14 ақпан - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 ақпан

32
Бұл – Григориан күнтізбесінде 45-ші күн. Жыл соңына дейін 320 күн бар

14 ақпанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

14 ақпанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:   

Әлемнің көптеген елінде 14 ақпанда 16 ғасырдан астам уақыт бойы Қасиетті Валентин күнін немесе Барлық ғашықтар күні мерекесін атап өтеді.

269 ​​жылы Рим императоры Клавдий II тыйым салынғанына қарамастан Римдегі ғашықтардың некесін қиған епископ Валентин Тернийскийді өлім жазасына кесуді бұйырды. Шын мәнінде, бұл діни бүлікші болған және ғашықтардың жебеушісі болып қала бермек. 14 ақпанда жұрт осы мерекені атап өте отырып, тек махаббат туралы айтады. Сондай-ақ, бұл күні жастар сүйіктісіне "валентинка" сыйлап, ғашықтық сезімін білдіріп жатады.   

Бұл оқиға дәстүрлі ұлттық ерекшелігіне қарай әр елде әртүрлі аталып өтеді. Жапонияда көшеде өз махаббаты жайлы қатты айқайлап, "гири чоко" деп аталатын дәмді шоколад сыйлау дәстүрі бар.

Францияда 14 ақпан дәстүрі бойынша неке жүзігі сыйға тартылады. Ғашықтар Қасиетті Валентин күні үйлену тойын өткізуге тырысады, өйткені олар мұндай одақ мығым, бақытты және ұзақ болады дегенге шынайы сенеді.

Сонымен қатар, бүгін Халықаралық кітап сыйлау күні аталып өтеді. Мұндай мерекені құруға қарапайым адамдардың бірі, АҚШ-тағы балалар кітабы сайтының негізін қалаушы Эмми Бродмур бастамашы болды. Эмми Бродмур – үш баланың анасы.  

Эмми бастапқыда таныс блогерлеріне, әлеуметтік желі қолданушыларына, әріптестері мен сайттағы серіктестеріне үндеу жасап, жыл сайын 14 ақпанда Кітап сыйлау күнін өткізуді 2012 жылы ұсынды. Бастаманы әлемдегі миллиондаған адам қолдап,    осы мерекені Халықаралық күн ретінде қалыптастыруға ықпал етті.

 Бүгін сондай-ақ бейресми мереке – компьютерші күні, алайда оны   бүкіл әлемде кәсіби мереке ретінде атап өтеді. Бұл мерекенің датасы 1946 жылы болған әйгілі оқиғамен байланысты, 14 ақпан күні бүкіл ғылыми әлемге ENIAC I – алғашқы электронды компьютер таныстырылды.

Алғашқы компьютерді әзірлеу жұмысына Америка әскері демеушілік жасады, өйткені бұл есептеуіш машина әскери есептеулерді, жоспарлауды және бағдарламалауды жүзеге асыру үшін қажет болды.

Ресейде Дүниежүзілік компьютерші күнінен бөлек, ресми кәсіби мереке – Бағдарламашы күні бар.

14 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1706 жылы Мәскеуде дәрілік өсімдіктерді өсіру үшін фармацевтикалық бақша ашылды;

1918 жылы Ресей Юлианнан Григориан күнтізбесіне көшті;

1933 жылы Парижде әлемде алғаш рет нақты уақытты айтатын телефон қызметі іске қосылды;

1946 жылы АҚШ-та алғашқы электронды компьютер – ENIAC жұмыс істей бастады;

2012 жылы Францияның Везуль қаласында Азияның 18-ші Халықаралық кинофестивалі өтті.

14 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:  

1992 жылы Мемлекеттік ономастика комиссиясының шешімімен Гурьев облысы мен Гурьев қаласының атауы Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгерді;

1992 жылы Венада Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойылды;

1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікке (МАГАТЭ) кірді;

2000 жылы Қазақстанда алғаш рет қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік жарық көрді.

14 ақпанда дүниеге келген танымал тұлғалар:   

1859 жылы америкалық инженер, айналаны шолу доңғалағын жасаушы Джордж Феррис дүниеге келді;

1928 жылы кеңес және Ресей физик-ғалымы, ағартушы, тележүргізуші," В мире науки" журналының бас редакторы, жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті Сергей Капица дүниеге келді. 1973 жылдан бастап танымал "Очевидное – невероятное" ғылыми телевизиялық бағдарламасын жүргізді. Нобель сыйлығының лауреаты Петр Леонидович Капицаның ұлы;

1947 жылы Ресей қоғам қайраткері, модель және актриса Татьяна Михалкова дүниеге келген. Никита Михалковтың жұбайы;

1982 жылы Ресей әншісі, ақын және композитор Ирина Дубцова  дүниеге келді.

14 ақпанда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1923 жылы жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Асғадулла Хамидуллин дүниеге келді;

1957 жылы жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлы дүниеге келді;

1943 жылы ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Тимур Сүлейменов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Өте жақсы және үйлесімді күн. Титтей болса да құрдымға кетіретін іс-әрекеттерді жасауға болмайды. Маңызды шешімдер қабылдамаған жөн, олар әлі де "пісіп жетілуі" керек. "Жалқаудың күнін" өткізуге тыйым салынбайды, себебі артық күш жұмсау қажет емес.

32
Кілт сөздер:
қызықты деректер, атақты адамдар, танымал есімдер, тарихи оқиғалар
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 ақпан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 ақпан
Загрузка...