9 ақпан - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 ақпан

32
(Жаңартылды 14:18 10.02.2019)
Бұл Григориан күнтізбесінде 40-шы күн. Жыл соңына дейін 325 күн бар.

9 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         9 ақпанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін пицца жақсы көретіндер сүйікті асына құрмет көрсетеді. Біз білетін пицца алғаш рет 1830 жылдары Неаполда әзірленген. Десе де кейбір ас шеберлері бұл тағамның тарихы тым әріден басталғанын айтады. Қалай десек те, бүгінде пиццаны бүкіл әлем халқы сүйіп жейтіні рас. Рецепт бойынша нағыз пиццаның қамыры жұқа болады, ал үстіне ерекше сұрыпты қызанақ пен моцарелла салынады. Ал дәмдеуіш ретінде зәйтүн майы, базилик, сарымсақ пен киікотын қосуға рұқсат етіледі.

Десек те, бүгінде пиццаны әр аспаз өз қалауынша пісіреді, ал оның түрлерін санап шығу мүмкін емес. Жақында италиялықтар ЮНЕСКО-ға пиццаны бүкіләлемдік құндылықтар тізіміне қосу өтінішімен жүгінген еді.  

Сондай-ақ, бүгін Халықаралық стамотолог күні аталып өтеді. Бүгінде әлемнің көптеген елінде бұл датаны мерекелеу дәстүрге айналған. Стамотология медицинаның көне салаларының бірі саналса да, стамотолог күні – салыстырмалы түрде ең жас кәсіби мереке.

Халықаралық стамотолог күнін мерекелеу датасы кездейсоқ таңдалған жоқ. Тіс дәрігерлерінің мерекесі Александрияда III ғасырда өмір сүрген Әулие Аполлонияны еске алу құрметіне бекітілген. Христиандықтан күштеп бас тартқызбақ болып, азаптаса да, Аполлония қайсарлық танытады. Содан кейін Аполлония есімі естілсе не оған сыйынса, тіс ауруы қоя салады деген аңыз тараған.

         9 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1885 жылы Мәскеуде алғашқы тегін кітапхана – Иван Сергеевич Тургенев атындағы оқу залы ашылды;

1900 жылы америкалық теннисші Дуайт Дэвис "Дэвис Кубогын" шығарды;

2010 жылы Еуропарламент Еуропа комисссиясының жаңа құрамын бекітті;

2016 жылы Абхазияда түсік жасатуға тыйым салынды.

         9 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1925 жылы Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді;

1935 жылы Қазақ АССР Орталық Атқару комитетінің төралқасы республиканың негізгі ұлтының атауын орыс тілінде "казахи", ал республика атауын "Казахстан" деп жазу туралы қаулы шығарды.

1985 жылы Қазақстанның жазушылар одағы Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықты бекітті;

2002 жылы Үндістанның Дели қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы атындағы көше ашылды.

         9 ақпанда әлемде туған танымал тұлғалар

1887 жылы Қызыл армияның аты аңызға айналған дивизия басшысы, Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Азаматтық соғысқа қатысқан Василий Чапаев дүниеге келді;

1925 жылы кеңестік және ресейлік саясаттанушы, тарихшы-американист, тележүргізуші, журналист Валентин Зорин өмірге келді;

1973 жылы кеңестік және беларусьтік спорт гимнасты Светлана Богинская туды. Үш дүркін олимпиада чемпионы (1988, 1992), бес мәрте әлем чемпионы, Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1988);

1981 жылы британиялық кино, телевидение және театр әртісі Том Хиддлстон дүниеге келді (фильмдері: "Мстители", "Багровый пик" және "Тор: Рагнарек").

         9 ақпанда Қазақстанда кімдер туды

1931 жылы ақиық ақын, аудармашы, драматург Мұқағали Мақатаев өмірге келді;

1953 жылы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев туды;

1958 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғалым Жайлыбай дүниеге келді.

         Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Бүгін таңдау жасайтын күн, болашағыңыз сіз қабылдайтын шешімге байланысты. Өз рационыңызды мұқият қадағалаңыз. 

32
Кілт сөздер:
ай күнтізбесі, атаулы күндер, тарихи оқиғалар, мереке, танымал есімдер, Мұқағали Мақатаев
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (261)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 ақпан
Загрузка...