11 ақпан - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 ақпан

51
Григориан күнтізбесі бойынша 42-ші күн, жыл соңына дейін 323 күн бар

11 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз. 

11 ақпанда қандай елеулі оқиға болды

Жыл сайын 11 ақпанда 2016 жылдан бастап БҰҰ шешімімен ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні аталып өтеді. Әйелдер әлі күнге дейін бұл  салада қиындықтарға тап болып келеді. 14 мемлекетте жүргізілген зерттеу ғылымдағы ер адамдар мен әйелдердің арасындағы теңгерімсіздікті көрсетті. Сондықтанда ғылым саласында гендерлік теңдікті қамтамасыз етіп, қыздардың ғылыми жетістіктеріне бала кезінен қолдау көрсету қажет. 

Бүгін АҚШ-та Ұлттық өнертапқыштар күні аталып өтеді. Бұл мерекені 1983 жылы АҚШ президенті Рональд Рейган бекітті. Бұл дата атақты өнертапқыш Томас Эдисонның туған күніне орай таңдалынып алынған. Эдисон АҚШ-та 1000-нан астам және басқа елдерде 3 мыңға жуық патент алды. Ол электр шамының коммерциялық түрін, фонограф ойлап тапты, телефон мен телеграфты жетілдірді. Басқа елдерде де АҚШ-тағы Ұлттық өнертапқыштар күні секілді мереке бар. Әр елде бұл мейрам өз тарихына байланысты әртүрлі күні тойланады. 

Сондай-ақ бүгін Дүниежүзілік науқастар күні. Алғаш рет мереке 1993 жылы атап өтілді. Бұл күн Рим папасы Иоанн Павел Екіншінің бастамасымен пайда болды. 

11 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1826 жылы Лондонның университеттік колледжі Лондон университеті болып құрылды. Ол Лондонның алғашқы университеті болды;

1929 жылы Ватикан мемлекеті құрылды;

1922 жылы Фредерик Бантинг инсулинді ашты;

1938 жылы алғашқы ғылыми-фантастикалық BBC Television телебағдарламасы көрермендерге жол тартты;

2011 жылы революция аясында Мысырда ел президенті Хосни Мүбәрәк отставкаға кетті;

2016 жылы  гравитациялық толқындардың тәжірибе жүзінде ашылғаны жарияланды. 

11 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992  жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды;

1994 жылы Қазақстан президентінің "Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі кеңес құру туралы" жарлығы шықты;

2009 жылы "СҚ-Фармация" компаниясы құрылды;

2010 жылы Ұлыбритания астанасы Лондонда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері қауымдастығының бөлімшесі ашылды;

2012 жылы Атырау облысында газ-химиялық кешенннің құрылысы басталды.

11 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1847 жылы америкалық өнертапқыш және кәсіпкер Томас Эдисон дүниеге келді;

1969 жылы америкалық актриса Дженнифер Энистон өмірге келді; 

1978 жылы ресейлік комедия актері және тележүргізуші, Comedy club мүшесі Тимур Батрутдинов дүниеге келді. 

11 ақпанда Қазақстанда кім туды

1920 жылы соғыс және еңбек ардагері, Кеңес Одағының Батыры Лесбек Жолдасов дүниеге келді;

1924 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері, милиция генерал-майоры, Ұлы Отан соғысы ардагері Бәрімбек Бейсенов дүниеге келді;

1945 жылы ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, қырық жылға жуық уақыт қазақ радиосының дикторы болған Сауық Жақанова дүниеге келді;

1961 жылы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы орталық комитетінің хатшысы, депутат Жамбыл Ахметбеков дүниеге келді;

1963 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы дүниеге келді.

1964 жылы "Яндекс" компаниясының негізін қалаушы және алғашқы бас директоры Аркадий Волож дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Бүгін жақындарыңыз барлық бастамаңызға қолдау көрсетеді. Романтикалық кездесулер мен таныстық үшін қолайлы күн. Бүгін өзіңіздің сүйіктіңізді жолықтыруыңыз әбден мүмкін. 

51
Кілт сөздер:
танымал есімдер, мереке, атаулы күндер, күнтізбе, Арыстанбек Мұхамедиұлы
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (326)
Загрузка...