Сырға, архивтегі сурет

Сырға салу туралы не білеміз?

14206
(Жаңартылды 10:34 14.01.2019)
Қызға сырға салмас бұрын жігіт жағы бойжеткеннің ата-анасының рұқсатын алады

Сырға салу – қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларынан бұрын жасалатын дәстүр. Айттырылған қыз қалыңдық атанып, сол сәттен бастап өзін жат жұрттық сезінеді. 

Сырға салу дәстүрі қайдан шыққан?

Сырға салу – қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрі. 

Бұрын ата-аналар ұлдарына келінді өздері таңдайтын болған. Ұлына лайықты жар болатын қызды тапқан кезде, оның отбасына бір адамды өкіл қылып жіберген немесе қыз көруге арнайы өзі барған. Қызын көруге келген адамға қыздың шешесі: "Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді, қызымның басы бос" деген сынды сөздерімен қарсы емес екенін емеуріндеп білдірген. Осыдан кейін қызды айттыруға келген тарап үкі тағу, сырға салу сынды  жоралғыларды жасасқан. Екі жақ сөз байласып, құдалық туралы уәделескен соң, бірте-бірте қалыңмалы төленеді. Айттырылған қыз "қалыңдық" атанады. Осы сәттен бастап қыздың ағайын-туысқаны оның киім киісіне, жүріс-тұрысына, тәртібіне баса назар аударған. Үлкендер жағы айттырылған қыздың құлағына келіндік міндеттерді сіңіре берген. 

Қазақта бесікте жатқан балаларды да атастырып қоятын салт бар. Әсіресе, бір-бірімен жақын араласатын достар "сізден қыз, бізден ұл туса, құда боламыз" деп уағдаласқан. Салтымызда мұны "бесік құда" деп атайды. 

Тағы оқыңыз: 

Бұрын қазақта айттырылған қызға сырға емес, үкі тағу дәстүрі болған. Жігіттер қыздың бөркіндегі үкісіне қарап, оның басы бос емес екенін, айттырылып қойғанын білген. Қазір үкі тағу дәстүрін сырға салу алмастырды. 

Сырға салу рәсімі қалай орындалады? 

Ең алдымен, жігіттің ең жақын төрт-бес туысы қыздың үйіне келіп,  қалыңдықты алып кететін күнді белгілейді. Қыздың ата-анасы мал сойып, құдаларды дастарқан жайып қарсы алады. 

Құда түсетін қыздың құлағына тек алтын сырға тағылады. Себебі, қазақ халқы қыз баланы "алтынға" балаған. 

Қыздың жеңгелері құдаларға қалыңдықты көрсетіп, көрімдік алған. Осы кезде жігіттің жеңгелері "құлағың жамандықты естімесін" деп қыздың құлағына алтын сырға тағып, бетінен сүйген. Сондай-ақ, жігіт жағы қыздың әке-шешесіне, туған-туыстарына әкелген сыйлығын береді.

14206
Кілт сөздер:
бесік құда, үкі тағу, айттырылған қыз, сырға салу, салт-дәстүр, жігіт, қалыңдық, құдалық
Тақырып бойынша
Баланы қырқынан шығару дәстүрі туралы не білеміз?
Қалжа туралы не білеміз?
Бата беру дәстүрі қайдан шықты және оны кімдер береді?
Тұсаукесер: қазақ нені дұрыс жасамай жүр?
Тойбастар ысырапшылдық па, жоқ әлде...
"12 жасқа дейін емізген". Маман сәбиді емшектен қалай дұрыс шығару керектігін айтты
Сайлау, дауыс беру, иллюстративті сурет

Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

85
Мәжіліс сайлауында дауыс беруге құқылы сайлаушылар, дауыс беру уақыты мен тәртібі туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқылы.

Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Мәжiлiс депутаттарын сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Азаматтар жасырын дауыс береді және сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасауға тыйым салынады.

Сайлаушылар тізімінде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (он сегіз жастағылар үшiн – қосымша күнi мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайы көрсетiледi.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді

Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне жүгінуге құқылы. Жазбаша өтiнiшті сайлаудан кемінде отыз күн бұрын беру керек.

Азамат өтiнiш жасаған соң, әкімдік оны тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығарып, сол қаладағы дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзеді.

Дауыс беру уақыты

Дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат 07.00-ден 20.00-ге дейiн өткiзiледi.

Алайда учаскелiк сайлау комиссиялары басқа уақытты белгiлей алады. Бұл орайда дауыс берудi сағат 06.00-ден ерте бастап, сағат 22.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

Учаскелiк сайлау комиссиясы азаматтарды дауыс беретiн уақыт пен орын туралы сайлау өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, БАҚ арқылы, сондай-ақ, өзге де әдiстермен хабардар етуі тиiс.

Дауыс беру тәртібі

Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс берудің басталуына бiр сағат қалғанда дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар-жоғын, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады.  Комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

Әрбiр сайлаушы өзi дауыс бередi.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

Бюллетеньдер сайлаушылар тiзiмі негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен соң берiледi.

Сайлаушылар тiзiмге бюллетеньдердi алғаны туралы қол қояды.

Комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

Сайлау комиссиясы төрағасы мен хатшысының бюллетень бepуге құқығы жоқ.

Дауыс берушiлер сайлау бюллетенiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оны толтыру кезiнде кабинаға басқа адамның кіруіне тыйым салынады. Бюллетеньдi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға құқылы.

Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.

Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

85
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Мәжіліс залы

Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

291
(Жаңартылды 18:32 27.09.2020)
Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс

Парламент – Қазақстанның заң шығару билігiн жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Сайлауды кім және қалай тағайындайды

Мәжілістің соңғы сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтіп, бірінші сессия 2016 жылдың 25 наурызында ашылған еді. Тиісінше, қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған шақырылымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

"Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауын президент депутаттар өкiлеттігінің бiтуiне кемiнде бес ай  қалғанда тағайындайды.

Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Үміткерге қойылатын талаптар

Қазақстан азаматтығы бар және ел аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан, жасы жиырма беске толған адам мәжіліс депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Мыналар:

  • сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
  • сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныған адам парламенттің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, кандидат бола алмайды.

Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркелген саяси партиялар, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын кандидаттарды Ассамблея кеңесі ұсынады.

Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын үміткерлерді ұсыну сайлаудан 2 ай бұрын басталып, оған 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

ҚХА сайлайтын кандидаттарды ұсыну сайлаудан 1 ай бұрын басталып, оған 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидатураны алып тастау

Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

291
Кілт сөздер:
сайлау, мәжіліс депутаты, Мәжіліс
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев

Министр Мырзағалиев "Алтынемелде" түсірілген видеоны жариялады

103
(Жаңартылды 18:53 28.09.2020)
Орта Азияда сирек кездесетін қар барысы көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді, дейді экология министрі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында "Алтынемел" ұлттық паркінде алғаш рет қар барысы видеоға түсірілді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

​Министр Twitter парақшасында қар барысының фото және видеосын жариялады.

"Жақсы жаңалықты бөліскім келіп отыр. "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді", - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. Жануар жоғалып кетудің алдында тұр.  

"Барыстың көзге түсуі – ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шара қабылдап, жүзеге асырады", - деп жазды Мырзағалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатылған.

103
Кілт сөздер:
видео
Тақырып бойынша
Белгісіз құбыжық тұрғындардың зәресін алды – жантүршігерлік видео
Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды - видео
Африкада түсірілген видео жұртты күлдірді
Семейде жыртқыш аң видеоға түсіп қалды