21 қаңтар

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 қаңтар

191
(Жаңартылды 07:29 21.01.2019)
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 21-ші күн. Жыл соңына дейін 344 күн бар.

21 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан біле аласыз.

            21 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды

21 қаңтарда бүкіл әлемде ең бір ерекше мереке тойланады – Халықаралық құшақтасу күні. 1986 жылы АҚШ-та негізі қаланып, кейін бүкіл дүние жүзіне тез тарап кетті. Мерекенің дәстүрі бойынша, бұл күні тіпті бейтаныс адаммен төс қағыстырып, құшақтасуға болады.

Мейрамның аталып өте бастағанына көп болмаса да, оны кім ойлап тапқаны және неге дәл осы күн таңдалғаны белгісіз. Жалпы бұл мерекені тойлауды студенттер бастаған сыңайлы.

Дәл осы күні қыз-жігіттер достық ниетпен бір-бірін құшақтарына қысатын болған. Айтпақшы, соңғы жылдары жастар жағы осы мейрамға орай неше түрлі флешмобтар ұйымдастырып жүр. Аңызға сенсек, адамдар бір-бірін құшақтағанда, жан жылуымен бөліседі.

Ресейде Аспирант күні тойланады. Жас ғалымдар, мамандар, аспиранттар мен студенттер – Ресей ғылымының мақтанышы мен арқа сүйері. Оларға материалдық жағынан ғана емес, моральдық тұрғыда да жан-жақты қолдау көрсету қажет. Жоғары білім алып, ғылыми мансап қуудың қаншалықты маңызды екенін дәріптеу үшін Аспирант күнінің негізі қаланған. Мереке әзірге ресми емес, бірақ ғылыми ортада сүйікті мейрамдардың бірі. Әлбетте, Ресейде аспирантура ұғымы баяғы заманнан бері бар, бірақ ғылыми қызметкерлерді даярлау тәтібі туралы нұсқаулық 1925 жылы 21 қаңтарда қабылданған, сол себепті мереке бүгін тойланады.

Жыл сайын 21 қаңтарда Польшада Әжелер күні тойланады, бұл мейрамды атап өту 1964 жылдан басталған. Әжелер күні өткізілген қоғамдық сауалнама нәтижесінде белгілі болғандай, поляктардың 60%-ы моральдық принциптері, діни көзқарасы мен наным-сенімдері әжесімен тығыз қарым-қатынаста қалыптасты деп санайды. Сонымен бірге Хэральд Эйлер жүргізген зерттеу көрсеткендей, 16 және 80 жас аралығындағы екі мың респонденттің басым көпшілігі әжелеріне қатты бауыр басқандарын айтты. Бұл күні бәрі әжелеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар тарту етіп, міндетті түрде қонаққа барады. Әжелер немерелерін қуана қарсы алып, дәмді-тәттісін аузына тосады.

            21 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1775 жылы Емельян Иванович Пугачев өлім жазасына кесілді;

1954 жылы АҚШ-та әлемдегі алғашқы "Наутилус" атты атомдық су асты қайығы қолданысқа енді;

1790 жылы гильотина ойланып табылды;

1911 жылы Монте-Карлода алғашқы көлік жарысы болды.

            21 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1932 жылы "Казахстанская правда" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді;

1997 жылы Алматыда Магнитогорская көшесіне актер, КСРО-ның халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаевтың есімі берілді;

2011 жылы Қазақстан Республикасында "Hyundai" жүк көлік және автобус құрастырушы зауыт ашылды;

2013 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес Астана мен Ақмола облысының шекарасы өзгертілді. Астана қаласының 17,1 гектар аумағы Ақмола облысы Целиноград ауданына қосылды, ал Ақмола облысы Целиноград ауданының 17,1 гектар аумағы Астана қаласына қосылды.

            21 қаңтрада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1905 жылы француз кутюрьесі Кристиан Диор дүниеге келді;

1960 жылы ресейлік актер Дмитрий Харатьян дүниеге келді ("На Дерибасовой хорошая погода, или На Брайтон-Бич опять идут дожди" фильмі"Каменская" телехикаясы);

1979 жылы ресейлік рок-музыкант, "Ария" тобының солисі Михаил Житняков дүниеге келді;

1983 жылы ресейлік актриса Светлана Ходченкова дүниеге келді ("Любовь в большом городе""Шпион, выйди вон""Мамы""8 первых свиданий" фильмдері).

            21 қаңтарда Қазақстанда кім дүниеге келді

1750 жылы батыр, әулие Бекет ата Мырзағұлұлы дүниеге келді;

1966 жылы қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов дүниеге келді ("Тот, кто нежнее""Фара""Сказ о розовом зайце" фильмдері).

            Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Жан тыныштығын сақтап демалуға ең қолайлы күн. Кітап оқуға, шәй іше отырып, әңгіме-дүкен құруға немесе оңаша өмір жайында толғануға болады.

191
Кілт сөздер:
ай күнтізбесі, атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 қаңтар
Загрузка...