Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 қаңтар

© Sputnik26 қаңтар - күнтізбе
26 қаңтар - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 26-шы күн, жыл соңына дейін 339 күн бар

26 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз. 

26 қаңтарда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін  — Австралия күні. Бұл күні 1788 жылы шығанақ жағалауында Британиядан 11 кемемен келген теңізшілер, күзетшілер мен сотталғандардан құралған алғашқы қоныстың негізі қаланды. Бірінші губернатор болған капитан Артур Филипп жаңа колонияны ресми түрде 7 ақпанда Жаңа Альбион деп атады, көп кешікпей ол британиялық ішкі істер министрінің құрметіне Сидней деп өзгертіледі. 

Сондай-ақ бүгін Халықаралық кеденшілер күні. 1953 жылы 26 қаңтарда Брюссельде кедендік ынтымақтастық кеңесінің алғашқы сессиясы өтті. 1994 жылдан бұл кеңес Бүкіләлемдік кеден ұйымы деп аталады. 30 жылдан кейін, 1983 жылы бұл күн жыл сайынғы мерекенің датасы ретінде бекітілді. 

Кедендік қауымдастық туралы идея үлкен қолдау тапты. Аз ағана Еуропа елдерін біріктікрегн ұйым аз уақытта Кедендік ынтымақтастық кеңесі халықаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналды. Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік кедендік ұйымның құрамында 162 мемлекет бар. 

26 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1244 жылы басылым бетттерінде алғаш рет Берлин қонысының атауы  пайда болды; 

1788- жылы Сидней қаласының негізі қаланды, еуропалықтардың Австралиядағы алғашқы қонысы; 

1802 жылы АҚШ Конгресінің кітапханасы құрылды;  

1911 жылы Дрезденде Рихард Штраустың "Кавалер розы" операсының тұсаукесері болды.  

26 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1924 жылы "Ақ жол" газетінде Жүсіпбек Аймауытовтың "Әйелді мектепке алыңдар" деген мақаласы жарық көрді; 

1962 жылы Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды; 

1981 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа ғимараты ашылды; 

1992 жылы Мәскеуде Қазақстан мен Жапония арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хат алмасу рәсімі болды; 

2006 жылы Қазақстанда Еуразиялық мәдениет қорының бастамасымен "Ұлт байлығы" сыйлығы бекітілді;

2012 жылы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы" атты көптомдық басылым жарыққа шықты; 

2015 жылы президенттің жарлығымен "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" мерекелік медалi тағайындалды.

26 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1891 жылы орыс ақыны, жазушы, журналист, аудармашы, қоғам қайраткері Илья Эренбург дүниеге келді;

1921 жылы жапон кәсіпкері, "Sony" компаниясының негізін қалаушы Акио Морита дүниеге келді;

1959 жылы кеңес және орыс киноактрисасы Наталья Вавилова өмірге келді, ол "Москва слезам не верит" фильмінде Александраның рөлін сомдады;

1961 жылы белгілі канадалық хоккейші, XX ғасырдағы ең танымал спортшылардың бірі Уэйн Грецкий дүниеге келді. 

26 қаңтарда Қазақстанда туған танымал тұлғалар

1940 жылы геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик  Бақытжан Берікболов дүниеге келді;

1948 жылы қазақ әдебиетіндегі алғашқы және жалғыз фантаст әйел жазушы, аудармашы, Қазақстан фантаст-жазушылары қауымдастығының президенті, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Нарбин Кенжеғұлова дүниеге келді;

1962 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, бұрынғы мәдениет және ақпарат министрі, мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай дүниеге келді.

Ай күнтізбесі 

Ай Таразы белгісінде орналасады. Бұш күнді еш нәрсеге алаңдамай, жайбарақат өткізіңіз. Сондай-ақ бүгін ұннан әзірленген тамақ пен тәттіден бас тартқаныңыз жөн болады. 

Жаңалықтар
0