полициясы Gelandewagen жүргізушісін ұстады
Загрузка...