Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 ақпан

© Sputnik / Владислав Воднев3 ақпан - күнтізбе
3 ақпан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 34-ші күн, жыл соңына дейін 331 күн бар

3 ақпанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

3 ақпанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін былапыт сөз айтуға болмайды, өйткені 3 ақпанда бүкіл әлемде Балағат сөзге қарсы күрес күні аталып өтеді. Боғауыз және бейпіл сөздердің саны бойынша ағылшын тілі көш басында, екінші орында голланд тілі, ал үшінші орында орыс тілі екен.

АҚШ-та бүгіні ұлттық сәбіз торты күні аталып өтеді. Бұл кулинарлық туынды ертеден америкалықтардың сүйікті десерті болып есептеледі. Торттың бұл түрі өткен ғасырдың 70-80 жылдары өте танымал болды. Өйткені дәл осы уақытта салауатты өмір салтын ұстанып, қанттан бас тарту сәнге айналған еді.

АҚШ пен Ұлыбританияда сәбіз тортын азық-түлік дүкенінен сатып алуға болады. Америкалықтардың бұл десертке деген сүйіспеншілігі соншалық, олар бұл тағамға бөлек бір күн бөліп қойған.

3 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1815 жылы Швейцарияда қатты ірімшік дайындау бойынша әлемдегі алғашқы фабриканың негізі қаланды;

1894 жылы АҚШ-та болаттан жасалған алғашқы шағын желкенді кеме суға жіберілді;

1929 жылы Венада украин ұлтшылдарының бірінші конгресі аяқталды, оның қорытындысы бойынша украин ұлтшылдарының ұйымы құрылды;

1968 жылы Пол Маккартни басқа "Битлдардың" қатысуынсыз "Lady Madonna" әнін жазды.

3 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1990 жылы Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті құрылды және оны екі жылдан кейінХалықаралық Олимпиада комитеті мойындады;

1992 жылы Алматы қаласында АҚШ елшілігі ашылды;

2005 жылы — Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланысты кеңейту мақсатында Алматыда Қазақстан-Америка талдау және болжау институты жұмысын бастады;  

2010 жылы Қазақстан президенті "Ядролық қауіпсіздік туралы конвенцияны ратификациялау туралы", "Ядролық апат туралы жедел хабарлау жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы", "Ядролық апат жағдайындағы немесе радиациялық апат жағдайындағы көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы", "Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияны ратификациялау туралы" заңдарға қол қойды.

3 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1809 жылы неміс композиторы, музыкадағы романтизм өкілдерінің бірі Феликс Мендельсон дүниеге келді;

1820 жылы әлемдегі бірінші әйел дәрігер Элизабет Блеквелл дүниеге келді;

1976 жылы австралиялық актриса Айла Фишер дүниеге келді;

1982 жылы украин әншісі, актриса, "ВИА Гра" тобының бұрынғы мүшесі Вера Брежнева дүниеге келді.

3 ақпанда Қазақстанда кім туды

1928 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Кененбай Қожабеков дүниеге келді;

1954 жылы эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева дүниеге келді;

1961 жылы композитор, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайына қарасты Ғазиза және Ахмет Жұбановтардың шығармашылығын зерттеу орталығының басшысы Әліби Мамбетов дүниеге келді.

1980 жылы Қазақстан президентінің кіші қызы, Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастының президиум төрағасы Әлия Назарбаева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Бұл күн интуицияны жақсартуға ықпал етеді, өз қабілетіңізді күшейту үшін медитация жасай аласыз. Шешуін таппаған мәселелерді қайта қарап шықсаңыз, міндетті түрде ең оңтайлы жолын табасыз. Барлық мәселені реттеу үшін мейлінше қолайлы уақыт.

Жаңалықтар
0