4 ақпан - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 ақпан

263
Григориан күнтізбесі бойынша 35-ші күн, жыл соңына дейін 330 күн бар

4 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

4 ақпанда қандай елеулі оқиға болды

Жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл мереке 2005 жылы бекітілді. Бұл күннің басты мақсаты - жаһандық мәселеге бүкіл әлемдік қауымдастықтың назарын аудару, окологиялық аурулардың қатерін тағы бір еске салып, бұл дерттің өте жылдам таралып жатқанын жеткізу. Рак қазіргі уақытта дүниежүзіндегі өлім-жітімнің ең жиі себептерінің бірі болып отыр..

АҚШ-та бүгін Ұлттық үй сорпасы күні (National Homemade Soup Day) аталып өтеді. Өкінішке қарай, бұл мейрамды кімнің және қашан бекіткені белгісіз. Сорпаның тарихы тереңде, бірақ қазіргі ұғымдағы сорпа (фр. soupe) шамамен бес ғасыр бұрын пайда болды.

4 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1978 жылы Джуниус Ричард Джаявардене Шри-Ланки президенті болды;

1980 жылы Абольхасан Банисадр Иранның алғашқы президенті болды;

2003 жылы Сербия мен Черногорияның конституциясы қабылданды;

2004 жылы Facebook іске қосылды.

4 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1930 жылы Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі құрылды;

1992 жылы Қазақстан мен Бангладеш Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттама қабылданды.

1993 жылы Қазақстан мен Мальта арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;

2011 жылы Парижде Қазақстан қатерлі ісікке қарсы күрес хартиясына қосылды.

4 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1494 жылы Ренессанс дәуірінің француз жазушысы, гуманист Франсуа Рабле дүниеге келді;

1881 жылы ресейлік революционер, мемлекеттік және партиялық қайраткер, Кеңес одағының тұңғыш маршалдарының бірі Климент Ворошилов дүниеге келді;

1873 жылы орыс жазушысы Михаил Пришвин дүниеге келді;

1940 жылы америкалық кинорежиссер, сценарист, актер Ромео Джордж дүниеге келді.

4 ақпанда Қазақстанда кім туды

1909 жылы ақын, драматург, әдебиеттанушы, профессор, қоғам қайраткері,  Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбділда Тәжібаев дүниеге келді;

1929 жылы химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Болат Жұбанов дүниеге келді;

1943 жылы кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанымбек Қасымбеков дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Бұл күнді отбасымен өткізген дұрыс. Сондай-ақ кітап оқып, біліміңді жетілдіру үшін қолайлы уақыт.

263
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, атаулы күндер, күнтізбе
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (291)
Загрузка...