1 ақпан - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 ақпан

238
(Жаңартылды 21:06 01.02.2019)
Бұл Григориан күнтізбесінде 32-ші күн. Жыл соңына дейін 333 күн қалды.

1 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         1 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды

Жыл сайын 1 ақпанда Америкада Ұлттық бостандық күні аталып өтеді. 1865 жылы дәл осы күні АҚШ президенті Авраам Линкольн ел Конституциясына құлдықты жою туралы 13-ші түзету енгізу туралы конгресс қарарына қол қойған еді. Түзетуде былай деп жазылған: Құрама Штаттарда, сондай-ақ, оның билігі таралатын кез келген жерде қылмыс үшін жазалау жағдайларынан басқа құлдық, жұмысқа мәжбүрлеу болмауы тиіс. Ұлттық бостандық күні барлық штатта кеңінен мерекеленеді, алайда бұл мемлекеттік демалыс күні болып саналмайды. Әр жыл сайын Бостандық қоңырауына салтанатты түрде гүл шоқтары қойылып, еркіндік тақырыбында музыкалық қойылымдар, деректі және көркем фильмдер көрсетіледі, әдеби оқулар өтеді.

Ал Ресейде бүгін лифт шаруашылығының жұмысшылары төл мерекесін атап өтіп жатыр. Әзірге кәсіби мереке ресми мәртебе алған жоқ. Бұл датаның мереке ретінде таңдалуының тарихи негізі бар. 1949 жылы нақ осы күні КСРО Министрлер кеңесінің "Лифт өндірісін ұйымдастыру туралы" қаулысы жарыққа шыққан болатын.

Сондай-ақ, бүгін – Бүкіәлемдік хиджаб күні. Бүгінде бұл мереке әлемнің көптеген елінде танымал болып келеді. Хиджаб күнін атап өтетіндердің негізгі санаты – ислам дінін ұстанатындар.

         1 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1865 жылы АҚШ-та құлдық жойылды;

1884 жылы Оксфорд ағылшын тілі сөздігінің алғашқы басылымы жарыққа шықты;

1893 жылы Томас Эдисон Нью-Джерсиде әлемдегі алғашқы "Қара Мария" киностудиясын құрды;

1930 жылы "Таймс" газеті әлемдегі алғашқы сөзжұмбақты басып шығарды.

         1 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің Прагада өткен сессиясында тұңғыш рет Қазақстанның туы орнатылды;

2001 жылы Петропавлда "Асыл мұра" тарихи-мәдени, ғылыми-әдістемелік орталығы құрылды;

2012 жылы Астанада халық жазушысы Сәкен Жүнісов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

         1 ақпанда әлемде туған танымал тұлғалар

1901 жылы америкалық актер ("Унесенные ветром"), "Оскар" сыйлығының иегері (1935) Кларк Гейбл дүниеге келді;

1931 жылы кеңестік және ресейлік партиялық, саяси, мемлекеттік қайраткер, Ресей Федерациясының бірінші президенті (1991 жылдың 10 шілдесінен 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейін) Борис Ельцин өмірге келді;

1937 жылы кеңестік және ресейлік биші, актриса, "Березка" ансамблінің қатысушысы Людмила Бутенина туды.  РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1973);

1939 жылы кеңестік және ресейлік балерина, педагог Екатерина Максимова дүниеге келді. 1958-1988 жылдар аралығында Үлкен театрдың прима-балеринасы. КСРО халық әртісі (1973). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1981).

         1 ақпанда Қазақстанда кімдер туды

1934 жылы Қазақстаннның халық жазушысы Сәкен Жүнісов дүниеге келді;

1940 жылы ақын Жұмаш Сомжүреков өмірге келді;

1948 жылы әнші-сазгер, домбырашы Алтынбек Қоразбаев туды;

1960 жылы еліміздегі ең бірінші экстрокорпоральды ұрықтандыру зертханасының негізін қалаған биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова дүниеге келді.

         Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Өте ауыр күн, асығыс шешім қабылдамаңыз, әйтпесе опық жеп қалуыңыз мүмкін.

238
Кілт сөздер:
Алтынбек Қоразбаев, танымал тұлғалар, ай күнтізбесі, мереке, тарихи оқиғалар, атаулы күндер
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (202)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қаңтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 31 қаңтар
Загрузка...