23 қаңтар

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 қаңтар

206
(Жаңартылды 19:38 24.01.2019)
Бұл Григориан күнтізбесінде 23-ші күн. Жыл соңына дейін 342 күн бар.

23 қаңтарда не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

23 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды 

Жыл сайын 23 қаңтарда әлемде Қолмен жазу күні аталып өтеді. Мерекенің мақсаты – электронды технология жаулап алған заманда адамға өзінің даралығын көрсетуге мүмкіндік беретін қолмен хат жазуды еске салу. Жазу ерекшелігін зерттеу арқылы адамның мінезін, мықты және осал тұстарын білуге болады. Графология адамның қабілеттерін тек қолмен жазылған хат арқылы анықтауға қауқарлы маңызды ғылымдардың бірі саналады. 

Бүгін аты да, заты да қызық мереке – Қауесет күні аталып өтпек. Бұл мереке қалың бұқара арасында Өсекші күні деген де атқа ие. Нәзік жандардың жұмыс орнында ерлерге қарағанда көп әңгіме соғатыны ешкімге жаңалық емес. Қыз-келіншектер күніне 5 сағатқа дейін өсек айтумен отырады екен. Көбінісе, олар таныстарының жеке өмірін, балалары мен туыстарының, жақындарының жүріс-тұрысын, мінезін сөз қылады. Сондай-ақ, күніне 24 минут уақытын өз салмағы, көйлектерінің өлшемі, диета туралы әңгімелерге жұмсайды. 

Сондай-ақ бүгін – Жасыл шам күні. Бағдаршамның жасыл шамын, әсіресе, көлік жүргізушілері ерекше жақсы көреді. Уақыт үнемделеді, қажет жеріне кешікпей жетеді. Бұл күні саяхат жасайтындарға ғана емес, көздеген мақсатқа жету үшін ештеңеден тайынбайтын жандарға да сәттілік серік болады. 

23 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1556 жылы Шэньсиде алапат зілзала болды: шамамен 830 мың адам көз жұмды. 

1579 жылы Утрехт униясы бекітілді: Нидерландының солтүстік провинциялары Испанияға қарсы бірікті; 

1895 жылы Норвегия экспедициясының мүшелері әлемде алғаш болып Антарктида жағалауына аяқ басты; 

1912 жылы Гаагада есірткі заттарын бақылау туралы алғашқы халықаралық келісім – Халықаралық апиын конвенциясына қол қойылды. 

23 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1992 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстанды БҰҰ-ға мүше етіп қабылдау туралы қарар қабылданды;

2010 жылы Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы салтанатты түрде ашылды;

2013 жылы "Азия Авто" конвейерінен Қазақстанда құралған 50 мыңыншы автомобиль шығарылды;

2017 жылы Атырау облысының Жылыой ауданында "Аңсаған" тұзасты шөгінділерін көтеру кезінде жеңіл мұнай мен газ кен орындары табылды.

23 қаңтарда әлемде туған танымал тұлғалар

1783 жылы француз жазушысы Анри Мари Стендаль дүниеге келді ("Красное и черное");

1944 жылы кеңестік баскетболшы, 1972 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы (1967 және 1974), бапкер Сергей Белов өмірге келді. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1969). КСРО еңбек сіңірген бапкері. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дене шынықтыру қызметкері; 

1956 жылы ресейлік драматург, театр және кино режиссері, сценарийші Михаил Угаров туды; 

1965 жылы кеңестік және ресейлік музыкант, 1989-1993 жылдар аралығында "Сектор газа" тобының бас-гитарашысы Сергей Тупкин дүниеге келді. Бұған дейін (1988-1989) топтың соло-гитарашысы болған. 

23 қаңтарда Қазақстанда кімдер туды

1960 жылы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов дүниеге келді;

1962 жылы күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева өмірге келді; 

1974 жылы Қазақстанның Польшадағы бұрынғы елшісі Алтай Абибуллаев туды;

1975 жылы Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бүгін өсек-аяң, дау-жанжалдан бойыңызды аулақ ұстаңыз, достарыңыз бен әріптестеріңіздің сенімінен шығып қалу қаупі бар.

206
Кілт сөздер:
ай күнтізбесі, өсек айту, Григориан күнтізбесі, атаулы күндер, тарихи оқиғалар, мереке, танымал есімдер, Айгүл Үлкенбаева, Ғабидолла Әбдірахымов
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (205)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 қаңтар
Загрузка...