Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 ақпан

© Sputnik / Владислав Воднев18 ақпан - күнтізбе
18 ақпан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 49-шы күн. Жыл соңына дейін 316 күн бар.

18 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         18 ақпанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Америка тұрғындары Ұлттық шарап ішу күнін атап өтіп жатыр. Шарап осыдан 6000 жыл бұрын Месопотамия, Палестина, Израиль немесе Грузия аумағында пайда болды. О баста табиғи ашытқы жүзім салынған контейнерге кездейсоқ түсіп кетіп, жүзім қанты алкогольге айналды. Жүзім өсіріп, шарап жасаумен ежелгі мысырлықтар айналысқан. Уақыт өте шараптың үлкен рөл атқарғаны соншалық, о дүниеде "ішеді" деп қайтыс болғандарды шарап құйылған бөтелкемен бірге жерлейтін болған. Гректер шарап жасау ісін бүкіл Жерорта теңізіне таратса, ал римдіктер оны үлкен бизнеске айналдырды. Жаңа дүниенің испан зерттеушілері шарап жасау ісін Америкаға әкелсе, басқа еуропалықтар Австралия, Жаңа зеландия мен Оңтүстік Африкаға таратқан.

Жыл сайын 18 ақпанда Ресейде көлік полициясы күні мерекеленеді. Бұл мейрам ресми мәртебеге ие емес. Бұл қызметтің құрылу тарихы Ресейде темір жол құрылысының басталуымен тығыз байланысты. 18 ақпанның таңдалу себебі – 1919 жылы дәл осы күні БОАК "Темір жолдарды күзету бойынша ведомствоаралық комиссия ұйымдастыру туралы" декретті бекітті. Бұл құжат көлік полициясын құру жолындағы алғашқы қадам еді.

Сондай-ақ, бүгін – сөзсіз ұғыну күні. Кейде көп сөзден гөрі үнсіз бір көзқарастың өзі көп сыр ұқтырып жатады. Сондықтан бүгін бір шоқ гүлмен, терезеге салынған суретпен, смс-хабарламадағы "смайликпен" ойыңызды сөзсіз-ақ жеткізуге болады.   

              18 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1918 жылы Мәскеуде Киев вокзалы ашылды;

1930 жылы Күн жүйесінің тоғызыншы планетасы – Плутон ашылды;

1978 жылы Ironman триатлоннан алғашқы жарыс өтті;

1979 жылы Сахара шөліне алғаш рет қар түсті.

         18 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстанда "Бөбек" қоры құрылды;

1992 жылы Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан арасында мемлекетаралық су ресурстарын бірлесе басқару және пайдалану жөнінде келісімге қол қойылды;

1993 жылы Шымкенттің орталық көшелерінің біріне ғалым-этнограф, фольклоршы Әбубәкір Диваевтың есімі берілді;

2009 жылы Астанада тозған көлік дөңгелектерін іске жарату зауытының бірінші кезегі іске қосылды;

2015 жылы Бүкіләлемдік Универсиада туы Алматы дирекциясына тапсырылды.

         18 ақпанда әлемде туған танымал тұлғалар

1932 жылы чех және америкалық кинрежиссер, сценарийші Милош Форман дүниеге келді. Үздік режиссерлік жұмысы үшін екі мәрте "Оскар" сыйлығын иеленген. "Пролетая над гнездом кукушки", "Амадей", "Вальмон" картиналарының қоюшысы;

1934 жылы кеңестік цирк әртісі және киноактер Мухтарбек Кантемиров өмірге келді. Ат театрын құрушы және каскадер ретінде танымал. "Не бойся, я с тобой!" фильмінде басты рөлді сомдағаннан кейін танымалдығы артты.

1954 жылы америкалық киноактер, "Алтын глобус" және "Эмми" сылықтарының лауреаты Джон Траволта туды (фильмдері: "Бриолин", "Криминальное чтиво");

1973 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Ирина Лобачева дүниеге келді. Илья Авербухпен жұп болып, 2002 жылы Олимпиада ойындарында күміс медаль иеленген. Әлем және Еуропа чемпионы. Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері.

         18 ақпанда Қазақстанда кімдер туды

1929 жылы филология ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Әнуар Дербісалин өмірге келді;

1946 жылы жазушы, аудармашы Мұқадес Есламғалиұлы дүниеге келді;

1946 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының докторы Анатолий Құлназаров туды;

1956 жылы Қазақстанның құрметті журналисі, Ресей аудармашылар одағының мүшесі Серікқали Байменше дүниеге келді.

         Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бастаған істі кейінге қалдыруға болмайды. Алдыңызда тұрған барлық проблема мен міндеттерді көпке созбай, шешкеніңіз абзал. Бүгін белсенді әрекет етіп, әдеттегіден екі есе көп іс тындыруға болады.

Жаңалықтар
0